Құжат мәтініне өту

Об использовании участка автомобильной дороги общего пользования республиканского значения «Большая Алматинская Кольцевая автомобильная дорога» (БАКАД) на платной основе

Бұйрық · № 490 · қабылданған 04.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183688/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об использовании участка автомобильной дороги общего пользования республиканского значения «Большая Алматинская Кольцевая автомобильная дорога» (БАКАД) на платной основе Қолданыста Бұйрық ·№ 490 ·04.07.2023
04.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об использовании участка автомобильной дороги общего пользования республиканского значения «Большая Алматинская Кольцевая автомобильная дорога» (БАКАД) на платной основе

Қолданыста Бұйрық ·№ 490 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об использовании участка автомобильной дороги общего пользования республиканского значения «Большая Алматинская Кольцевая автомобильная дорога» (БАКАД) на платной основе
Атауы (қаз.)
Ақылы негізде «Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолы» (ҮАААЖ) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының учаскесін пайдалану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
490
Қабылданған күні
04.07.2023
Көрсетілген редакция
04.07.2023 183688_640337.kaz
Соңғы өзгеріс
04.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033038
ЭКБ идентификаторы
183688
Редакция идентификаторы
183688_640337
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:01

0 Ақылы негізде «Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолы» (ҮАААЖ) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының учаскесін пайдалану туралы

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын I-А санатты автомобиль жолының 22+640 километр (бұдан әрі – км) – 22+000 км болатын «Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолы» учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;

2 2) Алматы қаласы мен Алматы облысы арқылы баламалы жолдар бойынша жүріп өту жүзеге асырылады;

3 3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – Алматы-Ұзынағаш автомобиль жолының 22+640 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті –Алматы-Талғар автомобиль жолының 22+000 км;

4 4) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысу және басқа автомобиль жолдарымен түйісу тізбесі;

5 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – I-А санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені - 3,75 метрден кем емес;
автомобиль жолы бойынша қозғалыс жолақтарының cаны – Алматы-Ұзынағаш автомобиль жолынан Алматы-Бішкек автомобиль жолына дейінгі учаскеде - 4 жолақ, Алматы-Бішкек автомобиль жолынан Алматы-Евгеньевка-Шелек-Қорғас автомобиль жолына дейінгі учаскеде – 6 жолақ, Алматы-Евгеньевка-Шелек-Қорғас автомобиль жолының учаскесінде Алматы-Талғар автомобиль жолына дейін - 4 жолақ;

6 6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы - 66,00 км;

7 7) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлемақы мөлшерлемесі;

8 8) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес айқындалған басқа автомобиль жолы бойынша баламалы жүрісі жоқ іргелес елдімекендердің тізбесі;

9 9) ақылы негізде ақылы жолды (учаскені) пайдалану мерзімі – 16 (он алты) жыл болып белгіленсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

1 Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысу және басқа автомобиль жолдарымен түйісу тізбесі

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 4 шілдедегі
№ 490 Бұйрығына
1-қосымша
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысу және басқа автомобиль жолдарымен түйісу тізбесі
Қиылысу және түйісу мекенжайлары километр (бұдан әрі - км) + метр
Белгіленген қиылысу және түйісу бойынша елдімекендердің атауы
Қарасай ауданы
0+0 км
Қырғауылды кенті
0+0 км
Райымбек кенті
5+817 км
Кемертоған кенті
20+752 км
Елтай кенті
20+752 км
Көкөзек кенті
20+752 км
Ақсеңгір кенті
Іле ауданы
34+169 км
Комсомол кенті
34+169 км
Жапек батыр кенті
43+409 км
Өтеген батыр кенті
43+409 км
Ынтымақ кенті
Талғар ауданы
55+650 км
Панфилов кенті
65+515 км
Қызылқайрат кенті
65+515 км
Талдыбұлақ кенті

