Об утверждении требований к защите свидетельства о рождении
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении требований к защите свидетельства о рождении
- Атауы (қаз.)
- Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 428
- Қабылданған күні
- 29.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 06.11.2024 183485_728079.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032951
- ЭКБ идентификаторы
- 183485
- Редакция идентификаторы
- 183485_728079
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:09
0 Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйырық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 428 Бұйрықпен
бекітілген
Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар
1 1. Туу туралы куәлік бланкісінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.
2 2. Туу туралы куәлік бланкісі қазақтың оюлары, өрнектері қолданылып жасалған (ауданның кемінде 30 %) жиекті рамкадан және тангир тордан тұрады.
3 3. Міндетті қорғаныш элементі ретінде биіктігі 250 микрометрден аспайтын микрошрифт, сондай-ақ гильошир элементтер пайдаланылады. Графикалық элементтерде сызықтықтан (штрихтік) басқа растрлық құрылымдар болмайды.
4
4. Туу туралы куәлік бланкісі түпнұсқа сутамғы белгісі, арнайы қорғаныш дақтары бар, ақтығы 94-96 %, құрамында мақта немесе зығыр талшығының мөлшері жоғары қағазда жасалады, тығыздығы - 100-120 г/м2. Мөрде кем дегенде төрт бояу пайдаланылады. Бұл ретте температураның әсерінен өзінің түсі мен қанықтығын өзгертпейтін, түрлі түсті көшірмелеуге кедергі келтіретін пастельді қоспалары бар бояулар пайдаланылуы қажет.