Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня субсидируемых рабочих мест, требований к лицам, трудоустраиваемым на субсидируемые рабочие места, размеров и сроков субсидирования их заработной платы

Қаулы · № 476 · қабылданған 15.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183009/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении перечня субсидируемых рабочих мест, требований к лицам, трудоустраиваемым на субсидируемые рабочие места, размеров и сроков субсидирования их заработной платы Қолданыста Қаулы ·№ 476 ·15.06.2023
31.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня субсидируемых рабочих мест, требований к лицам, трудоустраиваемым на субсидируемые рабочие места, размеров и сроков субсидирования их заработной платы

Қолданыста Қаулы ·№ 476 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня субсидируемых рабочих мест, требований к лицам, трудоустраиваемым на субсидируемые рабочие места, размеров и сроков субсидирования их заработной платы
Атауы (қаз.)
Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
476
Қабылданған күні
15.06.2023
Көрсетілген редакция
31.01.2024 183009_684314.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000476
ЭКБ идентификаторы
183009
Редакция идентификаторы
183009_684314
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:21

0 Субсидияланатын жұмыс орындарының,

субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 111-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 20 жылғы « » _
№ қаулысымен
бекітілген
Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесі
Р/с

Субсидияланатын жұмыс орындарының атауы
Сипаттамасы
Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптар
Субсидияның бір айдағы мөлшері
(экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескергенде)
Жалақыны субсидиялау мерзімі
1
2
3
4
5
6
1
Қоғамдық жұмыстар
Мансап орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек қызметінің түрлері
1) жасы: 16 жастан бастап Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін;
2) мына әлеуметтік мәртебелердің бірінің болуы:
- жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар;
- оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;
- өндірістің тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар
кемінде 24 айлық есептік көрсеткіш
12 айдан аспайды
2
Әлеуметтік жұмыс орындары
Жұмыс беруші мансап орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн құратын олардың жалақысы субсидияланатын арқылы құратын жұмыс орындары
1) жасы: 16 жастан бастап Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін;
2) жұмыссыз ретінде тіркелу
жұмыссыздар үшін – жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ы, бірақ 24 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
үкіметтік емес ұйымдар құрған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдар үшін – жалақының белгіленген мөлшерінің 70 %-ы, бірақ 24 айлық есептік көрсеткіштен аспайды
12 айдан аспайды
3
Жастар практикасы
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі
1) жасы: 35 жастан аспауға тиіс;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша оқу бітіргеннен кейін 5 (бес) жыл ішінде;
3) меңгерген кәсіп (мамандық) бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы;
4) жұмыссыз ретінде тіркелу
30 айлық есептік көрсеткіш
12 айдан аспайды
4
«Алғашқы жұмыс орны» жобасының шеңберіндегі жұмыс орындары
Алғаш жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орнын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған жоба
1) жасы: 35 жастан аспауға тиіс;
2) жұмыс тәжірибесінің болмауы;
3) жұмыссыз ретінде тіркелу
30 айлық есептік көрсеткіш
18 айдан аспайды
5
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасының шеңберіндегі жұмыс орындары
Оқу орындарының жұмыссыз түлектерін өздері алған кәсібі (мамандығы) бойынша немесе ұлттық кәсіптер сыныптауышында қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша жұмысқа орналастырып, кейіннен бағытталған Әлеуметтік кодекстің
207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, жұмыс істеп жүрген жұмыскерді алмастыруға
жоба
1) жасы: 35 жастан аспауға тиіс;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша оқу бітіргеннен 3 (үш) жыл ішінде;
4) жұмыссыз ретінде тіркелу
30 айлық есептік көрсеткіш
6 айдан аспайды
6
«Күміс жас» жобасының шеңберіндегі жұмыс орындары
50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған жоба
1) жасы: 50 жастан бастап Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін;
2) жұмыссыз ретінде тіркелу
жұмыстың бірінші жылы
(1-ші айдан бастап 12-ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінің
70%-ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды,
жұмыстың екінші жылы
(13-ші айдан бастап
24-ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінен
65%-ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды,
жұмыстың үшінші жылы
(25-ші айдан бастап
36-ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінен
60%-ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды
36 айдан аспайды
____________________________

Қолданыстағы