О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Тараз
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Тараз
- Атауы (қаз.)
- Тараз қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 126
- Қабылданған күні
- 01.07.2023
- Қолданысқа енгізілген күні
- 23.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2023 183695_644327.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23G0005060
- ЭКБ идентификаторы
- 183695
- Редакция идентификаторы
- 183695_644327
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:04
0 Тараз қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне
атаулар беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Тараз қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Тараз қаласының келесі құрамдас бөліктеріне:
қаланың солтүстік-шығысында орналасқан жеке тұрғын үйлерге арналған алапқа Тастақ алабы;
10-көшеге Кейкі батыр көшесі атаулары берілсін.
2 2. Тараз қаласының келесі құрамдас бөліктері:
қаланың оңтүстік-батысында орналасқан Алатау 1-тұйық көшесі Жақсылық Үшкемпіров көшесіне;
қаланың солтүстік-шығысында орналасқан Алатау 1-тұйық көшесі Әбілсейіт Айқанов көшесіне;
Бейбітшілік көшесі Шерхан Мұртаза көшесіне;
Модест Мусоргский көшесі Арыстан баб көшесіне;
Модест Мусоргский 1-тұйық көшесі Арыстан баб 1-тұйық көшесіне;
Модест Мусоргский 2-тұйық көшесі Арыстан баб 2-тұйық көшесіне;
Төңкеріс көшесі Қасым Аманжолов көшесіне;
Төңкеріс тұйық көшесі Қасым Аманжолов тұйық көшесіне қайта аталсын.