Об утверждении правил формирования бизнес-идентификационного номера
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил формирования бизнес-идентификационного номера
- Атауы (қаз.)
- Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 423
- Қабылданған күні
- 27.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2023 183394_677612.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032918
- ЭКБ идентификаторы
- 183394
- Редакция идентификаторы
- 183394_677612
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:11
0 Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-1)-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты алғаш ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
0 Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 423 Бұйрықпен
бекітілген
Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер.
1 1. Осы Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидалары «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастырудың тәртібін айқындайды.
2 2-тарау. Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру.
2
2. Заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) қалыптастыру қызметін Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде (бұдан әрі – Ұлттық тізілім), мемлекеттік органдардың, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) және өзге де мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінде бірлескен жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын белгілі бір заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке, жеке кәсіпкерге қатысты мәліметтерді сақтау үшін жүзеге асырылады.
3 3. БСН 12 цифрды қамтиды және бес бөліктен тұрады:
1 1) бiрiншi фасет - 4 разрядтан (а 1 - a 4 дейiн) тұрады және заңды тұлғаны немесе қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлердi (бұдан әрi - ЗТ немесе ЖК (Б) тiркеудiң жылын (соңғы екi саны) және айын сипаттайды;
2 2) екiншi фасет - 1 разрядтан (а 5 ) тұрады және ЗТ немесе ЖК(Б) түрiн сипаттайды.
Осы разрядтың алгоритм есептерiнiң мәнi БСН-нiң жеке сәйкестендiру нөмiрiмен (бұдан әрі – ЖСН) сәйкес келу мүмкiндiгін болдырмау үшiн пайдаланылады.
БСН құрылымында а 5 (бесiншi разрядта) генерациялау кезінде 0, 1, 2 және 3 цифрларын пайдалануға жол берілмейді.
Бұл разрядтың нақты мәндерi:
4 - резидент заңды тұлғалар үшiн;
5 - резидент eмec заңды тұлғалар үшін;
6 - қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн.
Бұл разрядта 7, 8 және 9 резервтiк мәндер бар;
3 3) үшiншi фасет - 1 разрядтан (а 6 ) тұрады және а 5 разрядын қосымша тәптiштеу болып табылатын арнайы белгiнi сипаттайды:
0 - ЗТ немесе ЖК(Б) бас бөлiмшесiнiң белгiсi;
1 - ЗТ немесе ЖК(Б) филиалының белгiсi;
2 - ЗТ немесе ЖК(Б) өкiлдiгiнiң белгiсi;
4 - қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын шаруа (фермер) қожалығының белгiсi;