Кіру
Құжат мәтініне өту

О переименовании составных частей города Талгар

Қаулы · № 6-25 · қабылданған 13.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-183977/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О переименовании составных частей города Талгар Қолданыста Қаулы ·№ 6-25 ·13.07.2023
13.07.2023 редакциясы
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании составных частей города Талгар

Қолданыста Қаулы ·№ 6-25 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании составных частей города Талгар
Атауы (қаз.)
Талғар қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6-25
Қабылданған күні
13.07.2023
Көрсетілген редакция
13.07.2023 183977_687293.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23DR000625
ЭКБ идентификаторы
183977
Редакция идентификаторы
183977_687293
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:53

0 Талғар қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Талғар қаласы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Талғар қаласының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

«Орджоникидзе» көшесі – «Бейбарыс сұлтан» көшесіне, «Пугачев» көшесі – «Қайрат Рысқұлбеков» көшесіне, «Декабристов» көшесі – «Жүсіп Баласағұн» көшесіне, «Егоров» көшесі – «Қожа Ахмет Яссауи» көшесіне, «Красин» көшесі – «Ахмет Жұбанов» көшесіне, «Комаров» көшесі – «Фариза Оңғарсынова» көшесіне, «Кузнецова» көшесі – «Қазтуған Жырау» көшесіне, «Лахути» көшесі – «Жәнібек хан» көшесіне, «Папанин» көшесі – «Мұхаммед Хайдар Дулати» көшесіне, «Пархоменко» көшесі – «Хақназар хан» көшесіне, «Первунин» көшесі – «Ақтамберді жырау» көшесіне, «Пирогов» көшесі – «Әбілқайыр хан» көшесіне, «Попович» көшесі – «Дулат Бабатайұлы» көшесіне, «Стрельников» көшесі – «Сырым батыр» көшесіне, «Скворцов» көшесі – «Жақып Ақбаев» көшесіне, «Столетов» көшесі – «Дәулеткерей» көшесіне, «Светлов» көшесі – «Жаяу Мұса» көшесіне, «Щусев» көшесі – «Мәшһүр Жүсіп» көшесіне, «Черняховская» көшесі – «Дәнеш Рақышев» көшесіне, «Шевцов» көшесі – «Александр Затаевич» көшесіне, «Р.Люксембург» көшесі – «Дина Нұрпейісова» көшесіне, «Щорс» көшесі – «Талғат Бигелдинов» көшесіне, «Громовой» көшесі – «Нәзір Төреқұлов» көшесіне, «Невский» көшесі – «Сағадат Нұрмағамбетов» көшесіне, «Васнецов» көшесі – «Жанқожа батыр» көшесіне, «Азизбекова» көшесі – «Өзбекәлі Жәнібеков» көшесіне, «Челюскин» көшесі – «Ермұхан Бекмаханұлы» көшесіне, «Суриков» көшесі – «Жұмабек Тәшенов» көшесіне, «Нариманов» көшесі – «Халифа Алтай» көшесіне, «Алатауская» көшесі – «Мағжан Жұмабаев» көшесіне, «Алтайская» көшесі – «Тұманбай Молдағалиев» көшесіне, «Кошевого» көшесі – «Бердібек Соқпақбаев» көшесіне, «Шишкин» көшесі – «Естай ақын» көшесіне, «Бестужев» көшесі – «Қасым Қайсенов» көшесіне, «Брянского» бұрылысы – «Әлімхан Ермеков» бұрылысына, «Ашхабатский» бұрылысы – «Мұрын жарау» бұрылысына, «Спутник» бұрылысы – «Кейкі батыр» бұрылысына, «Курганный» бұрылысы – «Қадырғали Жалайыри» бұрылысына, «Армянский» бұрылысы – «Майқы би» бұрылысына, «Киргизский» бұрылысы – «Жалаңтөс батыр» бұрылысына, «Донской» бұрылысы – «Қорқыт ата» бұрылысына, «Бахинский» бұрылысы – «Жұмат Шанин» бұрылысына, «Пионерский» бұрылысы – «Асқар Сүлейменов» бұрылысына, «Горный» бұрылысы – «Халел Досмұхамедұлы» бұрылысына, «Цветочный» бұрылысы – «Кетбұға» бұрылысына, «Дружбы» бұрылысы – «Ағыбай батыр» бұрылысына.

2. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі мен Талғар ауданының әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі мен Талғар ауданының әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы