Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил отнесения водных объектов к категории судоходных и перечня судоходных водных путей, открытых для судоходства

Қаулы · № 105 · қабылданған 29.01.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-18376/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил отнесения водных объектов к категории судоходных и перечня судоходных водных путей, открытых для судоходства Күшін жойған Қаулы ·№ 105 ·29.01.2004
31.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил отнесения водных объектов к категории судоходных и перечня судоходных водных путей, открытых для судоходства

Күшін жойған Қаулы ·№ 105 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил отнесения водных объектов к категории судоходных и перечня судоходных водных путей, открытых для судоходства
Атауы (қаз.)
Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу ережесiн және кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарының тізбесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
105
Қабылданған күні
29.01.2004
Көрсетілген редакция
31.10.2015 AI18376_4.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040000105_
ЭКБ идентификаторы
18376
Редакция идентификаторы
AI18376_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:32

0 Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу ережесiн және кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарының тізбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қоса берiлiп отырған:

1 1) Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу ережесi;

2 2) Кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарының тiзбесi бекiтiлсiн.

2 2. "Су жолдарын кеме жүзетiн жолдар санатына жатқызу тәртібi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 тамыздағы N 931 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

0 Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу Ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 105 қаулысымен
бекiтiлген
Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу Ережесі

1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес әзiрлендi және су объектілерін кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу тәртiбін белгiлейдi.

2 2. Олар бойынша жүк пен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру мүмкін болатын әрi орынды су объектiлерi кеме жүзетiн су жолдары санатына жатады.

3

3. Iшкi су жолдары навигация кезеңiнің белгiленген мерзiмiнде олардың тиесілілігі мен меншiк нысанына қарамастан кемелердiң iркіліссiз әрi қауiпсiз жүзуi үшiн кеме жүзуінің тиiстi габариттерін, кеме жүзетiн гидротехникалық құрылыстардың (шлюздердiң) жұмыс iстеуiн, су жолдарын пайдалану кезінде экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуi тиiс.

4 4. Су жолдары арқылы жүк пен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру мүмкiндiгін әрi орындылығын көлiк, коммуникация кешенiнде басшылық пен салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы (бұдан әрi - орталық атқарушы орган) айқындайды.

5

5. Орталық атқарушы орган су объектілерін кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу және су объектілерін немесе олардың бiр бөлігін (шекарасын көрсетiп) кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүзетiн су жолдарының тiзбесiне енгiзу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi.

6 6. Ұсыныстар негiздемелердi қамтиды, оларда:

тасымалдау мен негiзгi жүк ағындарының көлемi;
тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның атауы;
жол габариттерінің қысқаша сипаттамасы;
су жолдарын пайдаланудың ерекшелiктерi;
су жолдарына қызмет көрсету жөніндегi ұсыныстар;
су жолын ұстау шығындарының есептеулерi;
су объектiсінің схематикалық жоспары мен гидрологиялық сипаттамасы көрсетiлуi тиiс.

7 7. Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу жөнiндегi ұсыныстар:

су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен;
қоршаған ортаны қорғау саласындығы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органымен;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiледi.

1 Кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүзетiн су жолдарының Тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 105 қаулысымен
бекiтiлген
Кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүзетiн су жолдарының Тізбесі

1 1. Қара Ертiс өзенi (Қытай Халық Республикасымен шекарадан бастап) Зайсан көлi - Ертiс өзенi Бұқтарма, Өскемен және Шульба су қоймаларымен бiрге (Ресей Федерациясымен шекараға дейiн).

2 2. Iле өзенi, Қапшағай су қоймасымен бiрге Қытай Халық Республикасымен шекарадан бастап Қапшағай CЭC бөгетiне дейiн.

3 3. Жайық-Каспий арнасы.

4 4. Балқаш көлi.

5 5. Есiл өзенi, Петропавл су қоймасының бөгетiнен бастап Солтүстiк Қазақстан облысының Приишимка кентiне дейiн.

6 6. Қиғаш өзенінің учаскесi (Волга өзенiнің саласы) Қазақстан Республикасының аумағы.

7 7. Жайық өзенiнің учаскесi, Ресей Федерациясынан бастап оның сағасына дейiн.

8 8. Сырдария өзенi, Қызылорда қаласы мен паром өткелдерiнің маңы.

Қолданыстағы