Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельные участки
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1341
- Қабылданған күні
- 30.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2023 183602_640374.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23NA01341A
- ЭКБ идентификаторы
- 183602
- Редакция идентификаторы
- 183602_640374
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:06
0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 337, № 338, № 339, № 340, № 341, № 342, № 343 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес су құбыры мен өздігінен ағатын кәріз коллекторын қайта жаңарту үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.
2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Әкімдіктің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 1341 қаулысына
қосымша
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1 1) Қостанай қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы Бородин көшесі, 233 дейін, Дружба көшесі, 35 бастап Киевская көшесі, 46 дейін шекараларында Дзержинский көшесі бойынша су құбырын қайта жаңарту үшін, жалпы алаңы 2,7 гектар;
2 2) Қостанай қаласы, Сьянов-Алтынсарин көшелерінің шекараларында Пушкин көшесі бойынша су құбырын қайта жаңарту үшін, жалпы алаңы 0,78 гектар;
3 3) Қостанай қаласы, Чехов көшесінің Железнодорожный көшесіне дейін шекараларында, Павлов-Фролов көшелерінің шекараларында Павлов көшесі бойынша су құбырын қайта жаңарту үшін, жалпы алаңы 1,2 гектар;
4
4) Қостанай қаласы, Құс фабрикасы құбыр желісі, «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсірорны аумағынан автовокзалға дейінгі су құбырын қайта жаңарту үшін, жалпы алаңы 1,96 гектар;