Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил установления ширины запретных полос лесов по берегам рек, озер, водохранилищ, каналов и других водных объектов

Қаулы · № 71 · қабылданған 23.01.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-18335/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил установления ширины запретных полос лесов по берегам рек, озер, водохранилищ, каналов и других водных объектов Күшін жойған Қаулы ·№ 71 ·23.01.2004
04.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил установления ширины запретных полос лесов по берегам рек, озер, водохранилищ, каналов и других водных объектов

Күшін жойған Қаулы ·№ 71 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил установления ширины запретных полос лесов по берегам рек, озер, водохранилищ, каналов и других водных объектов
Атауы (қаз.)
Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71
Қабылданған күні
23.01.2004
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI18335_4.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040000071_
ЭКБ идентификаторы
18335
Редакция идентификаторы
AI18335_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:33

0 Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы

2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қоса беріліп отырған Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi енiн белгiлеу ережесі бекiтілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

0 Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салу белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 23 қаңтардағы
N 71 қаулысымен
бекiтiлген
Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салу белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесі

1

1. Осы Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу тәртібін айқындайды.

2

2. Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiне (бұдан әрі – тыйым салу белдеулері) осы су объектілеріне мемлекеттік орман қорының іргелес аумағы жатады, онда су ресурстарын сақтауға және жинауға, су объектілерінің ластануына, былғануына және батпақтануына жол бермеуге, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын сақтауға бағытталған жағдайлар жасау мақсатында орман пайдалануды шектеудің тапсырыстық режимі белгіленеді.

3

3. Тыйым салу белдеулерiнiң енi, оларды пайдалану режимi орман орналастыру кезiнде су объектiлерiнiң балық шаруашылығы маңызы мен экологиялық жай-күйi ескерiле отырып, физика-географиялық, топырақ гидрологиялық және басқа да шарттар басшылыққа алынып, орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi орган бекiтетiн орман орналастыру жобаларымен белгіленедi.

4

4. Жайылмасыз өзендерде немесе кәдімгідей жайылмасы жоқ өзендер учаскелерiнде тыйым салу белдеулерiнiң енi орташа көпжылдық межелi су деңгейiнiң мөлшерi бойынша, ал су арнасы сағаларға тармақтанып кетсе, сыртқы сағаның жағалауы бойынша осы нормативпен анықталады. Өзен енi 1 километрден астам жоғары көтерiлген өзен аралығын қамтитын сағаларға бөлiнiп кетсе, әрбiр сағаның жағалаулары бойынша тыйым салу белдеулердiң енi осы өзеннiң қалған бөлiгiнде қалай болса, дәл солай белгiленедi.
Анық білiнiп тұрған жайылмасы бар өзен бойында тыйым салу белдеулерінiң енi жайылманың енiнен және енi осы Ережеге сәйкес айқындалатын оған жанасқан белдеудiң енiнен тұрады.
Жағалауларында тыйым салу белдеулерi оқшау көрiнетiн өзендердiң басталар тұсында бұл белдеулердiң құрамына осы өзен жағалаулары бойынша белгiленген тыйым салу белдеуiнiң енiне тең радиуста өзеннiң басталар тұсындағы аумақ енгiзiледі.
Тыйым салу белдеуiнiң сыртқы шекарасын белгiлегенде ол мүмкiндiгiнше табиғи шептермен немесе орамдық орман жолдарымен, бөлiнiстер шекарасымен ұштастырылады, бұл ретте шекара өзеннiң су жинайтын алаңының шегiнен шығып кетпеуi тиiс, яғни бұл жағдайда ол су бөлетiн шекара бойымен өтедi.

5 5. Көлдер мен арналы су қоймаларының, каналдардың төңiрегiнде тыйым салу белдеулерiнiң енi оларға келiп құйылатын немесе олардан ағып шығатын өзендердің бойында бөлiнген белдеулерге тең белгіленедi.

