О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 20-VIII
- Қабылданған күні
- 10.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2023 183790_641111.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z2300000020
- ЭКБ идентификаторы
- 183790
- Редакция идентификаторы
- 183790_641111
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:57
0 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1 1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 456-1-бапта:
екінші бөлік алып тасталсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші және екінші бөліктерінде» деген сөздер «бірінші бөлікте» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 2) 26-тарау мынадай мазмұндағы 456-2-баппен толықтырылсын:
«456-2-бап. Жалған ақпарат орналастыру, тарату
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, ашық деректердің интернет-порталында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен жалған ақпарат орналастыру, тарату –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Онлайн-платформаларды пайдаланушылардың қоғамдық тәртіптің, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуына жағдай жасайтын жалған ақпаратты орналастыруы, таратуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, инфлюенсерлер (блогерлер) жасаған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе: Осы баптың бесінші бөлігінің мақсаттары үшін инфлюенсер (блогер) деп кәсіпкерлік қызмет мақсатында адамдардың белгісіз тобына бағытталған ақпаратты онлайн-платформаларда жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы түсініледі.»;