Об определении максимальных размеров земельных участков, выставляемых на конкурс по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства по Бескарагайскому району области Абай
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении максимальных размеров земельных участков, выставляемых на конкурс по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства по