Об утверждении профессионального стандарта «Гражданская оборона» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Азаматтық қорғаныс» кәсіптік стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 117-бабы 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Азаматтық қорғаныс» кәсіптік стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Басқа 1. Азаматтық қорғаныс» кәсіптік стандарты
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2023 жылғы 21 маусымдағы № 333 Бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғаныс» кәсіптік стандарты
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Азаматтық қорғаныс» кәсіптік стандарты (бұдан әрі – КС) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымының қызметкерлері мен түлектерін сертификаттауға және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттердің шешімдеріне арналған.
Тармақ 2
2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
Тармақша 2
2) еңбек қызметінің түрі – сабақтарды кәсіби стандарт (кәсіптерді/лауазымдарды) біріктіретін технологиялық процестің бөлінген аяқталған кезеңі;
Тармақша 3
3) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты әрекеттер жиынтығы;
Тармақша 4
4) кәсіби міндет (міндет) – бірлі жарым әрекеттерді орындау үшін функцияны декомпозициялауға мүмкіндік беретін еңбек функциясының элементі;
Тармақша 5
5) мамандық – арнайы дайындық нәтижесінде алынған және білім туралы тиісті құжаттармен расталған белгілі бір білімді, дағдыларды және практикалық дағдыларды қажет ететін адамның еңбек қызметінің негізгі кәсібі;
Тармақша 7
7) білім – оқыту және жеке тәжірибе арқылы ақпаратты игеру нәтижесіне бағалау жүргізілетін оқыту немесе жұмыс саласына, біліктілік компонентіне қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы;
Тармақша 8
8) іскерліктер – іс-әрекетті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді қолдану және құзыреттілік көрсету қабілеті (логикалық, интуитивті, шығармашылық және практикалық ойлауды қолдану).
Тармақша 9
9) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби және еңбек қызметінде білімін, іскерлігін және тәжірибесін қолдану қабілеті;
Тармақша 10
10) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға әзірлік дәрежесі, оның білімі, іскерлігі мен дағдылары;
Тармақша 11
11) біліктілік деңгейі – күрделілік, стандартты емес еңбек әрекеттері, жауапкершілік және дербестік параметрлері бойынша сараланған қызметкердің дайындығы мен құзыреттілігі деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы. Біліктілік деңгейі ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері дескрипторларының деңгейі мен мазмұнына сәйкес келеді;
Тармақша 12
12) бакалавриат – тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;
Тармақша 13
13) магистратура – жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оның білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған;
Тармақша 14
14) білім беру ұйымдары – техникалық және кәсіптік, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары, сондай-ақ жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтарының білім беру ұйымдары;
Тармақша 15
15) азаматтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнінде бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі;
Тармақша 16
16) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары қоры – азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде қорғау үшін арнайы жабдықталған және соған арналған инженерлік құрылыстар жиынтығы;
Тармақша 17
17) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы – халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен қорғау үшін арнайы жабдықталған және соған арналған инженерлік құрылыс;
Тармақша 18
18) азаматтық қорғау күштері – азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері, азаматтық қорғау құралымдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы, жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтері;
Тармақша 19
19) басқару пункттері – азаматтық қорғаудың басқару органдарын орналастыруға және олардың жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдармен, тіршілікті қамтамасыз ету элементтерімен арнайы жабдықталған және жарақталған, мемлекеттік органдардың құрылыстары немесе көлік құралдары;
Тармақша 20
20) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдар – зақымдаушы (қирату) факторлары адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді зақымдауға, объектілерді бүлдіруге немесе қиратуға, қайталама зақымдау факторларының пайда болуына есептелген, жаппай жою қаруын және қарапайым зақымдаушы құралдарды, оның ішінде зымырандық, авиациялық және атыс қаруын қамтитын құрылғылар мен құралдар;
Тармақша 21
21) эвакуациялық іс-шаралар – бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың жұмыскерлерін бөліп орналастыру, қалалар мен төтенше жағдай аймақтарынан халықты және материалдық құралдарды эвакуациялау.
Тарау 2. 2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты
2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты
Тармақ 3
3. Кәсіби стандарттың атауы: «Азаматтық қорғаныс».
Тармақ 4
4. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты: кәсіби қызметтің мазмұны мен сапасына бірыңғай талаптарды біріздендіру, белгілеу және қолдау, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын айқындау. Азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарға қажетті дағдыларды, дағдыларды және білімді сипаттау.
Тармақ 5
5. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі маманның кәсіби құзыреті саласында, азаматтық қорғаныс саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес болуы және сәйкес келуі тиіс білім мен дағдылар бөлігінде талаптарды белгілейді.
Тармақ 6
6. Кәсіптік топ: «Қорғаныс қызметі».
Тармақ 7
7. КС кадрларды бағалау, аттестаттау, сертификаттау және біліктілікті растау, даярлау және қайта даярлау үшін негіз ретінде қолданылады және пайдаланушылар:
Тармақша 1
1) қызметкерлер – саладағы мамандыққа қойылатын талаптарды түсіну, өзінің біліктілігін арттыруды және мансаптық жоғарылатуды жоспарлау үшін;
Тармақша 2
2) жұмыс берушілер – жұмыскерлерге қолданылатын талаптарды, нұсқаулықтарды, міндеттерді әзірлеу, персоналды жалдау және аттестаттау кезінде өлшемшарттарды қалыптастыру, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыру, дамыту, ілгерілету және ротациялау бағдарламаларын жасау үшін;
Тармақша 3
3) сертификаттау және біліктілік беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (органдар) – персоналды сертификаттау кезінде бағалау материалдарын әзірлеу және сәйкестік деңгейі бойынша қызметкерлердің біліктілік өлшемшарттарын әзірлеу үшін;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдар – КС-ны еңбек нарығын мониторингтеу және болжау үшін өлшемшарттар ретінде пайдалану үшін кең ауқымда пайдалануға арналған.
Тарау 3. 3-тарау. Мамандықтар карточкасы
3-тарау. Мамандықтар карточкасы
Тармақ 8
8. Кәсіптерінің тізбесі: азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі маман, салалық біліктілік шеңберіндегі 6 және 7 деңгейлер. Мамандықтар карточкасы осы кәсіптік стандартқа қосымшаларда келтіріледі.
Басқа 1.1
«Азаматтық қорғаныс» кәсіптік стандартына қосымша «АЗА­МАТ­ТЫҚ ҚОР­ҒА­НЫ­СТЫ ҰЙ­ЫМ­ДА­СТЫ­РУ ЖӘНЕ ЖҮР­ГІ­ЗУ ЖӨ­НІН­ДЕ­ГІ МА­МА­НЫ» МА­МАНДЫ­ҒЫ­НЫҢ КАР­ТОЧ­КА­СЫ Ма­ман­дық ко­ды Топ ко­ды 2149-3 Ма­ман­дық­тар ата­уы Аза­мат­тық қор­ға­ны­сты ұй­ым­да­сты­ру және жүр­гі­зу жө­нін­де­гі ма­ман Са­ла­лық бі­лік­ті­лік шең­бе­рі бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі (бұ­дан әрі – СБШ) 6-7 Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру дең­гейі Жо­ға­ры, ба­ка­лаври­ат, ма­ги­стра­ту­ра. Ең­бек функ­ци­я­ла­ры 1. Тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­мен жұ­мыс, аза­мат­тық қор­ға­ныс, ең­бек­ті қор­ғау са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің та­лап­та­рын бі­лу. 2. Аза­мат­тық қор­ға­ныс іс-ша­ра­ла­рын ұй­ым­да­сты­ру және жүр­гі­зу. 3. Аза­мат­тық қор­ға­ныс мүл­кін са­тып алу, сақ­тау, есеп­ке алу, есеп­тен шы­ға­ру және кә­де­ге жа­ра­ту. Ең­бек функ­ци­я­сы 1 Тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­мен жұ­мыс, Аза­мат­тық қор­ға­ныс, ең­бек­ті қор­ғау са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің та­лап­та­рын бі­лу Іс­кер­лік­тер мен дағ­ды­лар: 1. Аза­мат­тық қор­ға­ныс және тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің та­лап­та­рын мең­ге­ру. 2. Аза­мат­тық қор­ғау, ең­бек­ті қор­ғау са­ла­сын­да­ғы та­лап­тар­ды, нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді және са­ни­та­ри­я­лық нор­ма­лар­ды сақ­тау. 3. Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де ава­ри­я­лық-құт­қа­ру және ке­зек күт­тір­мей­тін жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­рын сақ­тау. 4. Же­ке және ұжым­дық қор­ға­ныс құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну тә­сіл­де­рі. Бі­лім: 1. Аза­мат­тық қор­ғау және ең­бек­ті қор­ғау са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді бі­лу та­лап­та­ры. 2. Жұ­мыстар­ды қа­уіп­сіз орын­дау әді­сте­рі мен тә­сіл­де­рі. 3. Са­ни­та­ри­я­лық нор­ма­лар мен қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы та­лап­та­рын сақ­тау қа­ғи­да­ла­ры. 4. Же­ке және ұжым­дық қор­ға­ныс құ­рал­да­рын қол­да­ну­дың жік­те­луі мен ере­же­ле­рі. Ең­бек функ­ци­я­сы 2 Аза­мат­тық қор­ға­ныс іс-ша­ра­ла­рын ұй­ым­да­сты­ру және жүр­гі­зу Іс­кер­лік­тер мен дағ­ды­лар: 1. Аза­мат­тық қор­ға­ныс жос­пар­ла­рын әзір­ле­у­ге қа­ты­су. 2. Бас­қа­ру, құ­лақ­тан­ды­ру және бай­ла­ныс жүй­е­ле­рін да­мы­ту жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дау және олар­ды пай­да­ла­ну­ға дай­ын ұстау. 3. Аза­мат­тық қор­ғау кү­ш­те­рін дай­ын­дық­та ұстау. 4. Аза­мат­тық қор­ғауды бас­қа­ру ор­ган­да­рын дай­ын­да­у­ға және қа­зір­гі за­ман­ғы за­қым­дау құ­рал­да­рын қол­да­ну жағ­дай­ла­рын­да ха­лық­ты қор­ғау тә­сіл­де­рі мен іс-қи­мыл­да­ры­на үй­ре­ту­ге уақ­ты­лы жол­дау. 5. Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың қор­ға­ныш құ­ры­лы­ста­рын тү­ген­деу, олар­ды жұ­мыс іс­те­у­ге дай­ын­дық­та ұстау. 6. Эва­ку­а­ци­я­лық іс-ша­ра­лар­ды жос­пар­ла­у­ға қа­ты­су. 7. Са­ла­лар мен ұй­ым­дар­дың тұ­рақ­ты жұ­мыс іс­те­уі жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды жос­пар­ла­у­ға және орын­да­у­ға қа­ты­су. 8. За­қым­да­ну­дың қа­зір­гі за­ман­ғы құ­рал­да­ры­ның қа­те­рі мен қол­да­ны­луы ту­ра­лы ха­бар­дар ету, ха­лық­ты іс-қи­мыл тәр­ті­бі ту­ра­лы ха­бар­дар ету. 9. Ха­лық­ты Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың қор­ға­ныш құ­ры­лы­ста­рын­да па­на­лау, қа­жет болған жағ­дай­да-же­ке қор­ға­ну құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну. 10. Аза­мат­тық қор­ғаудың қо­сым­ша бас­қа­ру, құ­лақ­тан­ды­ру және бай­ла­ныс пункт­те­рін құ­ру. 11. Құ­зы­ре­ті ше­гін­де ақ­па­рат­тық-тал­дау жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­ді жү­зе­ге асы­ру. 12. Аза­мат­тық қор­ғауды бей­біт уа­қыт­тан со­ғыс уа­қы­ты­на ауы­сты­ру бой­ын­ша құ­жат­тар­ды (ма­те­ри­ал­дар­ды) дай­ын­дау және ко­ман­да­лық-шта­б­тық оқу-жат­тығ­у­лар­ға қа­ты­су. 13. Аза­мат­тық қор­ға­су кү­ш­те­рі­нің же­ке құ­рам­мен жа­сақ­та­луы, мақ­са­ты­на сәй­кес мін­дет­тер­ді орын­дау үшін қа­жет­ті мү­лік­тің негіз­гі түр­ле­рі­мен, ас­пап­тар­мен және тех­ни­ка­мен жа­рақ­тан­ды­ры­луы, әзір­лік­ке кел­ті­ру жос­пар­ла­ры­ның бо­луы бой­ын­ша тү­зе­ту. 14. Әр­түр­лі си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де құт­қа­ру және бас­қа да шұ­ғыл жұ­мыстар­ды орын­дау үшін қа­жет­ті аза­мат­тық қор­ғау кү­ш­те­рі мен құ­рал­да­рын тар­ту жө­нін­де ше­шім­дер қа­был­дау үшін ұсы­ны­стар дай­ын­дау, олар­ды неғұр­лым ти­ім­ді және пәр­мен­ді пай­да­ла­ну жө­нін­де ұсы­ны­стар ен­гі­зу. 15. Қа­ла­лар­ды аза­мат­тық қор­ға­ныс жө­нін­де­гі топ­тар­ға, ұй­ым­дар­ды аза­мат­тық қор­ға­ныс бой­ын­ша са­нат­тар­ға жат­қы­зу жө­нін­де ше­шім дай­ын­дау. 16. Қа­уіп­сіз ре­а­гент­тер мен қон­дыр­ғы­лар­ға кө­ші­ру жө­нін­де­гі ұй­ым­дар­мен өза­ра іс-қи­мыл жа­сау. 17. Ра­ди­а­ци­я­лық, хи­ми­я­лық және био­ло­ги­я­лық қор­ғау жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар ке­ше­нін ұй­ым­да­сты­ру. 18. Ал­ғаш­қы кө­мек көр­се­ту. Бі­лім: 1. «Аза­мат­тық қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы. 2. «Аза­мат­тық қор­ға­ныс объ­ек­ті­ле­рін құ­ру және пай­да­ла­ну қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2014 жы­л­ғы 19 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1357 Қа­улы­сы. 3. «Аза­мат­тық қор­ғаудың мем­ле­кет­тік жүй­е­сін ұй­ым­да­сты­ру және оның қыз­ме­ті қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 24 ақ­пан­да­ғы № 149 бұй­ры­ғы (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11097 бо­лып тір­кел­ді). 4. «Аза­мат­тық қор­ға­ныс іс-ша­ра­ла­рын ұй­ым­да­сты­ру және жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 6 на­уры­зда­ғы № 190 бұй­ры­ғы (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 10716 бо­лып тір­кел­ді). 5. «Аза­мат­тық қор­ға­ныс жос­пар­ла­ры­ның құ­ры­лы­мын және тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды жою жө­нін­де­гі іс-қи­мыл жос­пар­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 29 ма­мыр­да­ғы № 258 бұй­ры­ғы (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 9554 бо­лып тір­кел­ді). 6. «Бей­біт және со­ғыс уа­қы­тын­да тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де аза­мат­тық қор­ғау мен ха­лық­ты, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды ха­бар­дар ету жүй­е­сін ұй­ым­да­сты­ру қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 26 жел­тоқ­сан­да­ғы № 945 бұй­ры­ғы (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 10151 бо­лып тір­кел­ді). 7. «Ха­лық­ты және аза­мат­тық қор­ғау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру, бі­лім­ді на­си­хат­тау, оқы­ту қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2020 жы­л­ғы 2 шіл­де­де­гі № 494 бұй­ры­ғы (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 20990 бо­лып тір­кел­ді). 8. «Аза­мат­тық қор­ғау ор­ган­да­ры мен кү­ш­те­рі­нің бас­шы­ла­рын, ма­ман­да­рын да­яр­ла­удың, ха­лық­ты тө­тен­ше жағ­дай­лар мен әс­ке­ри қақ­тығ­ы­стар туын­да­ған кез­де неме­се осы қақ­тығ­ы­стар сал­да­ры­нан қор­ғау тә­сіл­де­рі мен іс-қи­мыл­дар­ға оқы­ту­дың оқу бағ­дар­ла­ма­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 20 ма­мыр­да­ғы № 235 бұй­ры­ғы (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 9509 бо­лып тір­кел­ді). 9. «Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық іс-ша­ра­ла­ры­ның кө­ле­мі мен маз­мұ­нын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 24 қа­зан­да­ғы № 732 бұй­ры­ғы (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 9922 бо­лып тір­кел­ді). 10. «Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың қор­ға­ныс құ­ры­лы­ста­рын есеп­ке қою және есеп­тен шы­ға­ру қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 30 ма­мыр­да­ғы № 265 бұй­ры­ғы (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 9506 бо­лып тір­кел­ді). Ең­бек функ­ци­я­сы 3 Аза­мат­тық қор­ға­ныс мүл­кін са­тып алу, сақ­тау, есеп­ке алу, есеп­тен шы­ға­ру және кә­де­ге жа­ра­ту Іс­кер­лік­тер мен дағ­ды­лар: 1. Құ­лақ­тан­ды­ру және бай­ла­ныс жүй­е­ле­рі­нің уақ­ты­лы жа­рақ­тан­ды­ры­луын ба­қы­лау және олар­ды пай­да­ла­ну­ға дай­ын ұстау. 