Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил подтверждения иностранцами и лицами без гражданства, претендующими на получение разрешений на постоянное проживание в Республике Казахстан, своей платежеспособности в период пребывания в Республике Казахстан

Бұйрық · № 531 · қабылданған 30.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183569/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил подтверждения иностранцами и лицами без гражданства, претендующими на получение разрешений на постоянное проживание в Республике Казахстан, своей платежеспособности в период пребывания в Республике Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 531 ·30.06.2023
30.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил подтверждения иностранцами и лицами без гражданства, претендующими на получение разрешений на постоянное проживание в Республике Казахстан, своей платежеспособности в период пребывания в Республике Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 531 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил подтверждения иностранцами и лицами без гражданства, претендующими на получение разрешений на постоянное проживание в Республике Казахстан, своей платежеспособности в период пребывания в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
531
Қабылданған күні
30.06.2023
Көрсетілген редакция
30.06.2023 183569_666600.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033001
ЭКБ идентификаторы
183569
Редакция идентификаторы
183569_666600
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:07

0 Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау қағидаларын бекiту туралы

«Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттiгiн растау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

0 Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 531 Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға
үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау қағидалары

1

1. Осы Қағидалар «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау тәртібін айқындайды.

2

2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленген тәртiппен берiлетiн рұқсатты алу туралы қолдаухатпен жүгiнген кезде өздерiнің төлем жасау қабiлеттiгiн растайды.
Өтінiш бiлдiрушi Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнiң төлем жасау қабiлеттігiн растау үшiн iшкi iстер органдарына тұрақты тұруға қалдыру туралы – өтінішхат берілген күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бiр мың үш жүз жиырма еселенген ең төменгi есептiк көрсеткiш тең немесе баламасынан асатын;

3 3. Төлем қабілеттілігін растайтын ұсынылған құжаттарды шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның келісімімен ішкі істер органдары төлем жасау қабілеттілігін растайтын құжатты берген банк мекемесіне осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес сұрау жіберу жолымен түпнұсқалық тұрғысынан тексереді.

Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсаттар алуға
үмiткер шетелдіктердің және
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасында болу
кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау
қабiлеттігін растау қағидаларына
қосымша
__________________________________
(банк мекемесінің атауы)
__________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(тегін, атын, әкесінің атын, (бар болған жағдайда) туған күнін, паспорттық деректерін
көрсету)
20__ж. «___» ____________ шығыс № ___________________ хатпен берілген
шетелдіктің (азаматтығы жоқ адамның) банк шотының бар-жоғын растайтын
құжаттың түпнұсқалығы туралы ақпаратты хабарлауды сұраймын.
Ақпарат сұраған:
_____________________________
_____________________________
(ішкі істер органы басшысының
лауазымы, тегі, аты-жөні, (бар болған жағдайда) _______________________
(лауазымды адамның қолы)
____________________________________________ ішкі істер органына
(шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның тегі, аты,
әкесінің аты, (бар болған жағдайда) ақпарат беруге келісемін.
___________________ _____________________
(қолы) (күні)

Қолданыстағы