Қолданыстағы ред. 15.01.2004 (Редакция 18302_295928.kaz)

Жер қатынастары жөніндегі комиссия құру туралы от 15.01.2004 г. № 3 (Жер қатынастары жөніндегі комиссия құру туралы)

0

Жер қатынастары жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №N 442 II Жер Кодексінің 43 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 10 тармақшасына сәйкес Түлкібас аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық жер қатынастары жөніндегі комиссия құрылсын.

2

2. Аудандық жер қатынастары жөніндегі комиссия құрамы және комиссия туралы ереже 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Мірқадыровқа тапсырылсын.
КЕЛІСЕМІН:
Абдуалиев Қайрат Амангелдыұлы
Аудандық жер ресурстарын
басқару жөніндегі комитетінің
төрағасы «15» қаңтар 2004 ж.
Жүрсінбаев Балтабек Қайранбекұлы
Аудандық мәслихаттың тексеру
комиссиясының төрағасы
«15» қаңтар 2004 ж.

4. Жер қатынастары жөніндегі комиссия құрамы

Түлкібас ауданы әкімиятының
15 қаңтар 2004 жылғы N 3
"Жер қатынастары жөніндегі комиссия
құру туралы" қаулысына N№1 қосымша
Жер қатынастары жөніндегі комиссия құрамы
Мірқадыров Міриляс Мірқадырұлы аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы
Абдуалиев Қайрат Амангелдыұлы аудандық жер ресурстарын басқару
жөніндегі комитетінің төрағасы,
комиссия төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
Жүрсінбаев Балтабек Қайранбекұлы аудандық мәслихат депутаты
Аудандық мәслихаттың тексеру
комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша)
Төлепбергенов Әділбек Әуелбекұлы аудандық құрылыс және сәулет
бөлімнің бастығы
Жанесенов Марат Сүгірәліұлы аудандық ауылшаруашылығы
бөлімінің бастығы

5. Жер қатынастары жөніндегі комиссия туралы ереже

Түлкібас ауданы әкімиятының
15 қаңтар 2004 жылғы N 3
"Жер қатынастары жөніндегі комиссия
құру туралы" қаулысына N№2 қосымша
Жер қатынастары жөніндегі комиссия туралы ереже

1

1. Жер қатынастары жөніндегі комиссия Түлкібас аудандық әкімиятының қаулысымен құрылады.

2

2. Комиссия жұмысының құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Жер Кодексі және басқа да жер қатынастарына байланысты Заңдары мен осы ереже болып табылады.

3

3. Комиссия аудандық өкілді органның депутаттарынан, жер ресурстарын басқару, сәулет және құрылыс жөніндегі атқарушы органдардың өкілдерінен және жергілікті өзін-өзі басқару органдардың өкілдері арасынан жергілікті атқарушы органның қарауы бойынша комиссия құрамына енгізілетін басқа да адамдардан тұрады.

4

4. Комиссия жер мәселесі бойынша азаматтардың және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарап, жер учаскелерін жеке меншік және (немесе) пайдалану құқығын беру немесе жер учаскесін беруден бас тарту жөніндегі қорытынды береді.

5

5. Жер учаскесіне құқық табыстау туралы өтініш түскен кезден бастап үш ай мерзім ішінде қаралып, аудан әкімиятының бекітуіне ұсынылады.

6

6. Комиссия қорытындысына комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды.