Об утверждении перечня работ в организациях, осуществляющих судебно-медицинскую экспертизу и патологоанатомическую диагностику, для льготного исчисления трудового стажа при назначении пенсионных выплат по возрасту в полуторном размере и списка сезонных отраслей промышленности, работа в которых в течение полного сезона засчитывается в льготный трудовой стаж, при назначении пенсионных выплат по возрасту за год работы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня работ в организациях, осуществляющих судебно-медицинскую экспертизу и патологоанатомическую диагностику, для льготного исчисления трудового стажа при назначении пенсионных выплат по возрасту в полуторном размере и списка сезонных отраслей промышленности, работа в которых в течение полного сезона засчитывается в льготный трудовой стаж, при назначении пенсионных выплат по возрасту за год работы
- Атауы (қаз.)
- Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындаған кезде еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесін және жасына байланысты бір жылдық жұмыс үшін зейнетақы төлемдерін тағайындан кезде толық маусым ішінде істеген жұмысы жеңілдікті еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсіптің маусымдық салаларының тізімін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 524
- Қабылданған күні
- 30.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2023 183956_642551.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000524
- ЭКБ идентификаторы
- 183956
- Редакция идентификаторы
- 183956_642551
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:06
0
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындаған кезде еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесін және жасына байланысты бір жылдық жұмыс үшін зейнетақы төлемдерін тағайындан кезде толық маусым ішінде істеген жұмысы жеңілдікті еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсіптің маусымдық салаларының тізімін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 208-бабы 2-тармағының 8) және 10) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындаған кезде еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі;
2 2) жасына байланысты бір жылдық жұмыс үшін зейнетақы төлемдерін тағайындан кезде толық маусым ішінде істеген жұмысы жеңілдікті еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсіптің маусымдық салаларының тізімі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындаған кезде еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2023 жылғы « » .
№ қаулысымен
бекітілген
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындаған кезде еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі
1 1. Мыналарды:
1 1) патологоанатом дәрігерлер мәйіттерді патологиялық-анатомиялық ашуды және мәйіт материалын, операция мен биопсиялар кезінде алынған органдар мен тіндерді гистологиялық зерттеуді;
2
2) орта және кiшi медицина персоналы патологиялық-анатомиялық ашуды жүргізуге, мәйіт материалын, операциялық және биопсиялық материалды өңдеуге қатысуды жүзеге асыратын республикалық, облыстық және қалалық патологиялық-анатомиялық бюролардағы, орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімшелердегі және денсаулық сақтау ұйымдарының патологиялық-анатомиялық бөлімшелеріндегі жұмыс.
2 2. Мыналарды:
1 1) дәрігерлер және мамандар, сот-медициналық сарапшылар мәйіттерге және мәйіт материалына сот-медициналық сараптамалар жүргізуді;
2
2) орта және кіші медицина персоналы мәйіттерге сот-медициналық сараптама жүргізуге, мәйіт материалын өңдеуге қатысуды жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындағы, аумақтық филиалдарда, аудандық және ауданаралық бөлімшелердегі жұмыс.
Ескертпе:
жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін ескеріледі.
__________________________
1 Жасына байланысты бір жылдық жұмыс үшін зейнетақы төлемдерін тағайындан кезде толық маусым ішінде істеген жұмысы жеңілдікті еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсіптің маусымдық салаларының тізімі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2023 жылғы « » .
№ қаулысымен
бекітілген
Жасына байланысты бір жылдық жұмыс үшін зейнетақы төлемдерін тағайындан кезде толық маусым ішінде істеген жұмысы жеңілдікті еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсіптің маусымдық салаларының
тізімі
1 1. Ағаш дайындау және ағаш ағызу.
2 2. Ет және сүт өнеркәсібі.
3 3. Балық өнеркәсібі.
4 4. Өнеркәсіптің қант және консерв салалары.
Ескертпе:
жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін ескеріледі.
_________________________