2. Аза­мат­тық қор­ға­ныс мүл­кін құ­ру, жи­нақ­тау және уақ­ты­лы жа­ңар­ту жө­нін­де­гі жұ­мысты ұй­ым­да­сты­ру. 3. Бұ­зы­л­ған бас­қа­ру, құ­лақ­тан­ды­ру және бай­ла­ныс жүй­е­ле­рін қал­пы­на кел­ті­ру бой­ын­ша уақ­ты­лы жұ­мыстар жүр­гі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру. 4. Та­лап­тар­ға сәй­кес аза­мат­тық қор­ғау сы­нып­та­рын жа­рақ­тан­ды­ру жө­нін­де ұсы­ныс дай­ын­дау. 5. «Жас құт­қа­ру­шы» клуб­та­рын (үй­ір­ме­ле­рін) жа­рақ­тан­ды­ру жө­нін­де ұсы­ныс дай­ын­дау. 6. Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық іс-ша­ра­ла­рын ұй­ым­да­сты­ру. 7. Аза­мат­тық қор­ғауды қа­лып­та­сты­ру­ды уақ­ты­лы жа­рақ­тан­ды­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру. 8. Қор­ға­ныс құ­ры­лы­ста­рын жа­рақ­тан­ды­ру бой­ын­ша мо­ни­то­ринг және уақ­ты­лы ұсы­ны­стар. Бі­лім: 1. «Аза­мат­тық қор­ғау құ­ра­лым­да­рын құ­ру, кү­тіп-ұстау, ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету, да­яр­лау және тар­ту ағи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 23 сәу­ір­де­гі № 387 бұй­ры­ғы (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11243 бо­лып тір­кел­ді). 2. «Аза­мат­тық қор­ға­ныс мүл­кін са­тып алу, құ­ру және пай­да­ла­ну қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 8 мау­сым­да­ғы № 510 бұй­ры­ғы (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11587 бо­лып тір­кел­ді). 3. «Аза­мат­тық қор­ғау құ­рал­да­ры­на қа­жет­ті­лік­ті ай­қын­дау жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­ты бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 29 ма­мыр­да­ғы № 260 бұй­ры­ғы (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 9552 бо­лып тір­кел­ді). 4. «Аза­мат­тық қор­ға­ныс мүл­кін сақ­тау, есеп­ке алу, есеп­тен шы­ға­ру және кә­де­ге жа­ра­ту қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2016 жы­л­ғы 10 мау­сым­да­ғы № 611 бұй­ры­ғы (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 13905 бо­лып тір­кел­ді). 5. «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі­нің аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі мен ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­ле­ріне жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың жәр­дем көр­се­туі үшін ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­ды ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жа­рақ­тан­ды­ру, са­лу, ре­кон­струк­ци­я­лау және жөн­деу тіз­бе­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 27 мау­сым­да­ғы № 567 бұй­ры­ғы (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11808 бо­лып тір­кел­ді). Же­ке құ­зы­рет­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық қа­бі­лет­тер; ана­ли­ти­ка­лық қа­бі­лет­тер; өзін-өзі ба­қы­лау, өзін-өзі ұй­ым­да­сты­ру; ком­му­ни­ка­тив­тік және орын­да­у­шы­лық қа­бі­лет­те­рі; стрес­ске тө­зім­ді­лік; ко­ман­да­да жұ­мыс іс­теу; өза­ра кө­мек; тәр­тіп; нәти­же­ге бағ­дар­ла­ну; бел­гі­лі бір бі­лім са­ла­сы­на қа­ты­сты тех­но­ло­ги­я­лық неме­се әді­сте­ме­лік си­патта­ғы мә­се­ле­лер­ді ше­ше бі­лу, ше­шу­дің әр­түр­лі тә­сіл­де­рін таң­дау және таң­дау. СБШ шең­бе­рін­де бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ны­сы СБШ дең­гейі Аза­мат­тық қор­ға­ныс, жұ­мыл­ды­ру жұ­мысы және өрт қа­уіп­сіз­дік ин­же­не­рі; Аза­мат­тық қор­ға­ныс ма­ма­ны. Кә­сі­би стан­дарт­ты тех­ни­ка­лық де­ректер Нұс­қа нө­мі­рі және шы­ға­ры­л­ған жы­лы 1 Ңұс­қа, 2023 жыл Қай­та қа­рау ша­ма­сы­ның кү­ні 2026 жыл