Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұйрық · № 237 · қабылданған 20.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183177/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 237 ·20.06.2023
20.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 237 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
237
Қабылданған күні
20.06.2023
Көрсетілген редакция
20.06.2023 183177_638449.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032869
ЭКБ идентификаторы
183177
Редакция идентификаторы
183177_638449
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:18

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 20 маусымдағы
№ 237 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жайылымдарды ұтымды пайдалану тәртібін айқындайды.»;
2-тармақта:
1), 7), 8) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Жерді қашықтықтан зондтау – ғарыш және әуе кеңістігінен құрлық, мұхит және атмосфера элементтерінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуін бақылау және өлшеу арқылы Жер беті туралы ақпарат алу процесі;»;
2-1, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Жайылымдардың ұтымды пайдаланылуын анықтау үшін «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18997 болып тіркелген) сәйкес белгіленген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын мониторингтеу деректері пайдаланылады.
3. Жайылымдарды ұтымды пайдалану мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) жайылымдарды жайылым айналымдары мен су пайдалану көздерін ескере отырып пайдалану;
2) «Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің шекті жол берілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын (бұдан әрі – Жүктеме нормасы) қамтамасыз ету;
3) жайылымдарды күнтізбелік графикті ескере отырып пайдалану;
4) жайылымдардың шаруашылық айналымынан шығып қалуын болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау, жерге арамшөп пен ағаш-бұта өсімдіктерінің өсіп кетуіне, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен қоқыстануына жол бермеу.
4. Жайылымдарды пайдалану кезінде жайылымды пайдаланушы жүктеме нормасынан аспайтын мөлшерде ауыл шаруашылығы жануарларының болуын дербес қамтамасыз етеді.
5. Жүктеме нормасын қамтамасыз ету мақсатында жайылым пайдаланушының пайдалануындағы ауыл шаруашылығы жануарларының басы, жайылымдардың оты-суының молдығы туралы деректер пайдаланылады.
Жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алынған мәліметтер бойынша Жерді қашықтықтан зондтауды жүргізу сәтіндегі деректер қабылданады.».

2

2. «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18997 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3

3. «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 1), 6), 11), 12), 15) және 16) тармақшалары алып тасталсын;
4-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды айқындау үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерінде мынадай құжаттардың болуы қажет:
1) «Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20030 болып тіркелген) бекітілген «Егін себу қорытындылары туралы есеп» (индексі 4-аш, кезеңділігі жылына бір рет), «Ауыл шаруашылығы дақылдары түсімін жинау туралы» (индексі 29-аш, кезеңділігі жылына бір рет), «Мал шаруашылығының жай-күйі туралы есеп» (индексі 24-аш, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандар бойынша статистикалық деректер;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыспалы егіс жоспары (жерді өсімдік шаруашылығы үшін пайдалану кезінде);
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жайылым айналымы жоспары (жайылымдарды пайдалану кезінде);
4) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасы.».
6-тармақ алып тасталсын.
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ауыл шаруашылығы өндірушісі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланған кезде ортақ пайдалану үшін шығарылатын ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде бекітілетін ауыспалы егіс жоспарына сәйкес ауыспалы егістерді сақтайды.
Жайылымдарды пайдаланған кезде ауыл шаруашылығы өндірушісі Жүктеме нормасының кемінде жиырма пайызынан кем емес және одан аспайтын мөлшерде ауыл шаруашылығы жануарларының болуын қамтамасыз етеді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ауыл шаруашылығы өндірушісі мал шаруашылығы мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланғанда жайылымдық алқаптардың орналасқан жері бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының:
1) Жүктеме нормасының кемінде 20 пайызы;
2) Жүктеме нормасынан аспайтын мөлшерде болуын қамтамасыз етеді.».
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

1 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
өзгерістер мен толықтыру енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 3 шілдедегі
№ 252 бұйрығымен
бекітілген
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін (бұдан әрі – жерлерді пайдалану мониторингі) ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган – ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2 2) Жерді қашықтықтан зондтау – ғарыш және әуе кеңістігінен құрлық, мұхит және атмосфера элементтерінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуін бақылау және өлшеу арқылы Жер беті туралы ақпарат алу процесі;

3 3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

4

4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

5 5) жергілікті өзін-өзі басқару органдары – «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;

6

6) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) – жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшелер;

7

7) қоғамдық кеңестер – «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері өз құзыретіндегі мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құратын консультативтік-кеңесші, байқау органдары;

8 8) уақытша жер пайдаланушылар (бұдан әрі – жер пайдаланушылар) – жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар.

