Құжат мәтініне өту

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Сарани и поселке Актас

Өзге акт · № 39 · қабылданған 27.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183366/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Сарани и поселке Актас Қолданыста Өзге акт ·№ 39 ·27.06.2023
20.12.2024 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Сарани и поселке Актас

Қолданыста Өзге акт ·№ 39 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Сарани и поселке Актас
Атауы (қаз.)
Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
39
Қабылданған күні
27.06.2023
Көрсетілген редакция
20.12.2024 183366_742758.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23KG644609
ЭКБ идентификаторы
183366
Редакция идентификаторы
183366_742758
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:12

0 Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы № 337 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2655 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3

3. «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы № 337 шешіміне өзгерту енгізу туралы» Саран қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 461 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5554 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Саран қалалық мәслихатының
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 39 шешіміне қосымша
Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген, «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі-шығындарды өтеу Қағидалары).

2

2. Жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан алынған анықтама негізінде жүргізіледі.

3

3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедектігі бар балалардан және ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды тоқтату келесі мән-жайларда пайда болады: мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланы мемлекеттік мекемелерде оқыту кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, Саран қаласы мен Ақтас кентінің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға көшуі.
Мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі немесе өзге де заңды өкілдері жоғарыда аталған мән-жайлардың басталғаны туралы «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемені дереу хабардар етсін.

6 6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға тоқсан сайын он айлық есептік көрсеткішке тең.

7 7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте қандастар жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігін ұсынады.

8 8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасында көзделген.

Қолданыстағы