Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Казалинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Казалинского района
- Атауы (қаз.)
- Қазалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 07.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.08.2024 183123_713907.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23LD842511
- ЭКБ идентификаторы
- 183123
- Редакция идентификаторы
- 183123_713907
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:30
0 Қазалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қазалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2 2. Қазалы ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1 1) «Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 04 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6152 болып тіркелген);
2
2) «Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 04 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6893 болып тіркелген).
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Қазалы ауданы әкімдігінің
2023 жылғы «07» маусымдағы
№ 92 қаулысымен бекітілген
Қазалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Орналасу орны
Алатын алаңы (шаршы метр)
Қызмет
саласы
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
Сауда объектісінің стационарлық емес орналасу орнынан қашықтығы
Стационарлық емес сауда объектісінің түрі
1
2
3
4
5
6
7
8
1.
Қазалы қаласы, Қорқыт ата көшесі, Қазалы қаласы әкімі аппаратының «Қалалық мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ғимаратының ауласы
400
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
3
«Самғат» дүкені
400 метр
автодүкен, шатыр (павильон)
2.
Әйтеке би кенті, Қарасақал Ерімбет көшесі, «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жатақханасының арты
140
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Намыс-Құрылыс»
құрылыс заттар дүкені
30 метр
автодүкен
3.
Әйтеке би кенті, Сәбит Мұқанов және Қайрат Халықов көшелерінің қиылысы
150
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Тоғай» шағын маркет
50 метр
шатыр (павильон)
4.
Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Біржан сал көшелерінің қиылысы «Қазпошта» акционерлік қоғамы ғимаратының сол жағы
60
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«1001 ұсақ» дүкені
100 метр
автодүкен
5.
Әйтеке би кенті, Тұрар Рысқұлов және Талант Бөріқұлақов көшелерінің қиылысы
150
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Жұлдызай» дүкені
700 метр
автодүкен
6.
Әйтеке би кенті, Әйтеке би және Ахмет Байтұрсынов көшелерінің қиылысы
50
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Ясина» дүкені, «Мирас» сауда үйі
10 метр,
30 метр
автодүкен, шатыр (павильон)
7.
Аранды ауылдық округі, Қожабақы ауылы, Темірбай Емешұлы көшесі, «Қожабақы ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынға қарама-қарсы
200
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Адина» дүкені
30 метр
автодүкен, шатыр (павильон)
8.
Алға ауылдық округі, Үрмаш Түктібаев ауылы, Жаңа жол және Байжігіт Әбдіразақов көшелерінің қиылысы
200
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
3
«Тұмар» кафесі, «Катюша», «Лунара» дүкендері
30 метр,
500 метр,
500 метр
автодүкен, шатыр (павильон)
9.
Ғани Мұратбаев ауылдық округі, Ғани Мұратбаев ауылы, Ғани Мұратбаев көшесі, Орталық саябақтың оң жағы
200
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Раян» дүкені
10 метр
шатыр (павильон)
10.
Бозкөл ауылдық округі, Бозкөл ауылы, Қожали Өтепбергенов көшесі, «Бозкөл ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның оң жағы
200
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Мұхтар», «Алмас», «Уалихан» дүкендері
100 метр
150 метр
300 метр
автодүкен, шатыр (павильон)
11.
Сарыкөл ауылдық округі, Абай ауылы, Абай Құнанбаев және Зейнолла Шыраев көшелерінің қиылысы
100
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
3
«Нұртілек» азық-түлік дүкені
150 метр
автодүкен, шатыр (павильон)
12.
Басықара ауылдық округі, Басықара ауылы, Үрмаш Түктібаев көшесі, Балалар ойын-сауық алаңының сол жағы
200
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Азамат» дүкені
20 метр
автодүкен
13.
Шәкен ауылдық округі, Шәкен ауылы, Шәкен көшесі, «Шәкен ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынға қарама-қарсы
200
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Мейрімжан» дүкені
100 метр
автодүкен, шатыр (павильон)
14.
Сарбұлақ ауылдық округі, Сарбұлақ ауылы, Сарбұлақ көшесі, «Жастар» саябағына қарама-қарсы
200
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Айткүл», «Алмаш» азық-түлік дүкендері
400 метр,
600 метр
автодүкен, шатыр (павильон)
15.
Көларық ауылдық округі, Ақтан батыр ауылы, Әйтеке би көшесі, «Дана» азық-түлік дүкенінің сол жағы
200
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
3
«Дана» азық-түлік дүкені
5 метр
шатыр (павильон)
16.
Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы, Тәуелсіздік көшесі бойында орналасқан Орталық саябақтың сол жағы
200
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Дастан» азық-түлік дүкені
30 метр
автодүкен, шатыр (павильон)
17.
Арықбалық ауылдық округі, Жанқожа батыр ауылы, Әйтеке би және Достық көшелерінің қиылысы
130
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Алсен» дүкені
600 метр
автодүкен, шатыр (павильон)
18.
Майдакөл ауылдық округі, Бекарыстан би ауылы, Ереш Тілеубаев көшесі № 18 үйдің сол жағы
100
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Айдана», «Қасиет», «Анашым»
азық-түлік дүкендері
500 метр,
500 метр,
700 метр
автодүкен
19.
Құмжиек ауылдық округі, Қашақбай Пірімов ауылы, Төлеген Ізтілеу көшесі, Спорт кешенінің оң жағы
200
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Айбек», «Матай» дүкендері
15 метр,
30 метр
автодүкен, шатыр (павильон)
20.
Қарашеңгел ауылдық округі, Жалаңтөс батыр ауылы, Жалаңтөс батыр көшесі, Орталық алаңның сол жағы
400
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Өрік» дүкені
20 метр
автодүкен, шатыр (павильон)
21.
Қызылқұм ауылдық округі, Кәукей ауылы, Кәукей көшесі, Орталық саябақтың оң жағы
200
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Нұржан» дүкені
30 метр
автодүкен, шатыр (павильон)
22.
Майлыбас ауылдық округі, Ақсуат ауылы, Айтжан Өмірзақов көшесінің бойында орналасқан «Ақсуат ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның оң жағы
200
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Гүлнұр» дүкені
300 метр
автодүкен
23.
Ақжона ауылдық округі, Майдакөл ауылы, Махамбетжан Жеткербаев көшесі, № 43 үйге қарама-қарсы
400
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Айару» дүкені
10 метр
автодүкен, шатыр (павильон)
24.
Өркендеу ауылдық округі, Жанкент ауылы, Әбділда Тобаев көшесі, «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің № 5 «Аққоян» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның оң жағы
200
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Сақтапберген» дүкені
200 метр
автодүкен, шатыр (павильон)
25.
Тасарық ауылдық округі, Тасарық ауылы, Әнес Сұлтамұратов көшесі, «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің № 238 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы
180
Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар
5
«Дильшат» азық-түлік дүкені
35 метр
автодүкен, шатыр (павильон)