2 Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшерлемесі

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 4 шілдедегі
№ 490 Бұйрығына
2-қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшерлемесі
I-А санаты 00 + 000 км - 66 + 000 км «Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолы» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы (учаскесі):
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)
Кө­лік тү­рі
Же­ңіл ав­то­мо­биль­дер
16 жо­ла­у­шы ор­ны­на дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға (бұ­дан әрі - тн) дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі
32 жо­ла­у­шы ор­ны­на дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі
32 жо­ла­у­шы ор­ны­нан ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн ба­ста­ла­тын жүк ав­то­мо­биль­де­рі, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар ер­шік­ті тарт­қы­штар
Бір са­ғат ішін­де жү­ріп өт­кен жол­ға қа­ра­ма­стан са­пар құ­ны
0,07 АЕК
0,08 АЕК
0,14 АЕК
0,16 АЕК
0,2 АЕК
0,22 АЕК
1) абоненттік төлем - автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы, ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін белгілі бір уақыт кезеңіне абонемент түрінде бір ауданнан тыс жерде бір айға немесе бір жылға ауысқан кезде;
бір айға абонемент (АЕК):
Кө­лік тү­рі
Же­ңіл ав­то­мо­биль­дер
16 орын­дық ав­то­бу­стар мен жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тн дей­ін­гі жүк кө­лік­те­рі үшін
32 орын­дық ав­то­бу­стар мен жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін­гі жүк кө­лік­те­рі үшін
32 орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі ав­то­по­ез­дар үшін
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн аса­тын жүк ав­то­мо­биль­де­рі, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар ер­шік­ті тарт­қы­штар үшін
1
2
3
4
5
6
7
Або­нент­тік тө­лем құ­ны
0,5 АЕК
0,6 АЕК
1 АЕК
1,5 АЕК
2 АЕК
2,5 АЕК
бір жылға абонемент (күнтізбелік 365 күн) (АЕК):
Кө­лік тү­рі
Же­ңіл ав­то­мо­биль­дер
16 орын­дық ав­то­бу­стар мен жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тн дей­ін­гі жүк кө­лік­те­рі үшін
32 орын­дық ав­то­бу­стар мен жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін­гі жүк кө­лік­те­рі үшін
32 орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі ав­то­по­ез­дар үшін
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн аса­тын жүк ав­то­мо­биль­де­рі, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар ер­шік­ті тарт­қы­штар үшін
1
2
3
4
5
6
7
Або­нент­тік тө­лем құ­ны
5 АЕК
6 АЕК
10 АЕК
15 АЕК
20 АЕК
25 АЕК
2) концессионер пайдаланушыларды ақылы жолымен (учаскемен) жүріп өту туралы ақпараттандыру мақсатында концессионердің байланыс ортылығы арқылы хабардар етеді, оның нөмірі жария шартта және/ немесе концессионердің интернет-ресурсында көрсетілген ;
3) байланыс орталығы - ұйымдастырушының дауыстық байланыс арналары, электрондық және почта қызметтері арқылы пайдаланушылардан өтініштерді өңдеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ пайдаланушылардың өтініштерімен жұмысты онлайн-чат режимінде жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (жария шартта көрсетілген байланыс орталығының нөмірі);
4) ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысының мөлшерлемесі – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген жол жүру ақысының мөлшері;
5) алдын ала төлем - ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;
6) кейінгі төлем - ақылы учаскелерде белгіленген техникалық құралдармен бекітілгеннен кейін пайда болған жол жүру сомасын төлеу үшін дербес шотқа немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептелген ақшалай қаражат;
7) жол жүру құны ақылы жолда (учаскеде) болу уақыты және автокөлік құралының типі бойынша тарифтеледі және автокөлік құралының жүріп өткен жолына байланысты болмайды;
8) ақы алу жүйесінің түрі - көпжолақты тоқтаусыз еркін ағынмен ашық типті бақылау аркасы.

3 Басқа автомобиль жолымен баламалы жүріп өтуі жоқ іргелес елді мекендердің тізбесі

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 4 шілдедегі
№ 490 Бұйрығына
3-қосымша
Басқа автомобиль жолымен баламалы жүріп өтуі жоқ іргелес елді мекендердің тізбесі
р/с №
Елді мекеннің атауы
Жоқ
Жоқ

Қолданыстағы