Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұйрық · № 248 · қабылданған 27.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183422/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 248 ·27.06.2023
27.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 248 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
248
Қабылданған күні
27.06.2023
Көрсетілген редакция
27.06.2023 183422_642230.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032939
ЭКБ идентификаторы
183422
Редакция идентификаторы
183422_642230
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:12

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң

кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 248 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң
өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1 1. «Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. «Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актiлерiн (сынақ хаттамаларын) беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.»;
19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
20. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекетік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Ведомствоның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.»;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 32) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 32) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтініш жолдайды.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, өндіріс объектісіне бұрын берілген есепке алу нөмірі туралы, өндіріс объектісіне ветеринариялық-санитариялық қорытындының бар-жоғы туралы, меншік құқығындағы тиісті үй-жайлардың бар-жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы жеке кабинеттегі тиісті мәртебе порталда өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметімен бірге «бір өтініш» қағидаты бойынша (бұдан әрі – «Бір өтініш» қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетіледі.
«Бір өтініш» қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық-санитариялық қорытындыны және «бір өтініш» қағидаты бойынша есепке алу нөмірін алуға арналған өтінішті береді.
«Бір өтініш» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтініш тіркелген сәттен бастап 6 (алты) жұмыс күн, оның ішінде:
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру – 4 (төрт) жұмыс күні;
өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірін беру – 2 (екі) жұмыс күні.
«Бір өтініш» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды және жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту беру.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметті рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне келіп түседі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекетік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Ведомствоның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.».
3. «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-4) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларында және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-4) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру», «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» және «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметімен бірге «бір өтініш» қағидаты бойынша (бұдан әрі – «Бір өтініш» қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетіледі.
«Бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық-санитариялық қорытынды алуға және «бір өтініш» қағидаты бойынша есептік нөмір алуға өтінім береді.
«Бір өтініш» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтініш тіркелген сәттен бастап 6 (алты) жұмыс күн, оның ішінде:
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру – 4 (төрт) жұмыс күні;
өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірін беру – 2 (екі) жұмыс күні.
«Бір өтініш» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды және жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту беру.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторлар немесе ветеринария саласындағы мамандар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметті рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекетік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.».

1 «Ветеринариялық зертханалар беретін cараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
Сараптама актісін
(сынақ хаттамасын)
беру қағидаларына
3-қосымша
«Ветеринариялық зертханалар беретін cараптама актісін
(сынақ хаттамасын) беру» мемлекеттік қызметін
көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі Ве­те­ри­на­ри­я­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің «Рес­пуб­ли­ка­лық ве­те­ри­на­ри­я­лық зерт­ха­на» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны және оның фи­ли­ал­да­ры және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі Ве­те­ри­на­ри­я­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің «Ве­те­ри­на­рия бой­ын­ша ұлт­тық ре­фе­рент­тік ор­та­лық» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны және оның фи­ли­а­лы (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) көр­се­те­ді.
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі Ве­те­ри­на­ри­я­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық ин­спек­ци­я­ла­ры/ об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – аумақ­тық бө­лім­ше­лер/ЖАО);
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­те­улер неме­се ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­та­ри­я­лық са­рап­та­ма аяқ­тал­ған­нан кей­ін 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де. Ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­те­улер неме­се ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­та­ри­я­лық са­рап­та­ма мы­на­дай мер­зім­дер­де жүр­гі­зі­ле­ді:
се­ро­ло­ги­я­лық зерт­те­улер бой­ын­ша:
клас­си­ка­лық – 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
им­мун­дық-фер­мент­тік тал­дау (ИФТ) – 20 (жиыр­ма) жұ­мыс кү­ні ішін­де (сы­на­ма­лар­дың жи­на­луы­на қа­рай);
ви­ру­со­ло­ги­я­лық зерт­те­улер – 25 (жиыр­ма бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де (зерт­те­улер жө­нін­де­гі әді­сте­ме­лер­ге бай­ла­ны­сты);
мо­ле­ку­ляр­лық-ге­не­ти­ка­лық зерт­те­улер (МГЗ) – 20 (жиыр­ма) жұ­мыс кү­ні ішін­де (сы­на­ма­лар­дың жи­на­луы­на қа­рай);
бак­те­ри­я­ло­ги­я­лық зерт­те­улер бой­ын­ша:
мик­ро­ско­пия – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
био­ло­ги­я­лық сы­на­ма – 70 (жет­піс) жұ­мыс кү­ні ішін­де (зерт­те­улер жө­нін­де­гі әді­сте­ме­лер­ге бай­ла­ны­сты);
па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер бой­ын­ша – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
та­мақ өнім­де­рі­нің, азық және азық­тық қо­с­па­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гі көр­сет­кіш­те­рін анық­тау бой­ын­ша – 8 (се­гіз) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
та­мақ өнім­де­рін мін­дет­ті және қо­сым­ша зерт­те­улер бой­ын­ша – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де.
Сы­на­ма­лар­ды алу және олар­ды зерт­ха­на­ға зерт­те­у­ге жол­дау – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/ қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Са­рап­та­ма ак­ті­сі (сы­нақ хат­та­ма­сы) не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар) ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­ме­ті көр­се­ту құ­нын көр­се­ті­ле­тін қыз­ме­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сі­нің 116-ба­бы 1-тар­ма­ғы­на және «Ве­те­ри­на­рия ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 35-ба­бы 2-тар­ма­ғы­ның 3), 5), 6-1), 6-3) және 7) тар­мақ­ша­ла­ры­на сәй­кес бел­гі­лей­ді және ин­тер­нет-ре­сур­ста және үй-жай­лар­да ор­на­ла­сты­ра­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке қол­ма-қол және қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы ауда­ру жо­лы­мен не зерт­ха­на­лар­дың кас­са­ла­ры­на қол­ма-қол ақ­ша­мен неме­се шар­ттық мін­дет­те­ме­лер шең­бе­рін­де ақы тө­лей­ді.
Мем­ле­кет­тік ве­те­ри­на­ри­я­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау объ­ек­ті­ле­рі­нен ди­а­гно­сти­ка неме­се ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­та­ри­я­лық са­рап­та­ма үшін сы­на­ма­лар алу те­гін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің –Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек Ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.00-ге дей­ін;
2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де, өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Жұ­мыс уа­қы­ты­ның бел­гі­лен­ген ұз­ақ­тығ­ы­нан тыс уа­қыт­та өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші жұ­мыс уа­қы­ты­ның кесте­сіне сәй­кес бел­гі­лей­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
Аумақ­тық бө­лім­ше­лер/ЖАО ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге:
1) ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат және өкіл­дің өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін); пор­тал­да:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш. Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­ті­нің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді аумақ­тық бө­лім­ше­лер­дің/ЖАО-ның қыз­мет­кер­ле­рі «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алу­ға бо­ла­тын құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші цифр­лық құ­жат­тар­ды пор­тал­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бір рет­тік құ­пи­я­сө­зді бе­ру ар­қы­лы неме­се пор­тал­дың ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның са­рап­та­ма ак­ті­сін (сы­нақ хат­та­ма­сын) алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты са­рап­та­ма ак­ті­сін (сы­нақ хат­та­ма­сын) алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да және ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін ақ­па­рат пай­да­ла­ну­шы­лар мо­биль­ді қо­сым­ша­да және ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қол­же­тім­ді әді­стер­мен ав­тор­лан­ды­ру­дан өтуі ти­іс, одан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне әрі қа­рай пай­да­ла­ну үшін құ­жат­ты қа­рай­ды.

Қолданыстағы