3 3. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына:

1 1) егістікте – ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге арналған жер учаскесін өңдеу бойынша жұмыстардың жүргізілмеуі;

2 2) шабындықтарда – жер учаскесінде шөп шабудың жүргізілмеуі, оны арамшөптердің, бұталардың, шіліктердің басып кетуі және шөп бітіктігі жұтаңдануының өзге де белгілерінің болуы;

3

3) жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың санының «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының (бұдан әрі – Жүктеме нормасы) жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) азық дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;

4 4) көпжылдық екпелерде - есептен шығарылған көпжылдық екпелерді күту, түсімді жинау және тегістеу бойынша жұмыстардың жүргізілмеуі жатады.

4

4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану жағдайларына (шабындық жерлерді, көп жылдық екпелер мен өндірістік емес учаскелерді: жолдарды, орман екпелерін, өзендерді, көлдерді қоспағанда) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары) 4 және 7-тармақтарында белгіленген талаптарды сақтамау және жер пайдаланушының жаюға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының саны Жүктеме нормасынан асып түсетін мөлшерде болуы жатады.
Жерлерді ұтымды пайдалану бөлігіндегі мониторинг Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

5 5. Жерлерді пайдалану мониторингі Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде жүзеге асырылады.

Жерді қашықтықтан зондтау деректерінің қызметтерін жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алу және ақпараттандыру туралы заңнамаларда белгіленген тәртіппен сатып алады.
Бұл ретте, Жерді қашықтықтан зондтаудың өзекті деректерімен қамтамасыз етуді көрсетілетін қызметті жеткізуші жүзеге асырады.

6 6. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жерлердің пайдаланылуына және ұтымсыз пайдаланылуына мониторинг жүргізу кезінде алынған нәтижелерді мынадай деректерді пайдалана отырып талдайды:

Жерді қашықтықтан зондтау;
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жыл сайынғы жер балансы;
жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының басы туралы мәлімет алуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасы.
Жер пайдаланушыға тиесілі жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің жол берілетін нормасын айқындау үшін мониторинг жүргізу сәтінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының басы туралы мәліметтер пайдаланылады.
Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің, жерлер балансының және жерлерді нақты пайдалану деректерімен Жерді қашықтықтан зондтау деректері арасында сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияға деректерді нақтылау туралы сұраным жолдайды.

7

7. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер мониторингінің нәтижелері бойынша тиісті күнтізбелік жылдың 30 тамызына дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жер учаскелері туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) қалыптастырады және ақпаратты қалыптастырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы оны аумақтық бөлімшеге жібереді.

3 3-тарау Ақпараттық технологияларды қолданбай жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

8

8. Жерлерді пайдалану мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттары негізінде, қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы мониторингке жататын жер учаскелері туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау және тиісті ұсынымдар мен қорытындыларды әзірлеу жолымен жүзеге асырады.
Шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы жасалған шарт нәтижелері бойынша жерлерді пайдалануа, оның ішінде жеңімпаздың жерлерді пайдалану бойынша қабылдаған міндеттемелерінің орындауына:

1 1) жалға алудың алғашқы бес жылында жыл сайын;

2 2) келесі кезеңдерде: суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарында – әр үш жыл сайын, суарылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарында әр бес жыл сайын мониторинг жүргізіледі.

