Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения, опубликования стоимости цифровых активов и перечня их видов

Бұйрық · № 578 · қабылданған 31.05.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 05.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183481/on/2026-09-05/
Басып шығарылды 2026-09-05 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения, опубликования стоимости цифровых активов и перечня их видов Күшін жойған Бұйрық ·№ 578 ·31.05.2023
29.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
05.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения, опубликования стоимости цифровых активов и перечня их видов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 578 · 05.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения, опубликования стоимости цифровых активов и перечня их видов
Атауы (қаз.)
Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
578
Қабылданған күні
31.05.2023
Көрсетілген редакция
29.03.2024 183481_695851.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23E0000578
ЭКБ идентификаторы
183481
Редакция идентификаторы
183481_695851
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:39

0 Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидаларын бекіту туралы

бірлескен бұйрық
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі) 227-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті осы бірлескен бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бірлескен бұйрықтың техникалық орындалуын қамтамасыз етеді.

5 5. Осы бірлескен бұйрықтың атқарылуын бақылауға алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің басшысына жүктеледі.

6 6. Осы бірлескен бұйрық тараптармен қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалар

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2023 жылғы «__» _____
№___ және
«Астана» халықаралық
қаржы орталығының
басқарушысының
2023 жылғы «___» ______
№____ бірлескен
бұйрығымен бекітілген
Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалар

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 227-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

цифрлық актив – цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография және компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген және ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік;
цифрлық активтер биржасы – цифрлық активтердің сауда-саттығын, шығарылуын, айналысын және сақталуын ұйымдастырушылық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын цифрлық платформа;
цифрлық майнингтік пул – Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

2 2-тарау. Цифрлық активтердің құнын айқындау тәртібі

3 3. Цифрлық активтердің құны цифрлық майнинг пулының, осындай цифрлық активтерден алынған цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның кірісін айқындау мақсатында кіріс алынған күнге осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тәртіппен айқындалады.

4

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді, сондай-ақ цифрлық активтер туралы өзге ақпаратты беретін тұлғалармен жасалған шарт (бұдан әрі – Шарт) негізінде цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді жариялайды.
Мұндай Шарт болмаған жағдайда Комитет күн сайын CoinMarketCap (coinmarketcup.com) ашық дереккөзінің деректері бойынша осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген цифрлық активтердің құнын тәулік (24 сағат) ішінде цифрлық активтердің нарықтың капиталдандыру деректері мен цифрлық активтер айналымының көлемі туралы деректерге сүйене отырып айқындайды.
Цифрлық активтердің құны мына формула бойынша айқындалады:
мұнда:
Р – тәуліктегі (24 сағат) цифрлық активтердің құны;
Mcap – Америка Құрама Штаттарының долларындағы цифрлық активтердің нарықтағы капитализациясы;
V – тәулікте (24 сағат) цифрлық активтердің сауда-саттық көлемі;
К – кіріс алынған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы.

5 5. Цифрлық активтер биржасының кірісін айқындау мақсатында алынған цифрлық активтердің құны кіріс алынған сәттегі цифрлық активтердің қолданылатын құны бойынша айқындалады.

6 6. Белгілі бір шетел валютасына тіркелген құны бар цифрлық активтер айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған тиісті шетел валютасын айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасына қайта есептеледі.

3 3-тарау. Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін жариялау тәртібі

7 7. Комитет ай сайын деректер жарияланған айдан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді Комитеттің интернет-ресурсында жариялайды.

8 8. Bitcoin (BTC), BitcoinCash (BCH), Dash (DASH), Dogecoin (Doge), EthereumClassic (ETC), Horrizen (ZEN), Litecoin (LTC), Monero (XMR), Litecoin (LTC), Siacoin (SC), Thronix (TRX), Zcash (ZEC) цифрлық активтердің құны жариялануға жатады.

Құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі цифрлық майнинг пулының өтініші негізінде толықтырылады.
Комитет цифрлық активтердің құнын жариялауды майнинг пулының өтініші негізінде, осындай өтінішті алған күннен кейінгі күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде жүзеге асырады.

Қолданыстағы