О признании утратившими силу некоторых приказов Министра обороны Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Министра обороны Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 668
- Қабылданған күні
- 04.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2023 183827_641084.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033061
- ЭКБ идентификаторы
- 183827
- Редакция идентификаторы
- 183827_641084
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:01
0 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
0 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 4 шілдедегі
№ 668 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1
1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 337 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18687 болып тіркелген).
2
2. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 792 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19458 болып тіркелген).
3
3. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 271 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22726 болып тіркелген).
4
4. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 337 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 433 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23375 болып тіркелген).
5
5. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 792 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 688 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24705 болып тіркелген).