Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 515 · қабылданған 27.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183449/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 515 ·27.06.2023
27.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 515 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
515
Қабылданған күні
27.06.2023
Көрсетілген редакция
27.06.2023 183449_651824.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032948
ЭКБ идентификаторы
183449
Редакция идентификаторы
183449_651824
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:11

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

8 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 515 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі

1

1. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10352 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
Қа­ру­ды қол­да­ну­да қа­уіп­сіз­дік қа­ғи­да­ла­рын бі­лу­ін тек­се­ру ту­ра­лы анық­та­ма
Аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру­дың ие­ле­рі мен пай­да­ла­ну­шы­лар­дың аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру­ды қа­уіп­сіз ұстау қа­ғи­да­ла­рын бі­лу­іне да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) бағ­дар­ла­ма­лар­дан өт­ке­ні ту­ра­лы анық­та­ма
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 13 мау­сым­да­ғы № 536 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 18849 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген ны­са­ны бой­ын­ша аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру­дың ие­ле­рі мен пай­да­ла­ну­шы­лар­дың аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру­ды қа­уіп­сіз ұстау қа­ғи­да­ла­рын бі­лу­іне да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) бағ­дар­ла­ма­лар­дан өт­ке­ні ту­ра­лы анық­та­ма, қа­ру ай­на­лы­мын ба­қы­лау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­тын ұй­ым­дар бе­ре­ді
»;
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7
Қа­ру­дың неме­се па­трон­дар­дың тә­жі­ри­бе­лік үл­гі­ле­рін дай­ын­дау және сы­нау үшін мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стік тех­ни­ка­лық ба­за, қо­са ал­ған­да:
ма­ман­дан­ды­ры­л­ған өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тар­ды (үй-жай­лар­ды), жаб­дық­тар­ды, стен­ді­лер­ді, сы­нақ өт­кі­зу зерт­ха­на­сын, ба­қы­лау-өл­шеу ап­па­ра­ту­ра­сын;
қа­ру мен оның па­трон­да­рын әзір­леу жө­нін­де­гі цех­тың бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен ке­лі­сі­л­ген және бе­кі­ті­л­ген жұ­мыс жо­ба­сы;
бөл­шек­тер­ді, құ­ра­с­ты­ру бір­лік­те­рін есеп­ке алу және сақ­тау жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды қам­та­ма­сыз ете оты­рып, оқ­ша­у­лан­ған үй-жай­лар­да ор­на­ла­сты­ры­ла­тын негіз­гі бөл­ше­ік­тер­ді (ұң­ғы­лар­ды, бе­кіт­пе­лер­ді, ба­ра­бан­дар­ды, жақ­та­у­лар­ды, ұң­ғы қо­рап­та­рын) дай­ын­дау жө­нін­де­гі ме­ха­ни­ка­лық өн­ді­ре­тін және құ­ра­с­ты­ру цех­та­ры (учас­ке­ле­рі);
өрт-кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы құ­рал­да­ры­мен жаб­дық­тал­ған тех­ни­ка­лық ны­ғай­ту жө­нін­де­гі та­лап­тар­ға жа­у­ап бе­ре­тін қа­ру мен па­трон­дар­дың әзір­лен­ген жиын­тық­та­рын сақ­та­у­ға ар­нал­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған үй-жай­лар­ды
Өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­сы, жаб­дық­тар мен ап­па­ра­ту­ра­ға мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын рас­тай­тын бар бо­луын көр­се­те­тін құ­жат­та­ры.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
»;
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
10
Қа­ру мен оның па­трон­да­рын сақ­тау, сақ­та­луы және есеп­ке алу тәр­ті­бі бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 1 шіл­де­гі № 602 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 18961 бо­лып тір­кел­ген) аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру мен оның па­трон­да­ры­ның ай­на­лы­мы қа­ғи­да­ла­ры­ның 120, 121 және 122-тар­мақ­та­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі
Құ­жат бе­ріл­мей­ді
Өті­ніш бер­ген­нен кей­ін іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның қыз­мет­ке­рі объ­ек­ті­ні, үй-жай­лар­ды тек­се­ру­ді жүр­гі­зе­ді. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2016 жы­л­ғы 29 на­уры­зда­ғы № 313 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 13694 бо­лып тір­кел­ген) (бұ­дан әрі - № 313 бұй­рық) іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру ай­на­лы­мы са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау жө­нін­де­гі бө­лім­ше­ле­рі­нің қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру ту­ра­лы нұс­қа­улық­қа 20-қо­сым­ша­ға сәй­кес аяқ­та­лу ны­са­ны – объ­ек­ті­ні тек­се­ру ту­ра­лы акт тол­ты­ры­ла­ды
