Об установлении минимальных розничных цен на водки и водки особые, водки с защищенным наименованием места происхождения товара, крепкие ликероводочные изделия, коньяк и бренди
Қолданыста
Бұйрық
·№ 740
·
16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении минимальных розничных цен на водки и водки особые, водки с защищенным наименованием места происхождения товара, крепкие ликероводочные изделия, коньяк и бренди
- Атауы (қаз.)
- Арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 740
- Қабылданған күні
- 04.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2023 183664_640647.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033035
- ЭКБ идентификаторы
- 183664
- Редакция идентификаторы
- 183664_640647
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:01
0 Арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 1-1) және 8-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде:
1 1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына бір литрі үшін 1 980 теңге мөлшерінде;
2 2) коньяк пен брендиге бір литрі үшін 2 930 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.
2 2. 2023 жылғы 1 қазаннан бастап:
1 1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына бір литрі үшін 2 100 теңге мөлшерінде;
2 2) коньяк пен брендиге бір литрі үшін 3 110 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.