Жердің пайдаланылуына мониторинг жүргізу кезінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган:

1 1) тұрақты негізде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін есепке алуды жүргізеді;

2 2) жыл сайын келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін жер мониторингін жүргізу процесіне қатысу үшін қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің тізімін қалыптастырады;

3

3) жыл сайын тиісті күнтізбелік жылдың 20 қаңтарына дейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізбені қалыптастыру сәтінде бір жыл ішінде жалдау мерзімі аяқталатын жер учаскелерін қоспағанда, жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және күнтізбелік жылы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады және бекітеді;

4

4) жыл сайын тиісті күнтізбелік жылдың 1 ақпанына дейін бекітілген Тізбенің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етеді және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына танысу үшін жолдайды.

9 9. Мониторингті жүзеге асыру үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган тиісті күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде Тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша:

1 1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органға;

2

2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер пайдаланушының көп жылдық шөптер егістерін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және егу жөніндегі жұмыстарды жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасына;

3 3) Тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша жүргізілген тексерулер мен профилактикалық бақылау туралы мәліметтер алу үшін аумақтық бөлімшеге;

4 4) жер учаскелерін жалға алушылардың жерлерді пайдалану бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауы туралы ақпаратты тиісті растаушы құжаттарымен қоса алу үшін оларға сұранымдар жібереді.

Қажет болған жағдайда, қажетті ақпаратты нақтылау және (немесе) белгілеу және оларды осындай жер учаскелері бойынша мәліметтер жинау үшін толықтыру мақсатында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сұранымдар жібереді.

10 10. Сұратылатын ақпаратты жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға беру мерзімі тиісті сұраным келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды.

11

11. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган алынған ақпаратты, сондай-ақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына сәйкес жер пайдаланушы беретін егістік алқаптардың пайдаланылуы туралы мәліметтерді жинақтағаннан және өңдегеннен кейін қоғамдық кеңес, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және жергілікті өзін өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен оларға талдау жүргізеді, олардың негізінде:

1

1) мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде әр жер учаскесі бойынша қорытындылармен және ұсынымдармен бірге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мониторингінің нәтижелері туралы есепті жасайды;

2

2) мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде мониторинг нәтижелері туралы есепті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастырады және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мәлімет үшін жолдайды.

12

12. Жерлерді пайдалану мониторингінің қорытындылары бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған, мақсаты бойынша пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, пайдаланылатын жер учаскелерінің тізбесін қалыптастырады және тізбе қалыптастырылған күннен бастап (бес) жұмыс күні ішінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы оны тиісті шаралар қабылдау үшін аумақтық бөлімшеге жібереді.

13

13. Қоғамдық кеңес, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен жүргізілетін жерлердің пайдаланылу мониторингінің оң нәтижелері ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.

1-1 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпарат

Шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін берілген ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
1- қосымша
Нысан
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген,
пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жер учаскелері туралы ақпарат
Р/с №
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы неме­се же­ке тұл­ға­ның (жер учас­ке­сі ие­сі­нің, жер пай­да­ла­ну­шы­ның) аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі
Жер учас­ке­сі ие­сі­нің, жер пай­да­ла­ну­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі және ор­на­лас­қан же­рі
Жер учас­ке­сі­нің жал­пы ала­ңы, гек­тар
Жер учас­ке­сіне құқық­тың тір­кел­ген кү­ні
Та­нап нө­мі­рі
Та­нап ала­ңы, гек­тар
Жер­дің пай­да­ла­ныл­ма­ға­ны ту­ра­лы ақ­па­рат (құқық бұ­зу­шы­лық тү­рі)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
20__ жылғы «__» ____________ сағат ________ жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты

1-2 Жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін есепке алу

Шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін берілген ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
2- қосымша
Нысан
Жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін есепке алу
гектар
Р/с №
Жер пай­да­ла­ну­шы (заң­ды тұл­ға­ның ата­уы неме­се же­ке тұл­ға­ның аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі
Жер пай­да­ла­ну­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Жер учас­ке­сін жал­дау шар­ты­ның № және кү­ні
Жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі
Жер учас­ке­сі­нің ала­ңы
Оның ішін­де:
Жер учас­ке­сін жал­дау мер­зі­мі­нің аяқ­та­ла­тын кү­ні
егі­стік
Оның ішін­де
жай­ы­лым
ша­бын­дық
өзге­ле­рі
су­ар­ма­лы
тә­лі­мі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13

1-3 Жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және ____________ жылы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

Шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін берілген ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
3- қосымша
Нысан
Жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер
қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және ____________
жылы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі
Р/с №
Жер пай­да­ла­ну­шы (заң­ды тұл­ға­ның ата­уы неме­се же­ке тұл­ға­ның аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі
Жер пай­да­ла­ну­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Жер учас­ке­сін жал­дау шар­ты­ның № және кү­ні
Жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі
Жер учас­ке­сі­нің ала­ңы
Оның ішін­де:
Жер учас­ке­сін жал­дау мер­зі­мі­нің аяқ­та­ла­тын кү­ні
егі­стік
Оның ішін­де
жай­ы­лым
ша­бын­дық
өзге­ле­рі
су­ар­ма­лы
тә­лі­мі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13

1-4 Жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан мәліметтер

Шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін берілген ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
4- қосымша
Нысан
Жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан мәліметтер
Р/с №
Жер пай­да­ла­ну­шы (заң­ды тұл­ға­ның ата­уы неме­се же­ке тұл­ға­ның аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі)
Жер пай­да­ла­ну­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның жал­пы са­ны, шар­тты мал ба­сы­мен
Оның ішін­де:
Ірі қа­ра мал
Шар­тты мал ба­сы­на ауда­ру ко­эфи­ци­ен­ті
жыл­қы­лар
Шар­тты мал ба­сы­на ауда­ру ко­эф­фи­ци­ен­ті
Қой­лар, еш­кі­лер
Шар­тты мал ба­сы­на ауда­ру ко­эф­фи­ци­ен­ті
түй­е­лер
Шар­тты мал ба­сы­на ауда­ру ко­эф­фи­ци­ен­ті
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12

1-5 Жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және көпжылдық шөптерді егуді қоса алғанда, егу жұмыстарын жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер

Шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін берілген ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
5- қосымша
Нысан
Жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және көпжылдық
шөптерді егуді қоса алғанда, егу жұмыстарын жүргізуі туралы және
таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер
Р/с №
Жер пай­да­ла­ну­шы (заң­ды тұл­ға­ның ата­уы неме­се же­ке тұл­ға­ның аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі)
Жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ал­қап­та­ры­ның жал­пы ала­ңы, гек­тар
Оның ішін­де егі­стік, гек­тар
егі­л­ген
та­за сү­рі жер
ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры
кө­п­жыл­дық шө­птер
1
2
3
4
5
6
7

1-6 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мониторингісінің нәтижелері туралы есеп

Шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін берілген ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
6- қосымша
Нысан
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мониторингісінің нәтижелері туралы есеп
Р/с №
Жер пай­да­ла­ну­шы (заң­ды тұл­ға­ның ата­уы неме­се же­ке тұл­ға­ның аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі)
Жер пай­да­ла­ну­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Жер учас­ке­сін жал­дау шар­ты­ның № және кү­ні
Жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі
Жер учас­ке­сі­нің ала­ңы, гек­тар
Оның ішін­де егі­стік, гек­тар
Бар­лы­ғы
ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры егі­л­ген
кө­п­жыл­дық шө­птер егі­л­ген
та­за сү­рі жер
мақ­са­ты бой­ын­ша пай­да­ла­ныл­май­тын
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Кестенің жалғасы
Оның ішін­де жай­ы­лым­дар
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның са­ны
Жай­ы­лым­дар­дың жал­пы ала­ңы­на тү­се­тін жүк­те­ме­нің шек­ті рұқ­сат еті­ле­тін нор­ма­сы­ның пай­ы­зы
Пай­да­ла­ныл­май жа­тқан жай­ы­лым­дар ала­ңы, гек­тар
Мо­ни­то­ринг нәти­же­ле­рі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды
Ұсы­ным­дар
ірі қа­ра мал
жыл­қы­лар
қой­лар, еш­кі­лер
түй­е­лер
12
13
14
15
16
17
18
19
20

1-7 Пайдаланылмай жатқан немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдалану фактілері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін ааруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

Шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін берілген ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
7- қосымша
Нысан
Пайдаланылмай жатқан немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдалану фактілері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін ааруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі
Р/с №
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы неме­се же­ке тұл­ға­ның (жер учас­ке­сі ие­сі­нің, жер пай­да­ла­ну­шы­ның) аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі
Жер учас­ке­сі ие­сі­нің неме­се жер пай­да­ла­ну­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі және ор­на­лас­қан же­рі
Жер учас­ке­сі­нің жал­пы ала­ңы, гек­тар
Жер учас­ке­сіне құқық­тың тір­кел­ген кү­ні
Та­нап нө­мі­рі
Та­нап ала­ңы, гек­тар
Жер­дің пай­да­ла­ныл­ма­ға­ны ту­ра­лы ақ­па­рат (бұ­зу­шы­лық тү­рі)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
20__ жылғы «__» ____________ сағат ________ жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты

2 Қарашірікпен және қоректік элементтермен қамтамасыз етілу көрсеткіштері

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді
ұтымды пайдалану
қағидаларына
3-қосымша
Қарашірікпен және қоректік элементтермен қамтамасыз етілу көрсеткіштері
Р/с №
Об­лыс
То­пы­рақ ти­пі
Қа­ра­ші­рік­пен қам­та­ма­сыз еті­луі, %
Қо­рек­тік эле­мент­тер­мен қам­та­ма­сыз еті­луі, ми­ли­грамм/ки­ло­грамм
же­ңіл гид­ро­л­из­де­ле­тін азот­пен
өте тө­мен, аз
тө­мен
оң­тай­лы
өте тө­мен, аз
тө­мен
оң­тай­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1.
Абай
Та­удың қа­ра то­пы­ра­ғы
5,7
6,5
7,5
<30
55
55-60
Қа­ра-қо­ңыр
2,1
2,4
2,9
<25
36
36-50
Қо­ңыр
1,6
1,9
2,2
<25
32
32-50
Ашық қо­ңыр
1,2
1,4
1,7
<25
31
31-50
Тау ете­гін­де­гі қа­ра то­пы­рақ
3,8
4,2
4,8
<30
45
45-60
Тау ете­гін­де­гі қа­ра­қо­ңыр
2,5
2,8
3,3
<25
38
38-50
Тау ете­гін­де­гі ашық-қо­ңыр
1,2
1,4
1,7
<25
33
33-50
Та­удың қо­ңыр то­пы­ра­ғы
3,7
4,1
4,9
<30
48
48-60
2.
Ақ­мо­ла
Кә­дім­гі қа­ра то­пы­рақ
3,8
4,3
4,8
<30
48
48-60
Оң­тү­стік қа­ра то­пы­ра­ғы
2,8
3,1
3,6
<30
45
45-60
Қа­ра-қо­ңыр
2,1
2,4
2,9
<25
38
38-50
Қо­ңыр
1,6
1,9
2,2
<25
32
32-50
Ашық-қо­ңыр
1,2
1,4
1,7
<25
31
31-50
3.
Ақ­тө­бе
Оң­тү­стік қа­ра то­пы­ра­ғы
2,8
3,1
3,6
<30
44
44-60
Қо­ңыр
1,6
1,9
2,2
<25
32
32-50
Қа­ра-қо­ңыр
2,1
2,4
2,9
<25
38
38-50
4.