Көлдерге, су қоймаларына немесе каналдарға бiрнеше өзен келiп құйылатын немесе ағып шығатын жағдайларда су қоймасы, канал бойындағы тыйым салу белдеуiнiң енi ең кең арналы өзен бойынша қабылданады. Су қоймасы, канал бойындағы тыйым салынған белдеуiнiң iшкi шекарасы судың бiрқалыпты толық деңгейiнiң мөлшерiмен, ал көлдер бойында – орташа көпжылдық су деңгейiнiң мөлшерiмен өтедi.

6 6. Шағын өзендер (200 километрге дейiн) және шаруашылық жүргiзудiң қарапайым жағдайлары қолданылатын және экологиялық жағдайы қолайлы өзендер үшiн әр жағалау бойынша тыйым салу белдеулерiнiң ең тар енi - 500 метр мөлшерде белгiленедi.

7 7. Су жинағыштағы экологиялық жағдай шиеленiскен кезде балық шаруашылығындағы маңызы зор өзендер, су қоймалары мен каналдар үшiн қоса берiліп отырған қосымшаға сәйкес тыйым салынған белдеулерiнiң енi әр жағалаудан 1000 метр мөлшерінде белгiленедi.

8 8. Қотармалы су қоймалары, каналдар мен басқа да көлдер бойындағы тыйым салу белдеулерінің енi мынадай мөлшерде белгiленедi:

1 1) су айдынының акваториясы 2 шаршы километрге дейiн болса – 300 метр;

2 2) су айдынының акваториясы 2 шаршы километрден асып кетсе – 500 метр.

Осы көлдер үшiн тыйым салынған белдеуiнiң iшкi шекарасы орташа көпжылдық су деңгейiнiң жырығы бойымен өтедi.

9 Ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеуге арналған су айдындарының тiзбесi

9. Осы Ережемен белгiленген тыйым салу белдеулерiнiң мөлшерi мен шекарасы қажет болған жағдайда орман орналастыру кезiнде нақтылануы мүмкін.
Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдары
мен басқа да су объектiлерi
жағалауларындағы ормандардың тыйым
салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу
ережесiне қосымша
Ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеуге арналған су айдындарының тiзбесi
Су ай­дын­да­ры­ның (өзен­дер, көл­дер, су қой­ма­ла­ры мен ка­нал­дар) ата­уы
Өзен­дер келiп құй­ы­ла­тын су ай­дын­да­ры­ның ата­уы
1
2
Өзендер
_____________________________________________________________________
Жайық                                           Каспий теңiзi
Қиғаш                                           Каспий теңiзi
Көшім                                           Жайық
Шаған                                           Жайық
Утва                                            Жайық
Елек                                            Жайық
Өр                                              Жайық
Ертіс                                           Обь
Уба                                             Ертіс
Үлбі                                            Ертіс
Қара Ертіс                                      Бұқтырма су қоймасы
Бұқтырма                                        Бұқтырма су қоймасы
Күршім                                          Бұқтырма су қоймасы
Қалжыр                                          Қара Ертіс көлі
Алқабек                                         Қара Ертіс көлі
Белөзек                                         Қара Ертіс көлі
Аққоба                                          Қаба көлі
Тополевка                                       Марқакөл көлі
Тобыл                                           Ертіс көлі
Eсіл                                            Ертіс көлі
Аягөз                                           Балқаш көлі
Ақсу                                            Балқаш көлі
Қаратал                                         Балқаш көлі
Лепсі                                           Балқаш көлі
Іле                                             Балқаш көлі
Сырдария                                        Арал теңізі
_____________________________________________________________________
Көлдер, су қоймалары және каналдар
_____________________________________________________________________
Марқакөл көлі
Балқаш көлі
Қошқаркөл көлі
Жалаңашкөл көлі
Сасықкөл көлі
Бұқтырма су қоймасы
Өскемен су қоймасы
Новошульба су қоймасы
Сергеевка су қоймасы
Вячеслав су қоймасы
Қапшағай су қоймасы
Сәтбаев атындағы канал
Үлкен Алматы каналы
____________________________________________________________________

Қолданыстағы