Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам онлайн-платформ и онлайн-рекламы

Заң · № 19-VIII · қабылданған 10.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183787/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам онлайн-платформ и онлайн-рекламы Қолданыста Заң ·№ 19-VIII ·10.07.2023
10.07.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам онлайн-платформ и онлайн-рекламы

Қолданыста Заң ·№ 19-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам онлайн-платформ и онлайн-рекламы
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19-VIII
Қабылданған күні
10.07.2023
Көрсетілген редакция
10.07.2023 183787_651969.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2300000019
ЭКБ идентификаторы
183787
Редакция идентификаторы
183787_651969
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:57

0 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

1 1) 174-баптың бірінші бөлігіндегі «бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін» деген сөздер «бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

2 2) 274-баптың екінші бөлігінің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –».

2 2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

138-бап 117) тармақшасындағы «саласында жүзеге асырылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 118) тармақшамен толықтырылсын:
«118) Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасының сақталуына жүзеге асырылады.».

3 3. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1-баптың 4-1) тармақшасы «телекоммуникация желілері» деген сөздерден кейін «және (немесе) онлайн-платформалар» деген сөздермен толықтырылсын.

4 4. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Онлайн-жарнаманы реттеу ерекшеліктері «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.».

5 5. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1-баптың 4-2) тармақшасы «телекоммуникация желілері» деген сөздерден кейін «және (немесе) онлайн-платформалар» деген сөздермен толықтырылсын.

6 6. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1 1) 1-баптың 47-2), 51-1) және 51-2) тармақшалары алып тасталсын;

2 2) 18-2-бап алып тасталсын.

2 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы