Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы представления сведений цифровым майнинговым пулом о распределенных им цифровых активах между лицами, осуществляющими деятельность по цифровому майнингу

Бұйрық · № 709 · қабылданған 27.06.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183403/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении формы представления сведений цифровым майнинговым пулом о распределенных им цифровых активах между лицами, осуществляющими деятельность по цифровому майнингу Күшін жойған 28.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении формы представления сведений цифровым майнинговым пулом о распределенных им цифровых активах между лицами, осуществляющими деятельность по цифровому майнингу

Күшін жойған Бұйрық № 709 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы представления сведений цифровым майнинговым пулом о распределенных им цифровых активах между лицами, осуществляющими деятельность по цифровому майнингу
Атауы (қаз.)
Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
709
Қабылданған күні
27.06.2023
Көрсетілген редакция
28.04.2026 183403_816619.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032926
ЭКБ идентификаторы
183403
Редакция идентификаторы
183403_816619
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:13
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 26-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 20____ жылдың _____ кезеңіне цифрлық майнингтік пулмен цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлінген цифрлық активтер туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 709 Бұйрықпен
бекітілді
Нысан
20____ жылдың _____ кезеңіне цифрлық майнингтік пулмен цифрлық майнинг жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлінген цифрлық активтер туралы
мәліметтер

Цифр­лық май­нер­дің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Цифр­лық май­нер­дің аты
Ли­цен­зия ның нө­мі­рі бе­рі­л­ген кү­ні
Элек­трон­ды әми­ян­ның де­ректе­ме­ле­рі (ад­ре­сі)
Қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген цифр­лық ак­тив­тін бө­лін­ген кү­ні
Қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген цифр­лық ак­тив­тін аты
Цифр­лық май­нер­ге бе­рі­лен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген цифр­лық ак­тив­тін са­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
Кестенің жалғасы
май­нинг­тік пул ко­мис­си­я­сы
Цифр­лық ак­тив­тер­де
ва­лю­та­да
Қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген цифр­лық ак­тив­тін аты
Са­ны
Ва­лю­ты­ның аты
Са­ны
9
10
11
12
Цифрлық майнингтік пулдың жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі: _____________________
____________________________________ ________________________________________________
Цифрлық майнингтік пулдың аты Басшының немесе оның міндетін атқаратын адамның
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

1 Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанына түсіндірме

Цифрлық майнингтік пул цифрлық
майнинг жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын тұлғалар арасында өзі
бөлген цифрлық активтер туралы
мәліметтерді ұсыну нысанына
қосымша
Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанына түсіндірме

1. Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер цифрлық майнингтік пул мен цифрлық майнерлердің салық салу мақсатында олардың табысын анықтау үшін ұсынылады.

2. Цифрлық майнингтік пул бекітілген нысанға сәйкес уәкілетті органға цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді, мұндай мәліметтер ұсынылатын айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей жолдайды.

3. Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанында мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1-бағанада жолдың реттік саны көрсетіледі;
2-бағанада цифрлық майнердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
3-бағанада цифрлық майнердің аты көрсетіледі;
4-бағанада цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның нөмірі мен оны берген күні көрсетіледі;
5-бағанада электронды әмиянның деректемелері (адресі) көрсетіледі;
6-бағанада қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің бөлінген күні көрсетіледі;
7-бағанада цифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтін аты көрсетіледі;
8-бағанада цифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтін саны көрсетіледі;
9-бағанада цифрлық майнинг пулмен комиссия ретінде алынған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің аты көрсетіледі;
10-бағанада цифрлық майнинг пулмен комиссия ретінде алынған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің саны көрсетіледі;
11-бағанада цифрлық майнинг пулмен комиссия ретінде алынған валютаның аты көрсетіледі;
12-бағанада цифрлық майнинг пулмен комиссия ретінде алынған валютаның аты көрсетіледі.