Об утверждении размеров денежных поощрений чемпионам и призерам международных спортивных соревнований, тренерам и членам национальных команд Республики Казахстан по видам спорта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении размеров денежных поощрений чемпионам и призерам международных спортивных соревнований, тренерам и членам национальных команд Республики Казахстан по видам спорта
- Атауы (қаз.)
- Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 156
- Қабылданған күні
- 27.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 20.06.2025 183561_763080.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032990
- ЭКБ идентификаторы
- 183561
- Редакция идентификаторы
- 183561_763080
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:12
0 Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшерін бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
0 Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшері
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 156 бұйрығымен
бекітілген
Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшері
Р/с №
Халықаралық спорттық жарыстардың атауы
Иеленген орны
Спортшыларды теңгеге барабар АҚШ долларымен ақшалай көтермелеу мөлшері
Жаттықтырушыларды теңгеге барабар АҚШ долларымен ақшалай көтермелеудің жалпы мөлшері
1
2
3
4
5
1.
Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары
1-орын
250000
250000
2-орын
150000
150000
3-орын
75000
75000
4-орын
30000
30000
5-орын
10000
10000
6-орын
5000
5000
2.
Әлем чемпионаты (ересектер арасында): олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша
1-орын
15000
10000
2-орын
7000
5000
3-орын
5000
3000
олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша кемiнде 20 елдің (спорттық дисциплина немесе әрбiр салмақ санаты бойынша) өкiлдерi қатысқан жағдайда
1-орын
2300
2300
2-орын
1800
1800
3-орын
1100
1100
3.
Жазғы, қысқы Азия ойындары, Азия Паралимпиадалық ойындары
1-орын
10000
5000
2-орын
5000
3000
3-орын
3000
2000
4.
Жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиада
1-орын
15000
15000
2-орын
10000
10000
3-орын
5000
5000
5.
Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындары
1-орын
10000
5000
2-орын
5000
3000
3-орын
3000
2000
6.
Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты
1-орын
2300
2300
2-орын
1400
1400
3-орын
900
900
7.
Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша (жастар арасында) әлем чемпионаты
1-орын
3500
3500
2-орын
2300
2300
3-орын
1100
1100
8.
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем рекордын орнату
5000
3000