Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил расчета поправочных коэффициентов к коэффициентам по территории регистрации транспортного средства для расчета страховой премии по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств

Қаулы · № 46 · қабылданған 07.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183038/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил расчета поправочных коэффициентов к коэффициентам по территории регистрации транспортного средства для расчета страховой премии по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств Қолданыста Қаулы ·№ 46 ·07.06.2023
07.06.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил расчета поправочных коэффициентов к коэффициентам по территории регистрации транспортного средства для расчета страховой премии по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств

Қолданыста Қаулы ·№ 46 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил расчета поправочных коэффициентов к коэффициентам по территории регистрации транспортного средства для расчета страховой премии по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств
Атауы (қаз.)
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
46
Қабылданған күні
07.06.2023
Көрсетілген редакция
07.06.2023 183038_641050.kaz
Соңғы өзгеріс
07.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032827
ЭКБ идентификаторы
183038
Редакция идентификаторы
183038_641050
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:30

0 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43-бабының 18-1) тармақшасына, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 3-1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

0 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 46
Бекітілген
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 43-бабының 18-1) тармақшасына, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңы) 19-бабының 3-1-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу тәртібін айқындайды.

2 2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) нақты шығындылық – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы бойынша көлік құралын тіркеу аумағы бойынша шығындылықтың іс жүзіндегі көрсеткішін сипаттайтын коэффициент (бұдан әрі – көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру);

2 2) ағымдағы жылдың коэффициенті – көлік құралын тіркеудің әрбір аумағы бойынша есептелетін, ағымдағы жыл үшін түзету коэффициентінің түзетілуін көрсететін коэффициент;

3 3) түзету коэффициенті – көлік құралы иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу үшін көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициентке қолдану үшін көлік құралын тіркеудің әрбір аумағы бойынша есептелетін коэффициент.

2 2-тарау. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу тәртібі

3

3. Түзету коэффициенттерін есептеуді дерекқорын құру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ұйым) Қағидалардың 6-тармағына сәйкес есептелген нақты шығындылық туралы мәліметтердің негізінде жыл сайын, есепті жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қағидаларға сәйкес көлік құралы тіркелген әрбір аумақ бойынша жеке-жеке жүргізеді және әр жылдың қазан айының бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Түзету коэффициенттері туралы мәліметтер» әкімшілік деректерінің нысаны бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) беріледі.

4 4. Түзету коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

Түзету коэффициенті
Өткен жылғы түзету коэффициенті
=
(1+ Ағымдағы жылдың коэффициенті) *
Өткен жылғы түзету коэффициенті ретінде Қағидалардың 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган өткен жылға бекіткен түзету коэффициентінің мөлшері қабылданады.
2023 жылғы түзету коэффициенті 1 (бірлік) мәнін қабылдайды.

5 5. Ағымдағы жылдың коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

Ағымдағы жылдың коэффициенті
Нақты шығындылық -
Таргеттелетін шығындылық
Анықтық факторы
=
------------------------------------------------- *
Таргеттелетін шығындылық
Ағымдағы жылдың коэффициентін есептеу кезінде Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 19-бабының 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін және әрбір жылдың қыркүйек айының оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей оның ресми интернет-ресурсында жарияланатын таргеттелетін шығындылық пен анықтық факторының мөлшерлері пайдаланылады.

6 6. Нақты шығындылық мына формула бойынша есептеледі:

Нақты шығындылық
Сақтандыру төлемдері
=
--------------------------------------- *
100%
Сақтандыру сыйлықақылары
Нақты шығындылық есепті жылдың алдындағы қатарынан 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру шарттары бойынша көлік құралын тіркеудің әрбір аумағы бойынша ай сайын жеке есептеледі және оны ұйым есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Нақты шығындылық туралы мәліметтер» әкімшілік деректерінің нысаны бойынша» уәкілетті органға береді.
Нақты шығындылықты есептеу үшін пайдаланылатын сақтандыру сыйлықақылары сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстарды ескере отырып, есепті жылдың алдындағы қатарынан 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.
Сақтандыру төлемдері есепті жылдың алдындағы қатарынан 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру шарттарына қатысты болады.

