Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута государственному учреждению «Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата района Беимбета Майлина»

Қаулы · № 130 · қабылданған 22.06.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183867/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута государственному учреждению «Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата района Беимбета Майлина» Күшін жойған Қаулы ·№ 130 ·22.06.2023
08.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута государственному учреждению «Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата района Беимбета Майлина»

Күшін жойған Қаулы ·№ 130 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута государственному учреждению «Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата района Беимбета Майлина»
Атауы (қаз.)
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
130
Қабылданған күні
22.06.2023
Көрсетілген редакция
08.08.2023 183867_651731.kaz
Соңғы өзгеріс
08.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NR00130A
ЭКБ идентификаторы
183867
Редакция идентификаторы
183867_651731
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:17

0 «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10-тармақшасына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Новоильиновка ауылында газ тарату желілерін салу және пайдалану үшін Бейімбет Майлин ауданының аумағында орналасқан жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін, оның ішінде:
кадастрлық нөмірі 12-183-057-481, жалпы ауданы 0,125 гектар;
кадастрлық нөмірі 12-183-045-096, жалпы ауданы 1,495 гектар;
кадастрлық нөмірі 12-183-045-099, жалпы ауданы 0,455 гектар.

2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;

2) қол қойылған күнінен бастап осы қаулыны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыру және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына Бейімбет Майлинге жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы