Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы в сфере конкуренции

Бұйрық · № 6 · қабылданған 21.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183298/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы в сфере конкуренции Қолданыста Бұйрық ·№ 6 ·21.06.2023
21.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы в сфере конкуренции

Қолданыста Бұйрық ·№ 6 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы в сфере конкуренции
Атауы (қаз.)
«Бәсекелестік саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6
Қабылданған күні
21.06.2023
Көрсетілген редакция
21.06.2023 183298_640531.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032898
ЭКБ идентификаторы
183298
Редакция идентификаторы
183298_640531
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:18

0 «Бәсекелестік саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Бәсекелестік саласындағы кейбір бұйрықтарға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізіңіз:

1 1) «Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27340 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларында:
6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қызметтік тізімі (кандидаттың білімі, жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі).»;
Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларына қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2) «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20455 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) экономикалық шоғырлануға келісім беру – көрсетілетін қызметті берушінің 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 201-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына алдын ала келісімі;
2) экономикалық шоғырлануға қатысушы – экономикалық шоғырлану жасаған немесе жасауға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;
3) экономикалық шоғырлануға тыйым салу – көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына тыйым салуы.
Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Кодекске және Заңға сәйкес қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Заңның 10-бабының 13) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына, 23-бабының 2-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған.
5. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатпен (бұдан әрі - өтінішхат) www.elicense.kz «Е-лицензиялау» мемлекеттік базасы» ақпараттық жүйесі» (бұдан әрі - портал) арқылы, құжаттарды электрондық түрде, оның ішінде DOCX және PDF форматында қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаның мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағына сәйкес жүгінеді.»;
6, 7-тармақтар алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өтінішхат портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты түскен күні құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде өтінішхатқа қоса берілген құаттардың толықтығын Кодекстің 204-бабына сәйкес тексереді және көрсетілетін қызметті алушыны өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабардар етеді.»;
11-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер мәмілеге қатысушы адамдар (адамдар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарларды өткізу бойынша қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда экономикалық шоғырлануды жасау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер мәмілеге қатысушы адамдар (тұлғалар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын қаржылық қызметтерді өткізу бойынша қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда, экономикалық шоғырлануды жасау кезінде қаржы қызметтері нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға қосымшаның 9-тармағында көзделген.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.»;
19 тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);
уәкілетті орган және білім беру сапасын бақылау мемлекеттік қызметтер көрсету;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.
Шағым келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:
Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда – 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, хабарлайды.»;
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, ол туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері әкімшілік орган, лауазымды адам басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкімшілік актіні қабылдаған жағдайда және/немесе бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты болған жағдайда қолданылмайды.»;
25-тармақ алып тасталсын;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.»;
«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Сенім білдірілген адамдардың тізілімі

Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің
2023 жылғы 21 маусымдағы
№ 6 Бұйрығына
1 қосымша
Сенім білдірілген
адамдардың тізілімін
жүргізу қағидасына
Қосымша
Нысан
Сенім білдірілген адамдардың тізілімі

Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де)
Қыз­мет­тік ті­зі­мі (кан­ди­дат­тың бі­лі­мі, жұ­мысы, ең­бек қыз­ме­ті ту­ра­лы мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі)
Се­нім біл­ді­рі­л­ген адам­ның жұ­мыс ор­ны
1
2
3
4

