Об утверждении Правил и условий привлечения добровольными накопительными пенсионными фондами добровольных пенсионных взносов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил и условий привлечения добровольными накопительными пенсионными фондами добровольных пенсионных взносов
- Атауы (қаз.)
- Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидаларын және талаптарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 59
- Қабылданған күні
- 26.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2023 183574_641456.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033005
- ЭКБ идентификаторы
- 183574
- Редакция идентификаторы
- 183574_641456
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:14
0 Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы
жарналарын тарту қағидаларын және талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 42-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидалары және талаптары бекітілсін.
2 2. Мына:
1
1) «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 213 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8798 болып тіркелген);
2
2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 265 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14733 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 10-тармағының күші жойылсын деп танылсын.
3 3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидалары және талаптары
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2023 жылғы 26 маусымдағы
№ 59 Қаулымен
бекітілген
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидалары және талаптары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидалары және талаптары (бұлан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 42-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту тәртібі мен талаптарын белгілейді.
1 1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1
1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – Қор) – ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
2
2) ерікті зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртiппен зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына Қорға ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының өзінің бастамасы бойынша салатын ақшасы;
3
3) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – бiр тараптан Қор және екiншi тараптан салымшы (зейнетақы төлемдерiн алушы) жасасатын, ерікті зейнетақы жарналарына, жинақтарына және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерін алуға байланысты құқықтық қатынастарды орнату, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;
4 4) ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы – ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын өзiнiң меншiктi қаражаты есебiнен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5 5) зейнетақы қағидалары – Қордың басқару органы бекіткен Қордың ішкі құжаты;
6 6) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.
2 2-тарау. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту тәртібі және талаптары
2
2. Қор қызметті уәкілетті орган берген ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензия негізінде жүзеге асырады және ерікті зейнетақы жарналарын Қағидаларда, Қордың зейнетақы қағидаларында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен және талаптармен тартады.