7

7. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 19-бабының 3-1-тармағына сәйкес әрбір жылдың қараша айының оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен және оның ресми интернет-ресурсында жарияланған түзету коэффициенттерінің мөлшерлерін сақтандырушылар Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 19-бабына сәйкес көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициентті түзету үшін қолданады.

8

8. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 19-бабының 3-1-тармағына сәйкес сақтандырушы ұлғайтқан немесе азайтқан түзету коэффициенттерінің мөлшерлерін сақтандырушының директорлар кеңесі (сақтандырушы Қазақстан Республикасының-бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы болып табылатын жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы) бекітеді және бекітілген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұйымға беріледі.
Түзету коэффициенттерінің мәнін түзетуді сақтандырушылар жылына бір рет жүзеге асырады.

9 9. Ұйым сақтандырушыдан Қағидалардың 8-тармағына сәйкес түзету коэффициенттерінің мөлшерін ұлғайту немесе азайту туралы ақпарат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорда сақтандырушының түзету коэффициенттерінің мәндерін өзгертеді.

Сақтандырушы ұйымға түзету коэффициенттерінің ұлғаюы немесе мөлшерінің азаюы туралы ақпаратты ұсынбаған кезде ұйым ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 19-бабының 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен түзету коэффициенттерін пайдаланады.

1 Көлік құралдары иелерінің

азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
міндетті сақтандыру
бойынша сақтандыру сыйлықақысын
есептеу үшін көлік құралы тіркелген
аумақ бойынша коэффициенттерге
түзету коэффициенттерін есептеу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және
қадағалау жөніндегі уәкілетті органға
Әкімшілік деректердің нысаны: www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік деректер нысанының атауы: Түзету коэффициенттері туралы мәліметтер
Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық
көрінісі): 1 – CB_Y
Мерзімділігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20__жылғы «___» ________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу
жөніндегі ұйым
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, қазанның бесінші жұмыс
күнінен кешіктірмей
Нысан

Кө­лік құ­ра­лын тір­кеу ау­ма­ғы
Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­гі­ші бой­ын­ша (ӘА­ОЖ) кө­лік құ­ра­лын тір­кеу ау­ма­ғы­ның ко­ды
Нақ­ты шы­ғын­ды­лық
Тар­гет­те­ле­тін шы­ғын­ды­лық
Анық­тық фак­то­ры
Ағым­да­ғы жыл­дың ко­эф­фи­ци­ен­ті, ((3)-(4))/(4)*(5)
Өт­кен жы­л­ғы тү­зе­ту ко­эф­фи­ци­ен­ті
Тү­зе­ту ко­эф­фи­ци­ен­ті
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Ал­ма­ты об­лы­сы
2
Түр­кі­стан об­лы­сы
3
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
4
Қо­ста­най об­лы­сы
5
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
6
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
7
Ақ­мо­ла об­лы­сы
8
Пав­ло­дар об­лы­сы
9
Жам­был об­лы­сы
10
Ақ­тө­бе об­лы­сы
11
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
12
Қы­зы­лор­да об­лы­сы
13
Аты­рау об­лы­сы
14
Маң­ғы­стау об­лы­сы
15
Абай об­лы­сы
16
Ұлы­тау об­лы­сы
17
Же­ті­су об­лы­сы
18
Ал­ма­ты
19
Аста­на
20
Шым­кент
Ата­уы ____________________
Ме­кен­жайы ______________________
Те­ле­фон ___________________________________________________________
Элек­трон­дық по­шта­ның ме­кен­жайы ____________________________________________
Орындаушы______________________________________________ _______
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон)
Бірінші басшы немесе нысанға қол қоюға уәкілетті адам
_____________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Нысанға қол қою күні 20 ____ жылғы «______» _______________
Түзету коэффициенттері туралы
мәліметтерге қосымша

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме «Түзету коэффициенттері туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысанды дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым жыл сайын құрады.