2 Қазақстан Республикасының

Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің
2023 жылғы 21 маусымдағы
№ 6 Бұйрығына
2 қосымша
«Экономикалық шоғырлануға
келісім беру туралы өтінішхаттарды
қарау» мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан Нысан
«Эко­но­ми­ка­лық шо­ғыр­ла­ну­ға ке­лі­сім бе­ру ту­ра­лы өті­ні­ш­хат­тар­ды қа­рау» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау және да­мы­ту агент­ті­гі
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​eli​cens​e.​kz «Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік ба­за­сы» ақ­па­рат­тық жүй­е­сі»
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші өті­ні­ш­хат­ты ал­ған күн­нен ба­стап күн­тiз­белiк он күн iшiн­де ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ре­ді және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға өті­ні­ш­хат­тың қа­ра­у­ға қа­был­дан­ға­ны неме­се қа­был­да­удан бас тар­ты­л­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­лай­ды;
эко­но­ми­ка­лық шо­ғыр­ла­ну­ға келi­сім бе­ру ту­ра­лы өті­ні­ш­хат­ты қа­рау мерзi­мi өті­ні­ш­хат қа­ра­у­ға қа­был­дан­ған сәт­тен ба­стап күн­тiз­белiк отыз күн­нен ас­па­у­ға тиiс;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші неме­се сот атал­ған өті­ні­ш­хат неме­се оны­мен бай­ла­ны­сты бас­қа өті­ні­ш­хат бой­ын­ша ше­шiм қа­был­да­ған­ға дей­iн өті­ні­ш­хат­ты қа­рау мүм­кiн бол­ма­ған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі тоқ­та­ты­ла тұ­ра­ды, ол ту­ра­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға мұн­дай ше­шiм қа­был­дан­ған күн­нен ба­стап үш жұ­мыс күнi iшiн­де ха­бар­лай­ды;
қо­сым­ша мәлi­мет­тер­дi және (неме­се) құ­жат­тар­ды ұсы­ну ке­зе­ңін­де, сон­дай-ақ та­у­ар на­рық­та­рын­да­ғы бә­се­ке­ле­стіктің жай-күй­іне тал­дау жүр­гі­зу ке­зін­де өті­ні­ш­хат­ты қа­рау мерзi­мi тоқ­та­ты­ла тұ­ра­ды, бұл ту­ра­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға мұн­дай ше­шiм қа­был­дан­ған күн­нен ба­стап үш жұ­мыс күнi iшiн­де ха­бар­дар ете­ді;
мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы және (неме­се) мем­ле­кет­тiк ор­ган­дар қо­сым­ша мәлi­мет­тер­дi және (неме­се) құ­жат­тар­ды ұсын­ған­нан кей­iн қай­та ба­ста­ла­ды, бұл ту­ра­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға үш жұ­мыс күнi iшiн­де ха­бар­дар ете­ді;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ақ­па­рат­ты және (неме­се) құ­жат­тар­ды бе­ру үшін бел­гі­лей­тін мер­зім ке­мін­де бес жұ­мыс кү­нін құ­рай­ды; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің өті­ні­ш­хат­ты қа­ра­удың тоқ­та­ты­л­ға­ны ту­ра­лы ак­ті­сі ше­шім қа­был­дан­ған сәт­тен ба­стап үш жұ­мыс кү­ні ішін­де жол­да­на­ды
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
На­рық субъ­ек­ті­сін бі­рі­гу неме­се қо­сы­лу жо­лы­мен қай­та ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша эко­но­ми­ка­лық шо­ғыр­ла­ну­ға ке­лі­су (тый­ым са­лу) ту­ра­лы мо­но­по­ли­я­ға қар­сы ор­ган­ның бұй­ры­ғы;
Егер са­тып ал­ған­ға дей­ін тұл­ға (тұ­лға­лар то­бы) на­рық субъ­ек­ті­сі­нің ак­ци­я­ла­ры­на (жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үле­сте­ріне, пай­ла­ры­на) би­лік ет­пе­се неме­се атал­ған на­рық субъ­ек­ті­сі­нің да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның (жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үле­сте­рі­нің, пай­ла­ры­ның) жиыр­ма бес неме­се одан аз пай­ы­зы­на би­лік ет­се, мұн­дай тұл­ға (тұ­лға­лар то­бы) көр­се­ті­л­ген ак­ци­я­лар­дың (жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үле­сте­рі­нің, пай­лар­дың) жиыр­ма бес пай­ы­зы­нан аста­мы­на би­лік ету­ге құқық ала­тын мұн­дай тұл­ға­ның (тұ­лға­лар то­бы­ның) осы на­рық субъ­ек­ті­сі­нің да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­рын (жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үле­сте­рін, пай­ла­рын) са­тып алуы бой­ын­ша эко­но­ми­ка­лық шо­ғыр­ла­ну­ға ке­лі­су (тый­ым са­лу) ту­ра­лы мо­но­по­ли­я­ға қар­сы ор­ган­ның бұй­ры­ғы;
Егер мәмі­ле (өза­ра бай­ла­ны­сты мәмі­ле­лер) ны­са­на­сын құ­рай­тын мү­лік­тің ба­лан­стық құ­ны мү­лік­ті ие­лік­тен шы­ға­ра­тын неме­се бе­ре­тін на­рық субъ­ек­ті­сі­нің негіз­гі өн­ді­рі­стік құ­рал­да­ры­ның және ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­те­рі­нің ба­лан­стық құ­ны­ның он пай­ы­зы­нан асып түс­се, на­рық субъ­ек­ті­сі­нің (тұ­лға­лар то­бы­ның) бас­қа на­рық субъ­ек­ті­сі­нің негіз­гі өн­ді­рі­стік құ­рал­да­рын және (неме­се) ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­те­рін мен­шік­ке алуы, ие­ле­нуі және пай­да­ла­нуы, оның ішін­де жар­ғы­лық ка­пи­тал­ды тө­леу (бе­ру) есе­біне мен­шік­ке алуы, ие­ле­нуі және пай­да­ла­нуы бой­ын­ша эко­но­ми­ка­лық шо­ғыр­ла­ну­ға ке­лі­су (тый­ым са­лу) ту­ра­лы мо­но­по­ли­я­ға қар­сы ор­ган­ның бұй­ры­ғы.
пор­тал­да өті­ні­ш­хат­тың то­лық­тығ­ын қа­рау нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның "же­ке ка­би­не­тіне" өті­ні­ш­хат­тың қа­ра­у­ға қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма тү­рін­де неме­се тір­ке­лу кү­ні мен нө­мі­рін көр­се­те оты­рып, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті тұл­ға­сы­ның элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған өті­ні­ш­хат­ты қа­ра­у­ға қа­был­да­удан дәлел­ді бас тар­ту жол­да­на­ды.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін.
Пор­тал – тех­ни­ка­лық жұ­мыстар­ды жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» 2001 жы­л­ғы 13 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды) тәу­лік бойы
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) на­рық субъ­ек­ті­сін бі­рік­ті­ру неме­се қо­су жо­лы­мен қай­та ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша:
қыз­мет түр­лерiн­де неме­се олар­дың iс­кер­лiк опе­ра­ци­я­ла­ры гео­гра­фи­я­сын­да жос­пар­ла­нып отыр­ған өзгерiстер­дi қо­са ал­ған­да, на­рық субъ­ек­тiсiн қай­та ұй­ым­да­сты­ру мақ­са­ты­ның негiз­де­месi;
құ­ры­ла­тын на­рық субъ­ек­тiсiнiң бекiтiл­ген жар­ғы­сы мен құ­ры­л­тай шар­ты неме­се олар­дың жо­ба­ла­ры;
құ­ры­ла­тын на­рық субъ­ек­тiсiне берiлетiн мүлiк­ті бе­ру­дің мәлi­мет­те­рі мен шар­тта­ры­ның тiз­бесi;
қай­та ұй­ым­да­сты­ры­ла­тын на­рық субъ­ек­тiлерiнiң әр­қай­сысы бой­ын­ша, сон­дай-ақ қай­та ұй­ым­да­сты­ры­ла­тын на­рық субъ­ек­тiлерi­мен бiр тұ­лға­лар то­бы­на кiретiн на­рық­тың әр­бiр субъ­ек­тiсi бой­ын­ша мы­на­лар:
же­ке тұл­ға үшін – же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың де­ректерi, аза­мат­тығы, тұр­ғы­лық­ты же­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер және заң­ды ме­кен­жайы;
ата­уы, заң­ды және нақ­ты ме­кен­жай­ла­ры;
жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­ның мөл­ше­рі және жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үлесi;
ак­ци­я­лар­дың түр­лерi;
на­рық­тың бас­қа субъ­ек­тiлерiнiң ат­қа­ру­шы ор­га­ны­ның, ди­рек­тор­лар ке­ңесiнiң (бай­қа­у­шы ке­ңе­стiң) де мү­ше­лерi бо­лып та­бы­ла­тын ат­қа­ру­шы ор­ган, ди­рек­тор­лар ке­ңесi (бай­қа­у­шы ке­ңес) мү­ше­лерiнiң ла­у­а­зы­мы көр­сетiл­ген тiзi­мi;
қай­та ұй­ым­да­сты­ры­ла­тын на­рық субъ­ек­тiлерi өн­дiретiн және өт­кi­зетiн та­у­ар­лар­ды өн­дi­ру мен өт­кi­зудiң, та­у­ар­лар­дың экс­пор­ты мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на им­пор­ты­ның кө­ле­мi;
қай­та ұй­ым­да­сты­ры­ла­тын на­рық субъ­ек­тiлерi­мен бiр тұ­лға­лар то­бы­на кiретiн на­рық субъ­ек­тiлерi өн­дiретiн неме­се өт­кi­зетiн сол бір та­у­ар­лар­ды неме­се өза­ра ал­ма­сты­ры­ла­тын та­у­ар­лар­ды өн­дi­ру мен өт­кi­зудiң, экс­пор­ты мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на им­пор­ты­ның кө­ле­мi;
2) тұл­ға­ның (тұ­лға­лар то­бы­ның) на­рық субъ­ек­ті­сі­нің да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­рын (жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рін, пай­лар­ды) са­тып алуы бой­ын­ша, бұл рет­те, егер мұн­дай тұл­ға (тұ­лға­лар то­бы) са­тып алу­ға дей­ін осы на­рық субъ­ек­ті­сі­нің ак­ци­я­ла­ры­на (жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сте­ріне, пай­ла­ры­на) би­лік ет­пе­се неме­се атал­ған на­рық субъ­ек­ті­сі­нің да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның (жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рі­нің, пай­лар­дың) елу неме­се одан аз пай­ы­зы­на би­лік ет­се, мұн­дай тұл­ға (тұ­лға­лар то­бы) атал­ған ак­ци­я­лар­дың (жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рі­нің, пай­лар­дың) елу пай­ы­здан аста­мы­на би­лік ету құқы­ғы­на ие бо­ла­ды:
шарт неме­се шар­ттың жо­ба­сы не мәмi­ленiң жа­сал­ға­нын рас­тай­тын өзге де құ­жат;
са­тып алушы бой­ын­ша және са­тып алушы­мен бiр тұ­лға­лар то­бы­на кiретiн на­рық­тың әр­бiр субъ­ек­тiсi бой­ын­ша мы­на­лар:
же­ке тұл­ға үшiн – же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың де­ректерi, аза­мат­тығы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, сон­дай-ақ тұр­ғы­лық­ты же­рі және заң­ды ме­кен­жайы;
ата­уы, заң­ды және нақ­ты ме­кен­жай­ла­ры;
жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­ның мөл­ше­рі және жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үлесi;
ак­ци­я­лар­дың түр­лерi;
