Құжат мәтініне өту

О переименовании сел Маншук, Приречное и Приреченского сельского округа Целиноградского района Акмолинской области

Қаулы · № А-7/268 · қабылданған 01.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183614/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О переименовании сел Маншук, Приречное и Приреченского сельского округа Целиноградского района Акмолинской области Қолданыста Қаулы ·№ А-7/268 ·01.07.2023
01.07.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании сел Маншук, Приречное и Приреченского сельского округа Целиноградского района Акмолинской области

Қолданыста Қаулы ·№ А-7/268 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании сел Маншук, Приречное и Приреченского сельского округа Целиноградского района Акмолинской области
Атауы (қаз.)
Ақмола облысы Целиноград ауданының Мәншүк, Приречное ауылдарын және Приречный ауылдық округін қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-7/268
Қабылданған күні
01.07.2023
Көрсетілген редакция
01.07.2023 183614_640044.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23B0859903
ЭКБ идентификаторы
183614
Редакция идентификаторы
183614_640044
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:04

0 Ақмола облысы Целиноград ауданының Мәншүк, Приречное ауылдарын және Приречный ауылдық округін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы, «Целиноград ауданының Мәншүк, Приречное ауылдарын және Приречный ауылдық округін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы» Целиноград ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № А-9/259 бірлескен қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 166/31-7 шешімінің негізінде және Целиноград ауданының Мәншүк, Приречное ауылдары және Приречный ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Ақмола облысы Целиноград ауданының кейбір ауылдары:

Мәншүк ауылы Мәншүк Мәметова ауылына;
Приречный ауылдық округінің Приречное ауылы Ақжар ауылына қайта аталсын.

2 2. Ақмола облысы Целиноград ауданының Приречный ауылдық округі Ақжар ауылдық округіне қайта аталсын.

3 3. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы