О резервировании земель для создания государственного природного заказника местного значения «Бетпакдала»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О резервировании земель для создания государственного природного заказника местного значения «Бетпакдала»
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті маңызы бар «Бетпақдала» мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін жерлерді резервте қалдыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 118
- Қабылданған күні
- 15.06.2023
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2023 183396_639632.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23G0005049
- ЭКБ идентификаторы
- 183396
- Редакция идентификаторы
- 183396_639632
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:21
0 Жергілікті маңызы бар «Бетпақдала» мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін жерлерді резервте қалдыру туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына және 24-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарысу және Мойынқұм аудандарының аумақтарында жергілікті маңызы бар «Бетпақдала» мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін резервіленген жер учаскелерінің қоса беріліп отырған орналасу жоспары (сызбасы) мен экспликациясына сәйкес (1, 2-қосымшалар) шекаралар шегінде жалпы алаңы 1 415 861 гектар жер учаскелері оларды пайдалану құқығына шектеулер (ауыртпалықтар) белгiлемей 12 ай мерзімге резервте қалдырылсын.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Жобаланып отырған жергілікті маңызы бар «Бетпақдала» мемлекеттік табиғи қаумалы жер учаскесінің орналасу жоспары (сызбасы)
Жамбыл облысы әкімдігінің
2023 жылғы 15 маусымдағы № 118
қаулысына 1-қосымша
Жобаланып отырған жергілікті маңызы бар «Бетпақдала» мемлекеттік табиғи қаумалы жер учаскесінің орналасу жоспары (сызбасы)
Ескертпе: Қағаз нұсқасын қарау.
8 Жергілікті маңызы бар «Бетпақдала» мемлекеттік табиғи қаумалының резервіленген жер учаскелерінің экспликациясы
Жамбыл облысы әкімдігінің
2023 жылғы 15 маусымдағы № 118
қаулысына 2-қосымша
Жергілікті маңызы бар «Бетпақдала» мемлекеттік табиғи қаумалының резервіленген жер учаскелерінің экспликациясы
№
Аудандардың атаулары
Жалпы көлемі, гектар
Оның ішінде санаты бойынша, гектар
Ауыл шаруалығы мақсатындағы жерлер
Орман қорының жері
Босалқы жер
Бөгде жерлер
1
2
3
4
5
6
7
1.
Cарысу
1308640,26
121405,714
66,33
315723,05
871445,166
2.
Мойынқұм
107220,74
61966,10
11817,71
3216,24
30220,69
3.
Барлығы:
1415861
183371,814
11884,04
318939,29
901665,856