өзiне қа­ты­сты осы тар­мақ­тың 2) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген iс-әре­кет­тер жа­са­ла­тын на­рық субъ­ек­тiсi өн­дiретiн неме­се өт­кi­зетiн та­у­ар­лар­ға ұқсас та­у­ар­лар­ды неме­се өза­ра ал­ма­сты­ры­ла­тын та­у­ар­лар­ды өн­дi­ру мен өт­кi­зудiң, олар­дың экс­пор­ты мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на им­пор­ты­ның кө­ле­мi;
бас­қа да на­рық субъ­ек­ті­ле­рі­нің ат­қа­ру­шы ор­га­ны­ның, ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі­нің (бай­қау ке­ңе­сі­нің) мү­ше­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын, ат­қа­ру­шы ор­ган, ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі (бай­қау ке­ңе­сі­нің) мү­ше­ле­рі­нің ла­у­а­зы­мы көр­се­ті­л­ген ті­зі­мі;
өзiне қа­ты­сты осы тар­мақ­тың 2) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген мы­на­дай іс-әре­кет­тер жа­са­ла­тын на­рық субъ­ек­ті­сі­нің та­у­ар­лар­ды өн­ді­ру мен өт­кі­зу, олар­дың экс­пор­ты мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на им­пор­ты­ның кө­ле­мі;
өзiне қа­ты­сты осы тар­мақ­тың 2) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген iс-әре­кет­тер жа­са­ла­тын на­рық субъ­ек­тiсiнiң тi­ке­лей неме­се жа­на­ма ба­қы­ла­у­ын­да бо­ла­тын на­рық субъ­ек­тiлерi өн­дiретiн неме­се өт­кi­зетiн сол бір неме­се өза­ра ал­ма­сты­ры­ла­тын та­у­ар­лар­ды өн­дi­ру мен өт­кi­зудiң, олар­дың экс­пор­ты мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на им­пор­ты­ның кө­ле­мi;
3) егер мәмі­ле­нің (өза­ра бай­ла­ны­сты мәмі­ле­лер­дің) ны­са­на­сын құ­рай­тын мү­лік­тің ба­лан­стық құ­ны мү­лік­ті ие­лік­тен шы­ға­ра­тын неме­се бас­қа­ға бе­ре­тін на­рық субъ­ек­ті­сі­нің негіз­гі өн­ді­рі­стік құ­рал­да­ры мен ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­те­рі ба­лан­стық құ­ны­ның он пай­ы­зы­нан асып кет­се, на­рық субъ­ек­ті­сі­нің (тұ­лға­лар то­бы­ның) на­рық­тың бас­қа субъ­ек­ті­сі­нің негіз­гі өн­ді­рі­стік құ­рал­да­рын және (неме­се) ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­те­рін, оның ішін­де жар­ғы­лық ка­пи­тал­ды тө­леу (бе­ру) есе­біне мен­шік­ке алу, ие­ле­ну және пай­да­ла­ну бой­ын­ша:
шарт неме­се шар­ттың жо­ба­сы;
са­тып алушы бой­ын­ша және са­тып алушы­мен бiр тұ­лға­лар то­бы­на кiретiн на­рық­тың әр­бiр субъ­ек­тiсi бой­ын­ша мы­на­лар:
же­ке тұл­ға үшiн – же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың де­ректерi, аза­мат­тығы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, сон­дай-ақ тұр­ғы­лық­ты же­рі және заң­ды ме­кен­жайы;
ата­уы, заң­ды және нақ­ты ме­кен­жай­ла­ры;
жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­ның мөл­ше­рі және жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үлесi;
ак­ци­я­лар­дың түр­лерi;
са­тып алы­на­тын мүлiк­тi пай­да­ла­ну­мен өн­дiрiлетiн сол бір неме­се өза­ра ал­ма­сты­ры­ла­тын та­у­ар­лар­ды өн­дi­ру мен өт­кi­зудiң, олар­дың экс­пор­ты мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на им­пор­ты­ның кө­ле­мi;
ба­лан­стық құ­ны көр­се­ті­ле оты­рып, мәмі­ле­нің ны­са­на­сын құ­рай­тын мү­лік­тің тіз­бе­сі;
та­у­ар­лар­дың түр­лерi көр­сетi­ле оты­рып, алы­на­тын мүлiк­тiң қан­дай та­у­ар­лар­ды шы­ға­ру үшiн пай­да­ла­ны­л­ға­ны және пай­да­ла­ны­ла­ты­ны ту­ра­лы мәлi­мет­тер;
та­у­ар­лар­дың түр­лерi көр­сетi­ле оты­рып, алы­на­тын мүлiк­тi пай­да­ла­ну­мен та­у­ар­лар­ды өн­дi­ру мен өт­кi­зу бо­лжа­мы.
4) ше­тел­дік заң­ды тұ­лға­лар мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның осы тар­ма­ғы­на сәй­кес ұсы­ны­ла­тын ақ­па­рат­тан бас­қа қо­сым­ша мы­на­лар­ды:
өзi тұр­ған ел­дiң заң­на­ма­сы­на сәй­кес өзі­нің заң­ды мәр­те­бесiн рас­тай­тын, шық­қан елi­нің са­уда тiзiлi­мi­нен неме­се өзге де ба­ла­ма құ­жат­тан но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған үзiн­дi кө­шiр­ме­ні;
егер ше­тел­дiк заң­ды тұл­ға­ның неме­се ше­тел­дік қа­ты­са­тын на­рық субъ­ек­тiсiнiң – са­тып алушы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да фи­ли­а­лы неме­се өкiл­дi­гi бол­са, фи­ли­ал­дың неме­се өкiл­дiк­тiң Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да өн­дiретiн және (неме­се) өт­кi­зетiн та­у­ар­ла­ры­ның түр­лерi тiз­бе­лен­ген ақ­па­рат­ты ұсы­на­ды
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, қа­жет­ті де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің 2015 жы­л­ғы 29 қа­зан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сі­нің 18-та­ра­уын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­ген жағ­дай­лар­да
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар

3 Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігінің
2023 жылғы 21 маусымдағы
№ 6 Бұйрығына
3 қосымша
«Экономикалық шоғырлануға
келісім беру туралы өтінішхаттарды
қарау» мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті
қорғау және дамыту
агенттігінің төрағасы
___________________________
(барыс септігінде)
__________________________
(шығыс септігінде)
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы және
(немесе) аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі, БСН және
(немесе) ЖСН (болған жағдайда)
Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 200-бабының 2-тармағына сәйкес
____________________________________________________________________________________
(мәміленің, іс – әрекеттің мәні мен тараптарын көрсете отырып мәміленің, іс – әрекеттің сипаттамасы)
____________________________________________________________________________________
қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруіңізді сұраймын.
Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат
____________________________________________________________________________________
(Кодекстің 201-бабы 1-тармағының тармақшасы көрсетіледі)
негізінде ____________________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының атауы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі көрсетіледі) беріп отыр.
Құжаттама __________________________________________сәйкес қоса беріледі.
Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын растаймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтініш берген тұлға (тұлғалар) және мәміленің мәні туралы сәйкестендіру мәліметтерін монополияға қарсы органның интернет-ресурсында жария талқылау үшін орналастыруға келісемін.
Басшының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолтаңбасы _______________________________ Мөр орны
(болған кезде)
Өтінішхат берілген күн ________________________________________________
Өкілдің байланыс мәліметтері ___________________________________________

Қолданыстағы