Құжат мәтініне өту

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бухар-Жырауском районе

Өзге акт · № 10 · қабылданған 27.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183388/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бухар-Жырауском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 10 ·27.06.2023
05.02.2025 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бухар-Жырауском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 10 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бухар-Жырауском районе
Атауы (қаз.)
Бұқар жырау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10
Қабылданған күні
27.06.2023
Көрсетілген редакция
05.02.2025 183388_745860.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23KK646009
ЭКБ идентификаторы
183388
Редакция идентификаторы
183388_745860
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:12

0 Бұқар жырау ауданында кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес, Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Бұқар жырау ауданында кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 6 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2684 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Бұқар жырау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Бұқар жырау аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
27 маусымдағы № 10
шешіміне қосымша
Бұқар жырау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

1

1. Бұқар жырау ауданында кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген, «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі-шығындарды өтеу Қағидалары).

2

2. Жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) «Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан алынған анықтама негізінде жүргізіледі.

3

3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедектігі бар балалардан және ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды тоқтату келесі мән-жайларда пайда болады: мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланы мемлекеттік мекемелерде оқыту кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, Бұқар жырау ауданының кентінің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға көшуі.
Мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі немесе өзге де заңды өкілдері жоғарыда аталған мән-жайлардың басталғаны туралы «Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемені дереу хабардар етсін.

6 6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға тоқсан сайын он айлық есептік көрсеткішке тең.

7 7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте қандастар жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігін ұсынады.

8 8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасында көзделген.

Қолданыстағы