Ал­ма­ты
Ашық сұр кә­дім­гі қа­ра­пай­ым
0,8
1,0
1,2
<25
32
32-50
Шал­ғын­ды сұр то­пы­рақ
1,5
1,7
2,0
<25
31
31-50
Тау ете­гін­де­гі қа­ра-қо­ңыр
2,5
2,8
3,3
<25
34
34-50
Шал­ғын­ды-бат­пақ­ты
1,4
1,7
2,0
<25
31
31-50
Қо­ңыр
1,6
1,9
2,2
<25
32
32-50
Ашық сұр то­пы­рақ
0,6
0,7
0,9
<25
31
31-50
Тау ете­гін­де­гі ашық қо­ңыр
1,2
1,4
1,7
<25
33
33-50
Боз-құ­ба
0,5
0,7
0,8
25
31
31-50
Тау ете­гін­де­гі қа­ра то­пы­рақ
3,8
4,2
4,8
<30
49
49-60
5.
Аты­рау
Ашық-қо­ңыр
1,2
1,4
1,7
<25
35
35-50
Жай­ыл­ма-шал­ғын­ды
1,4
1,6
1,9
<25
33
33-50
Жай­ыл­ма шал­ғын­ды
1,4
1,7
2,0
<25
31
31-50
Құ­ба
0,8
1,0
1,2
<25
34
34-50
Боз-құ­ба
0,5
0,7
0,8
<25
36
36-50
6.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
Та­удың қа­ра то­пы­ра­ғы
5,7
6,5
7,5
<30
55
55-60
Қа­ра-қо­ңыр
2,1
2,4
2,9
<25
36
36-50
Қо­ңыр
1,6
1,9
2,2
<25
32
32-50
Ашық-қо­ңыр
1,2
1,4
1,7
<25
31
31-50
Тау ете­гін­де­гі қа­ра то­пы­рақ
3,8
4,2
4,8
<30
45
45-60
Тау ете­гін­де­гі қа­ра-қо­ңыр
2,5
2,8
3,3
<25
38
38-50
Тау ете­гін­де­гі ашық-қо­ңыр
1,2
1,4
1,7
<25
33
33-50
Та­удың қо­ңыр то­пы­ра­ғы
3,7
4,1
4,9
<30
48
48-60
Оң­тү­стік қа­ра то­пы­ра­ғы
2,8
3,1
3,6
<30
42
42-60
7.
Жам­был
Ашық сұр то­пы­рақ
0,6
0,7
0,9
<25
31
31-50
Кә­дім­гі сұр то­пы­рақ
0,8
1,0
1,2
<25
32
32-50
Тау ете­гін­де­гі қа­ра-қо­ңыр
2,5
2,8
3,3
<25
35
35-50
Тау ете­гін­де­гі ашық-қо­ңыр
1,2
1,4
1,7
<25
32
32-50
Шал­ғын­ды сұр
1,5
1,7
2,0
<25
35
35-50
Та­удың қо­ңыр то­пы­ра­ғы
3,7
4,1
4,9
<30
48
48-60
8.
Же­ті­су
Кә­дім­гі сұр то­пы­рақ
0,8
1,0
1,2
<25
32
32-50
Шал­ғын­ды сұр то­пы­рақ
1,5
1,7
2,0
<25
31
31-50
Тау ете­гін­де­гі қа­ра-қо­ңыр
2,5
2,8
3,3
<25
34
34-50
Шал­ғын­ды-бат­пақ­ты
1,4
1,7
2,0
<25
31
31-50
Ашық сұр то­пы­рақ
0,6
0,7
0,9
<25
31
31-50
Сұр-құ­ба
0,5
0,7
0,8
<25
31
31-50
Тау ете­гін­де­гі ашық кү­рең
1,2
1,4
1,7
<25
33
33-50
Тау ете­гін­де­гі қа­ра то­пы­рақ
3,8
4,2
4,8
<30
49
49-60
9.
Ба­тыс Қа­зақ­стан
Оң­тү­стік қа­ра то­пы­ра­ғы
2,8
3,1
3,6
<30
45
45-60
Қа­ра-қо­ңыр
2,1
2,4
2,9
<25
38
38-50
Қо­ңыр
1,6
1,9
2,2
<25
32
32-50
10.
Қа­ра­ған­ды
Кә­дім­гі қа­ра то­пы­рақ
3,8
4,3
4,8
<30
45
45-60
Оң­тү­стік қа­ра то­пы­ра­ғы
2,8
3,1
3,6
<30
44
44-60
Қо­ңыр-қа­ра
2,1
2,4
2,9
<25
35
35-50
Қо­ңыр
1,6
1,9
2,2
<25
32
32-50
Ашық-қо­ңыр
1,2
1,4
1,7
<25
31
31-50
11.
Қо­ста­най
Кә­дім­гі қа­ра то­пы­рақ
3,8
4,3
4,8
<30
48
48-60
Оң­тү­стік қа­ра то­пы­ра­ғы