»;
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
14
Мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стік тех­ни­ка­лық ба­за, қо­са ал­ған­да:
ма­ман­дан­ды­ры­л­ған өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тар­ды, кө­лік құ­рал­да­рын, жаб­дық­ты, стен­ді­лер­ді, сы­нақ өт­кі­зу зерт­ха­на­сын, ба­қы­лау-өл­шеу ап­па­ра­ту­ра­сын;
қа­ру­ды және оның па­трон­да­рын жа­сау жө­нін­де­гі цех­тың бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен ке­лі­сі­л­ген және бе­кі­ті­л­ген жұ­мыс жо­ба­сын;
бөл­шек­тер­ді, құ­ра­с­ты­ру бір­лік­те­рін есеп­ке алу және сақ­тау жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды қам­та­ма­сыз ете оты­рып, оқ­ша­у­лан­ған үй-жай­лар­да ор­на­ла­сты­ры­ла­тын негіз­гі бө­лік­тер­ді (ұң­ғы­лар­ды, бе­кіт­пе­лер­ді, ба­ра­бан­дар­ды, жақ­та­у­лар­ды, ұң­ғы қо­рап­та­рын) дай­ын­дау жө­нін­де­гі ме­ха­ни­ка­лық өн­ді­ре­тін цехын (учас­ке­сі);
бөл­шек­тер­ді, құ­ра­с­ты­ру бір­лік­те­рін есеп­ке алу және сақ­тау бой­ын­ша жағ­дай­лар­ды қам­та­ма­сыз ете оты­рып, оқ­ша­у­лан­ған үй-жай­лар­да ор­на­ла­сты­ры­ла­тын, өрт-кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы құ­рал­да­ры­мен жаб­дық­тал­ған, тех­ни­ка­лық ны­ғай­ту жө­нін­де­гі та­лап­тар­ға жа­у­ап бе­ре­тін құ­ра­с­ты­ру цехын;
дай­ын қа­ру­ды және өрт-ку­зет даб­ы­лы құ­рал­да­ры­мен жаб­дық­тал­ған сақ­та­у­ға ар­нал­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған қой­ма­лар;
өн­ді­ріс про­це­сін­де жа­рам­сыз қа­ру­дың негіз­гі бө­лік­те­рін және оның па­трон­да­рын сақ­та­у­ға ар­нал­ған неке изо­ля­то­ры.
Өн­ді­рі­стік ба­за­сы­ның ау­ма­ғы­на мын­да­дай та­лап­тар қой­ы­ла­ды:
оқ­ша­у­ла­нуы, қор­ша­удың, тәу­лік­тік қа­ру­лы кү­зет­тің, тех­ни­ка­лық ны­ғай­ты­лу­дың, өрт­ке қар­сы қа­уіп­сіз­дік­тің бо­луы, тұр­ғын және өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер­ден қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­тив­тер­де көз­дел­ген қа­уіп­сіз қа­шық­тық­та ор­на­ла­сты­руы
Өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­сы, мен­шік неме­се жал­дау құқы­ғын рас­тай­тын бар бо­луын көр­се­те­тін құ­жат­та­ры.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
»;
реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
21
Тех­ни­ка­лық ны­ғай­ту та­лап­та­ры­на жа­у­ап бе­ре­тін және өрт-кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы құ­рал­да­ры­мен жаб­дық­тал­ған мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ше­бер­ха­на
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ше­бер­ха­на­ға мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
»;
реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
26
Тех­ни­ка­лық ны­ғай­ту жө­нін­де­гі та­лап­тар­ға жа­у­ап бе­ре­тін және өрт-кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы­мен жаб­дық­тал­ған қа­ру мен оның па­трон­да­рын, аң­шы­лық оқ-дә­рі­ні сақ­та­у­ға, са­ту­ға ар­нал­ған мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы ар­найы жаб­дық­тал­ған үй-жай­лар
Қа­ру мен оның па­трон­да­рын, аң­шы­лық оқ-дә­рі­ні сақ­та­у­ға, са­ту­ға ар­нал­ған мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын рас­тай­тын ар­найы жаб­дық­тал­ған үй-жай­лар­дың құ­жат­та­ры.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
»;
реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
30
Қа­ру мен оның па­трон­да­ры­ның сақ­та­луын, олар­ды сақ­тау қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­тін және олар­ға бө­тен адам­дар­дың қол же­тім­ді­лі­гін бол­дыр­май­тын жағ­дай­лар­дың бар бо­луы. Мұ­ра­жай қа­ру­ла­ры үшін – кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы­мен жаб­дық­тал­ған, же­ке, осы мақ­сат­тар­ға ар­найы ар­нал­ған үй-жай­лар­да­ғы кі­лт­пен жа­бы­ла­тын вит­ри­на­лар, сейф­тер неме­се ме­талл шкаф­тар
Кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сын ор­на­ту ак­ті­сі.
Қа­ру­ды сақ­та­у­мен объ­ек­ті­ні (үй-жай­ды) кү­зе­ту шар­ты.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
»;
реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
32
Кі­лт­пен жа­бы­ла­тын вит­ри­на­лар, сейф­те­рі неме­се ме­талл шкаф­та­ры бар кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы­мен жаб­дық­тал­ған же­ке үй-жай­лар
Құқық бе­ре­тін құ­жат­тар неме­се жал­ға алу шар­ты.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі (заң­ды тұ­лға­лар үшін)
»;

