Об утверждении Правил возмещения акционерами корпоративного накопительного пенсионного фонда потери инвестиционного дохода в случае уменьшения реальной стоимости пенсионных накоплений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил возмещения акционерами корпоративного накопительного пенсионного фонда потери инвестиционного дохода в случае уменьшения реальной стоимости пенсионных накоплений
- Атауы (қаз.)
- Зейнетақы жинақтарының нақты құны азайған жағдайда корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң инвестициялық кiрiс шығынын өтеу ережесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 103
- Қабылданған күні
- 29.01.2004
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2012 AI18374_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040000103_
- ЭКБ идентификаторы
- 18374
- Редакция идентификаторы
- AI18374_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:32
0 Зейнетақы жинақтарының нақты құны азайған жағдайда корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң инвестициялық кiрiс шығынын өтеу ережесiн бекiту туралы
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 4-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтарының нақты құны азайған жағдайда корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң инвестициялық кiрiс шығынын өтеу тәртiбiн белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы жинақтарының нақты құны азайған жағдайда корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң инвестициялық кiрiс шығынын өтеу ережесi бекiтілсiн.
2 2. Осы қаулы 2004 жылғы 29 қаңтардан бастап күшiне енедi.
3 Зейнетақы жинақтарының нақты құны азайған жағдайда корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң инвестициялық кiрiс шығынын өтеу ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 103 қаулысымен
бекiтiлген
Зейнетақы жинақтарының нақты құны азайған жағдайда корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң инвестициялық кiрiс шығынын өтеу ережесi
1
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және зейнетақы жинақтарының нақты құны азайған жағдайда корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрi - қор) акционерлерiнiң инвестициялық кiрiс шығынын өтеу тәртiбiн айқындайды.
2
2. Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының нақты құнының азаюы салымшының (алушының) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының номиналды құны мен салымшының (алушының) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының нақты құны арасында мынадай формула бойынша есептелген терiс айырма ретiнде айқындалады:
S n = (S n-1 + V n )*(i n /100%), мұнда
n - кезеңдер саны (кезең I айға тең);
S n - салымшының (алушының) есептiк күнге (соңғы кезеңнен кейiнгi кезеңнiң бiрiншi күнтiзбелiк күнiне) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының нақты құны;
S n-1 - салымшының (алушының) соңғы кезеңнiң бiрiншi күнтiзбелiк күнiне мiндетті зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының нақты құны;
V n - соңғы кезеңде келiп түскен мiндеттi зейнетақы жарналары;
i n - статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган есептеген соңғы кезеңдегi тұтыну бағаларының индексi.
3 3. Қор жыл сайын есептiк жылдың I қаңтарындағы жағдай бойынша:
есептiк жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi айы iшiнде салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының нақты құнын есептеудi жүзеге асырады;
есептiк жылдан кейiнгi жылдың екiншi айының он бесiнен кешiктiрмей жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан- банктердiң және сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыратын мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының нақты құнының азайғаны (азаймағаны), осы азаю сомасы және осы Ереженiң 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес оны өтеу жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы мәлiметтер ұсынады.
4 4. Қор салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарының нақты құны азайған кезде уәкiлеттi орган қордың және оның акционерлерiнiң инвестициялық кiрiстiң шығынын өтеу мерзiмiн көрсете отырып, қорға ұйғарым жiбередi.
5
5. Қор меншiк капиталы есебiнен салымшылардың (алушылардың) инвестициялық кiрiсiнiң шығынын уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмiнде белгiленген талаптарына қордың нақты кiрiсi коэффициентiнiң сәйкес келмеуiн жойған кезде, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым орнын толтыратын соманы шегергенде, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының нақты құнының азаюы мөлшерiнде өтейдi.