2,8
3,1
3,6
<30
45
45-60
Қа­ра-қо­ңыр
2,1
2,4
2,9
<25
38
38-50
Қо­ңыр
1,6
1,9
2,2
<25
33
33-50
12.
Қы­зы­лор­да
Шал­ғын­ды-бат­пақ­ты
1,4
1,7
2,0
<25
35
35-50
Сұр-құ­ба
0,5
0,7
0,8
<25
31
31-50
Жай­ыл­ма шал­ғын­ды
1,4
1,6
1,9
<25
34
34-50
Ашық сұр то­пы­рақ
0,6
0,7
0,9
<25
31
31-50
13.
Маң­ғы­стау
Құ­ба
0,8
1,0
1,2
<25
31
31-50
Сұр-құ­ба
0,5
0,7
0,8
<25
35
35-50
Шал­ғын­ды-бат­пақ­ты
1,4
1,7
2,0
<25
33
33-50
14.
Пав­ло­дар
Оң­тү­стік қа­ра то­пы­ра­ғы
2,8
3,1
3,6
<30
45
45-60
Қо­ңыр
2,1
2,4
2,9
<25
33
33-50
Қа­ра-қо­ңыр
1,6
1,9
2,2
<25
37
37-50
Ашық-қо­ңыр
1,2
1,4
1,7
<25
33
33-50
15.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан
Кә­дім­гі қа­ра то­пы­рақ
3,8
4,3
4,8
<30
48
48-60
Оң­тү­стік қа­ра то­пы­ра­ғы
2,8
3,1
3,6
<30
42
42-60
Қа­ра-қо­ңыр
2,1
2,4
2,9
<25
37
37-50
16.
Түр­кі­стан
Кә­дім­гі сұр то­пы­рақ
0,8
1,0
1,2
<25
32
32-50
Ашық сұр то­пы­рақ
0,6
0,7
0,9
<25
31
31-50
Тау ете­гін­де­гі қа­ра-қо­ңыр
2,5
2,8
3,3
<25
38
38-50
Сұр-құ­ба
0,5
0,7
0,8
<25
31
31-50
Сұр-қо­ңыр
1,2
1,4
1,7
<25
33
33-50
Шал­ғын­ды сұр то­пы­рақ
1,5
1,7
2,0
<25
34
34-50
17.
Ұлы­тау
Қо­ңыр
1,6
1,9
2,2
<25
32
32-50
Құ­ба
0,8
1,0
1,2
<25
31
31-50
18.
Аста­на қа­ла­сы
Қа­ра-қо­ңыр
1,6
1,9
2,2
<25
41
41-60
19.
Ал­ма­ты қа­ла­сы
Та­удың қа­ра то­пы­ра­ғы
5,7
6,5
7,5
<25
55
55-60
Қа­ра-қо­ңыр
2,1
2,4
2,9
<25
41
41-60
Ашық-қо­ңыр
1,2
1,4
1,7
<25
31
31-50
Шал­ғын­ды сұр то­пы­рақ
1,5
1,7
2,0
<25
35
35-50
20
Шым­кент қа­ла­сы
Кә­дім­гі сұр то­пы­рақ
0,8
1,0
1,2
<25
32
32-50
кестенің жалғасы
Р/с№
Об­лыс
Қо­рек­тік эле­мент­тер­мен қам­та­ма­сыз еті­луі, ми­ли­грамм/ки­ло­грамм
жы­л­жы­ма­лы фос­фор­мен
ауы­спа­лы ка­лий­мен
өте тө­мен, аз
тө­мен
оң­тай­лы
өте тө­мен, аз
тө­мен
оң­тай­лы
1
2
10
11
12
13
14
15
1.
Абай
<10
16
17-30
<100
260
>410
<10
14
15-30
<100
230
>410
<10
13
14-30
<100
220
>410
<10
12
13-30
<100
210
>410
<10
16
17-30
<100
250
>410
<10
15
16-30
<100
230
>410
<10
14
15-30
<100
210
>410
<10
14
15-30
<100
240
>410
2.
Ақ­мо­ла
<10
18
19-30
<100
240
>410
<10
15
16-30
<100
250
>410
<10
14
15-30
<100
230
>410
<10
13
14-30
<100
220
>410
<10
12
13-30
<100
220
>410
3.
Ақ­тө­бе
<10
15
16-30
<100
220
>410
<10
13
14-30
<100
210
>410
<10
14
15-30
<100
210
>410
4.
Ал­ма­ты
<10
16
17-30
<100
240
>410
<10
15
16-30
<100
240
>410
<10
16
17-30
<100
260
>410
<10
15
16-30
<100
240
>410
<10
13
14-30