2

2. «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 6 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10353 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоса беріліп отырған Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
Пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ға рұқ­са­ты бар же­ке тұл­ға­да мә­лім­дел­ген қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға бай­ла­ны­сты қар­сы ай­ғақ­тар­дың (пси­хи­ка­лық ау­ру­лар, мас­кү­нем­дік неме­се на­ша­қор­лық) жоқ­тығы ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма­лар
Мә­лім­дел­ген қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға бай­ла­ны­сты қар­сы ай­ғақ­тар­дың (пси­хи­ка­лық ау­ру, мас­кү­нем­дік неме­се на­ша­қор­лық) жоқ­тығы ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма­лар
Мә­лім­дел­ген қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға бай­ла­ны­сты ме­ди­ци­на­лық қар­сы ай­ғақ­тар­дың (пси­хи­ка­лық ау­ру­лар, мас­кү­нем­дік неме­се на­ша­қор­лық) жоқ­тығы ту­ра­лы, аумақ­тық по­ли­ция ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­ке­рі ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды
»;
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін және есеп­ке алы­на­тын өнім­нің сақ­та­луын, оны қа­таң есеп­ке алу­ды және бар-жо­ғын тек­се­ру мүм­кін­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­тін дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық өнім­ді сақ­та­у­ға ар­нал­ған мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы қой­ма­лар
Дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды са­ту­ға ар­нал­ған және олар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған қой­ма­лар мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
»;
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды өн­ді­ру­ге, сақ­та­у­ға және кә­де­ге жа­ра­ту­ға ар­нал­ған және мы­на­лар­ды:
бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды орын­да­у­ға жі­бе­рі­л­ген тех­но­ло­ги­я­лық және қо­сал­қы жаб­дық­тар­ды;
өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін және есеп­ке алын­ған өнім­нің сақ­та­луын, қа­таң есеп­ке алу­ды және бо­луын тек­се­ру мүм­кін­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­тін дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған қой­ма­ны;
ғы­лы­ми-зерт­теу және тә­жі­ри­бе­лік-кон­струк­тор­лық жұ­мыстар­ды жүр­гізу­ге ар­нал­ған ак­кре­дит­тел­ген зерт­ха­на­лық ба­за­ны неме­се пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар мен бұй­ым­дар­ды сы­нақ­тан өт­кі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет­тер көр­се­ту жө­нін­де­гі ак­кре­дит­тел­ген зерт­ха­на­лық ба­за­мен жа­сал­ған шар­тты;
пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды ба­қы­лау сы­на­ғы­нан өт­кізу­ге ар­нал­ған ар­найы жаб­дық­тал­ған аумақ­ты;
пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған ар­найы жаб­дық­тал­ған ав­то­кө­лік­ті;
өрт­ке қар­сы қор­ға­ныс құ­рал­да­рын (өрт сиг­на­ли­за­ци­я­сы мен өрт сөн­ді­ру), өрт­ті сөн­ді­ру үшін қа­жет­ті өрт­ке қар­сы су­мен жаб­дық­та­уды және ар­найы құ­рал­дар­дың есеп­тік қо­рын, өрт шық­қан жағ­дай­да пер­со­нал­дың іс-қи­мы­лы жос­па­рын қам­ти­тын және бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға жа­у­ап бе­ре­тін мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за
Өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­сы, ти­іс­ті жаб­дық­тар мен ап­па­ра­ту­ра­ға мен­шік неме­се жал­га алу құқы­ғын рас­тай­тын бар бо­луын көр­се­те­тін құ­жат­та­ры.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
»;
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
11
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін және есеп­ке алын­ған өнім­нің сақ­та­луын, оны қа­таң есеп­ке алу­ды және бо­луын тек­се­ру мүм­кін­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­тін дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды са­ту­ға ар­нал­ған және олар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған қой­ма­лар мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы ар­найы жаб­дық­тал­ған үй-жай­лар
Дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған үшін қой­ма­лар мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
»;
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
15
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін және есеп­ке алын­ған өнім­нің сақ­та­луын, оны қа­таң есеп­ке алу­ды және бо­луын тек­се­ру мүм­кін­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­тін дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық өнім­ді са­ту­ға ар­нал­ған мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы ар­найы жаб­дық­тал­ған үй-жай­лар
Дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды са­ту­ға үй-жай­лар­дың ар­нал­ған үшін мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
»;
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
16
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды сақ­тау үшін қой­ма­ны мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да:
есеп­ке алы­на­тын өнім­нің (пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық өнім­ді өт­кі­зу үшін үй-жай­да ти­іс­ті­лік нор­ма­ла­ры­нан ар­тық сақ­тал­ған жағ­дай­да) сақ­та­луын есеп­ке алу­ды және оның бар-жо­ғын тек­се­ру мүм­кін­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­ді
Дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған үшін қой­ма­лар және үй-жай­лар са­ту­ға үшін мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымша алып тасталсын.