3 3. Нысанға орындаушы және бірінші басшы не оған қол қоюға уәкілетті адам қол қояды.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

4 4. Түзету коэффициенттері туралы мәліметтердегі сандардың мәндері үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

5 5. 3-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктегіші (ӘАОЖ) бойынша көлік құралдарын тіркеу аумағының коды көрсетіледі.

6 6. 4-бағанда Қағидаларға сәйкес есептелген көлік құралдарын тіркеу аумағы бойынша нақты шығындылық көрсетіледі.

7 7. 5-бағанда Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген таргеттелетін залалдылықтың мөлшері көрсетіледі.

8 8. 6-бағанда Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген анықтық факторының мөлшері көрсетіледі.

9 9. 7-бағанда Қағидалардың 5-тармағына сәйкес есептелген, ағымдағы жылғы коэффициенттің мөлшері көрсетіледі.

10 10. 8-бағанда Қағидалардың 4-тармағына сәйкес өткен жылғы түзету коэффициентінің мөлшері көрсетіледі.

11 11. 9-бағанда Қағидалардың 4-тармағына сәйкес есептелген түзету коэффициентінің мөлшері көрсетіледі.

2 Көлік құралдары иелерінің

азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
міндетті сақтандыру
бойынша сақтандыру сыйлықақысын
есептеу үшін көлік құралы тіркелген
аумақ бойынша коэффициенттерге
түзету коэффициенттерін есептеу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және
қадағалау жөніндегі уәкілетті органға
Әкімшілік деректердің нысаны: www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік деректер нысанының атауы: Түзету коэффициенттері туралы мәліметтер
Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық
көрінісі): 2 – CB_M
Мерзімділігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20__жылғы «___» ________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу
жөніндегі ұйым
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, қазанның бесінші жұмыс
күнінен кешіктірмей
Нысан

Көлік құралын тіркеу аумағы
Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктегіші бойынша (ӘАОЖ) көлік құралын тіркеу аумағының коды
Сақтандыру сыйлықақысы
Сақтандыру төлемдері
Нақты шығындылық
1
2
3
4
5
6
1
Алматы облысы
2
Түркістан облысы
3
Шығыс Қазақстан облысы
4
Қостанай облысы
5
Қарағанды облысы
6
Солтүстік Қазақстан облысы
7
Ақмола облысы
8
Павлодар облысы
9
Жамбыл облысы
10
Ақтөбе облысы
11
Батыс Қазақстан облысы
12
Қызылорда облысы
13
Атырау облысы
14
Маңғыстау облысы
15
Абай облысы
16
Ұлытау облысы
17
Жетісу облысы
18
Алматы
19
Астана
20
Шымкент
Атауы ______________________
Мекенжайы ______________________
Телефон ___________________________________________________________
Электрондық поштаның мекенжайы ____________________________________________
Орындаушы ______________________________________________ _______
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон)
Бірінші басшы немесе нысанға қол қоюға уәкілетті адам
_____________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Нысанға қол қою күні 20 ____ жылғы «______» _______________
Нақты шығындылық туралы
мәліметтерге қосымша

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме «Нақты шығындылық туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысанды ай сайын дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым құрады.

3 3. Нысанға орындаушы және бірінші басшы не оған қол қоюға уәкілетті адам қол қояды.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

4

4. Нақты шығындылық туралы мәліметтердің 4 және 5-бағандарындағы мәндер мың теңгемен көрсетіледі, 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан да жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді. 6-бағанындағы сандардың мәні үтірден кейін екі белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

5 5. 3-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктегіші (ӘАОЖ) бойынша көлік құралдарын тіркеу аумағының коды көрсетіледі.

6 6. 4-бағанда Қағидалардың 6-тармағына сәйкес сақтандыру сыйлықақыларының мәндері көрсетіледі.

7 7. 5-бағанда Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген сақтандыру төлемдерінің мәндері көрсетіледі.

8 8. 6-бағанда Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген нақты шығындылық мәні көрсетіледі.

Қолданыстағы