О переименовании сел Донецкое, Волгодоновка и Волгодоновского сельского округа Аршалынского района Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании сел Донецкое, Волгодоновка и Волгодоновского сельского округа Аршалынского района Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы Аршалы ауданының Донецкое, Волгодоновка ауылдарын және Волгодонов ауылдық округін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-7/264
- Қабылданған күні
- 01.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2023 183660_640130.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23B0860003
- ЭКБ идентификаторы
- 183660
- Редакция идентификаторы
- 183660_640130
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:04
0 Ақмола облысы Аршалы ауданының Донецкое, Волгодоновка ауылдарын және Волгодонов ауылдық округін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы, «Аршалы ауданының елді мекендер атауларын қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы» Аршалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № А-203 бірлескен қаулысы мен Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 29/3 шешімінің негізінде және Аршалы ауданының Донецкое, Волгодоновка ауылдары және Волгодонов ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Ақмола облысы Аршалы ауданының кейбір ауылдары:
Анар ауылдық округінің Донецкое ауылы Анаркөл ауылына;
Волгодонов ауылдық округінің Волгодоновка ауылы Елтоқ ауылына қайта аталсын.