3

3. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғалар жұмыскерлеріне қызметтік қару және оған патрондарды сақтауға және алып жүруге рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
1-қосымшада:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
заң тұ­лға­лар­ға қыз­мет­тік қа­ру мен оның па­трон­да­рын сақ­тау мен алып жү­ру­ге рұқ­сат­тар бе­ру рұқ­сат бе­ру үшін:
заң­ды тұл­ға­ның мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар Тіз­бе­сі­нің (бұ­дан әрі – негіз­гі та­лап­тар Тіз­бе­сі) 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша негіз­гі та­лап­тар Тіз­бе­сі­нің 2-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес тол­ты­ры­л­ған мә­лі­мет­тер ны­са­ны­мен элек­трон­дық түр­де­гі өті­ні­ші;
ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зя­и­лық алым­нын тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың мә­лі­мет­те­рі;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы №ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­мен «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы есеп­ке алу құ­жат­та­ма­сы­ның ны­сан­да­рын, сон­дай-ақ олар­ды тол­ты­ру жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тар­ды бе­кі­ту ту­ра­лы» (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген 3-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес № 076/е ны­са­ны бой­ын­ша қа­ру­ды ие­ле­ну­ге қар­сы көр­сет­пе­лер­дің жоқ еке­ні ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық қо­ры­тын­ды­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сін;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 13 мау­сым­да­ғы № 536 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 18849 бо­лып тір­кел­ген) аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру­дың ие­ле­рі мен пай­да­ла­ну­шы­ла­рын да­яр­лау және қай­та да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­ла­ры ны­сан бой­ын­ша қа­ру­ды қа­уіп­сіз ұстау қа­ғи­да­ла­рын бі­лу­ін тек­се­ру­ден өт­ке­ні ту­ра­лы анық­та­ма­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, кү­зет­ші­лер­ді да­яр­лау (бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру) жө­нін­де­гі ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лық­та­ры бер­ген кү­зет­ші ре­т­ін­де жұ­мыс іс­теу үшін да­яр­лық­тан өт­ке­нін рас­тай­тын ку­ә­лік­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі ұсы­ны­ла­ды (же­ке кү­зет ұй­ым­да­ры­ның кү­зет­ші­ле­рі үшін);
қа­ру­ды қол­да­ну­ға заң­ды тұ­лға­лар­дың қыз­мет­кер­ле­ріне бе­кі­ті­л­ген қа­ру­дың түрiн, үл­гі­сін, мо­де­лін, жүй­есiн, ка­либ­рін, нө­мiрiн көр­се­те оты­рып, бұй­рық­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
қа­ру мен оның па­трон­да­рын сақ­та­у­ға жа­у­ап­ты адам­ды та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы, қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зи­я­лар ту­ра­лы, Іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін қыз­мет­тік қа­ру­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ар­найы жаб­дық­тал­ған үй-жай­дың мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру­ды сақ­та­у­ға, сақ­та­у­ға және алып жү­ру­ге рұқ­сат­тар ту­ра­лы, қа­ру са­уда­сы жө­нін­де­гі ма­ман­дан­ды­ры­л­ған дү­кен­дер­де са­тып алын­ған қа­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу ту­ра­лы ақ­па­рат (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­да), көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден элек­трон­дық үкі­мет­тің «шлю­зі» ар­қы­лы ала­ды
»;

