О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24-VIII
- Қабылданған күні
- 12.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 12.07.2023 183934_653107.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z2300000024
- ЭКБ идентификаторы
- 183934
- Редакция идентификаторы
- 183934_653107
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:55
0 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ескертпе!
ҚР Конституциялық Сотының 11.07.2023 № 20-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз.
1 1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 214-баптың 3-1-бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабының 5-тармағында көзделген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбау, уақтылы ұсынбау, сондай-ақ анық емес мәліметтер мен құжаттарды ұсыну –»;
2 2) 244-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген, ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау
мерзімдеріне және (немесе) шарттарына әсер ететін міндеттемелердің және (немесе) мән-жайлардың туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру мерзімін бұзуы –»;
3 3) 251-бапта:
екінші абзацтағы «, бірақ екі мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде» деген сөздер алып тасталсын;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе. Осы бапта көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валютаның және (немесе) шетел валютасының сомасы шекті мәні асып кеткенде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісіне сәйкес репатриациялау талабының орындалуын бақылауға жататын шекті мәннен асатын және егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмайтын жағдайларда, басталады.»;
4 4) 720-баптың бірінші бөлігі «239 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «244 (бірінші, екінші (экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға қатысты), үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
5 5) 724-баптың бірінші бөлігі «244» деген цифрлардан кейін «(бірінші, екінші (экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарды қоспағанда), бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
6 6) 804-бапта:
бірінші бөліктің 31) тармақшасы «246 (бесінші және алтыншы бөліктері),» деген сөздерден кейін «251,» деген цифрлармен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «251,» деген цифрлар алып тасталсын.
2 2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1) тармақшасын
қоспағанда, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.