О компенсации расходов за питание детей дошкольного возраста из семей социально уязвимых слоев населения в дошкольных организациях Западно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О компенсации расходов за питание детей дошкольного возраста из семей социально уязвимых слоев населения в дошкольных организациях Западно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балалардың тамақтану шығындарын өтеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 156
- Қабылданған күні
- 12.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2025 183974_741953.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23Z0722507
- ЭКБ идентификаторы
- 183974
- Редакция идентификаторы
- 183974_741953
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:55
0 Батыс Қазақстан облысы мектепке дейінгі ұйымдарында
әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі
балалардың тамақтану шығындарын өтеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мемлекеттік тапсырыс орналастырылған Батыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі келесі санаттағы тәрбиеленушілердің тамақтану шығындары толық көлемде өтелсін:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға.
мүгедектігі бар балаларға;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерге.