Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил формирования бизнес-идентификационного номера

Бұйрық · № 423 · қабылданған 27.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183394/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об утверждении правил формирования бизнес-идентификационного номера Қолданыста Бұйрық ·№ 423 ·27.06.2023
27.06.2023 редакциясы
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил формирования бизнес-идентификационного номера

Қолданыста Бұйрық ·№ 423 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил формирования бизнес-идентификационного номера
Атауы (қаз.)
Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
423
Қабылданған күні
27.06.2023
Көрсетілген редакция
27.06.2023 183394_677612.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032918
ЭКБ идентификаторы
183394
Редакция идентификаторы
183394_677612
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:11

0 Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-1)-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты алғаш ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

0 Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 423 Бұйрықпен
бекітілген
Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер.

1. Осы Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидалары «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастырудың тәртібін айқындайды.

2-тарау. Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру.

2. Заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) қалыптастыру қызметін Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде (бұдан әрі – Ұлттық тізілім), мемлекеттік органдардың, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) және өзге де мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінде бірлескен жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын белгілі бір заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке, жеке кәсіпкерге қатысты мәліметтерді сақтау үшін жүзеге асырылады.

3. БСН 12 цифрды қамтиды және бес бөліктен тұрады:

1) бiрiншi фасет - 4 разрядтан (а 1 - a 4 дейiн) тұрады және заңды тұлғаны немесе қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлердi (бұдан әрi - ЗТ немесе ЖК (Б) тiркеудiң жылын (соңғы екi саны) және айын сипаттайды;

2) екiншi фасет - 1 разрядтан (а 5 ) тұрады және ЗТ немесе ЖК(Б) түрiн сипаттайды.

Осы разрядтың алгоритм есептерiнiң мәнi БСН-нiң жеке сәйкестендiру нөмiрiмен (бұдан әрі – ЖСН) сәйкес келу мүмкiндiгін болдырмау үшiн пайдаланылады.
БСН құрылымында а 5 (бесiншi разрядта) генерациялау кезінде 0, 1, 2 және 3 цифрларын пайдалануға жол берілмейді.
Бұл разрядтың нақты мәндерi:
4 - резидент заңды тұлғалар үшiн;
5 - резидент eмec заңды тұлғалар үшін;
6 - қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн.
Бұл разрядта 7, 8 және 9 резервтiк мәндер бар;

3) үшiншi фасет - 1 разрядтан (а 6 ) тұрады және а 5 разрядын қосымша тәптiштеу болып табылатын арнайы белгiнi сипаттайды:

0 - ЗТ немесе ЖК(Б) бас бөлiмшесiнiң белгiсi;
1 - ЗТ немесе ЖК(Б) филиалының белгiсi;
2 - ЗТ немесе ЖК(Б) өкiлдiгiнiң белгiсi;
4 - қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын шаруа (фермер) қожалығының белгiсi;

4) төртiншi фасет - 5 разрядтан (а 7 - а 11 дейiн) тұрады және жүйеде ЗТ немесе ЖК(Б), сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеудiң реттiк нөмiрiн сипаттайды;

5) бесiншi фасет - 1 разрядтан (а 12 ) тұрады және БСН-нiң бақылау разряды болып табылады.

Қолданыстағы