<100
220
>410
<10
14
15-30
<100
210
>410
<10
14
15-30
<100
220
>410
<10
15
16-30
<100
210
>410
<10
15
16-30
<100
250
>410
5.
Аты­рау
<10
11
12-30
<110
240
>410
<10
15
16-30
<110
270
>410
<10
15
16-30
<110
260
>410
<10
14
15-30
<110
240
>410
<10
14
15-30
<110
230
>410
6.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
<10
16
17-30
<100
260
>410
<10
14
15-30
<100
230
>410
<10
13
14-30
<100
220
>410
<10
12
13-30
<100
210
>410
<10
16
17-30
<100
250
>410
<10
15
16-30
<100
230
>410
<10
14
15-30
<100
210
>410
<10
14
15-30
<100
240
>410
<10
14
15-30
<100
250
>410
7.
Жам­был
<10
13
14-30
<100
210
>410
<10
15
16-30
<100
220
>410
<10
14
15-30
<100
220
>410
<10
13
14-30
<100
210
>410
<10
14
15-30
<100
220
>410
<10
14
15-30
<100
250
>410
8.
Же­ті­су
<10
16
17-30
<100
240
>410
<10
15
16-30
<100
240
>410
<10
16
17-30
<100
260
>410
<10
15
16-30
<100
240
>410
<10
14
15-30
<100
210
>410
<10
14
15-30
<100
210
>410
<10
14
15-30
<100
220
>410
<10
15
16-30
<100
250
>410
9.
Ба­тыс Қа­зақ­стан
<10
15
16-30
<100
240
>410
<10
14
15-30
<100
220
>410
<10
12
13-30
<100
210
>410
10.
Қа­ра­ған­ды
<10
14
15-30
<100
240
>410
<10
14
15-30
<100
230
>410
<10
13
16-30
<100
220
>410
<10
12
13-30
<100
215
>410
<10
11
12-30
<100
210
>410
11.
Қо­ста­най
<10
16
17-30
<100
250
>410
<10
15
16-30
<100
240
>410
<10
14
15-30
<100
220
>410
<10
13
14-30
<100
210
>410
12.
Қы­зы­лор­да
<10
15
16-30
<100
201
>410
<10
14
15-30
<100
210
>410
<10
14
15-30
<100
215
>410
<10
12
13-30
<100
210
>410
13.
Маң­ғы­стау
<10
14
15-30
<110
240
>410
<10
14
15-30
<110
230
>410
<10
15
16-30
<110
260
>410
14.
Пав­ло­дар
<10
15
16-30
<100
240
>410
<10
12
13-30
<100
220
>410
<10
14
15-30
<100
230
>410
<10
11
12-30
<100
210
>410
15.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан
<10
17
18-30
<100
250
>410
<10
15
16-30
<100
240
>410
<10
14
15-30
<100
230
>410
16.
Түр­кі­стан
<10
16
17-30
<100
220
>410
<10
14
15-30
<100
210
>410
<10
14
15-30
<100
220
>410
<10
14
15-30
<100
210
>410
<10
14
15-30
<100
210
>410
<10
16
17-30
<100
220
>410
17.
Ұлы­тау
<10
12
13-30
<100
215
>410
<10
14
15-30
<110
240
>410
18.
Аста­на қа­ла­сы
<10
14
15-30
<110
250
>410
19.
Ал­ма­ты қа­ла­сы
<10
16
17-30
<110
260
>410
<10
14
15-30
<110
260
>410
<10
11
12-30
<110
240
>410
<10
15
16-30
<110
250
>410
20
Шым­кент қа­ла­сы
<10
16
17-30
<100
220
>410

Қолданыстағы