4

4. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласында екінші санаттағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 637 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 21281 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат беру кезіндегі рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 2-қосымшасында:
реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
13
Жет­кі­зі­ле­тін қа­ру мен оқ-дә­рі­лер­дің нақ­ты түр­ле­рі мен мо­дель­де­рін және олар­дың са­нын көр­се­те оты­рып, қа­ру мен (неме­се) оның па­трон­да­рын жет­кізу­ге неме­се са­тып алу­ға ар­нал­ған шар­ттың (ке­лі­сім­шарт) (қа­ру­ды әке­лу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын заң­ды тұ­лға­лар үшін) не қа­ру мен оның па­трон­да­рын са­тып алу-са­ту шар­ты­ның (ке­лі­сім­шарт) (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да қа­ру са­уда­сын жү­зе­ге асы­ра­тын заң­ды тұ­лға­лар үшін).
Ке­лі­сім шар­тта неме­се оған қо­сым­ша­да (спе­ци­фи­ка­ци­яда) жет­кі­зі­ле­тін қа­ру мен оқ-дә­рі­лер­дің нақ­ты түр­ле­рі мен үл­гі­ле­рін және олар­дың са­нын көр­се­те оты­рып
Қа­ру мен (неме­се) оның па­трон­да­рын жет­кізу­ге неме­се са­тып алу­ға ар­нал­ған шар­ттың (ке­лі­сім­шарт) (қа­ру­ды әке­лу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын заң­ды тұ­лға­лар үшін) не қа­ру мен оның па­трон­да­рын са­тып алу-са­ту шар­ты­ның (ке­лі­сім­шарт) (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да қа­ру са­уда­сын жү­зе­ге асы­ра­тын заң­ды тұ­лға­лар үшін).
Ке­лі­сім шар­тта неме­се оған қо­сым­ша­да (спе­ци­фи­ка­ци­яда) жет­кі­зі­ле­тін қа­ру мен оқ-дә­рі­лер­дің нақ­ты түр­ле­рі мен мо­дель­де­рі және олар­дың са­ны көр­се­ті­ле­ді
Қа­ру мен (неме­се) оның па­трон­да­рын жет­кізу­ге неме­се са­тып алу­ға ар­нал­ған шар­ттың (ке­лі­сім­шарт) са­уда жа­са­уды заң­дар­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру­мен, оның па­трон­да­ры­мен ли­цен­зия ал­ған ұй­ым­дар жү­зе­ге асы­ра­ды
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-жолмен толықтырылсын:
«
16
Аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру мен оның па­трон­да­ры са­уда­сы­на, құқы­ғы­ның бо­луы
Уәкі­лет­ті іш­кі іс­тер ор­га­ны бер­ген аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру мен оның па­трон­да­ры са­уда­сы­на ли­цен­зия (ұсы­ныл­май­ды)
Іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның қыз­мет­ке­рі бер­ген аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру мен оның па­трон­да­ры са­уда­сы­на ли­цен­зи­я­сы ба­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ЕЛ МДБ АЖ ар­қы­лы ала­ды
».

Қолданыстағы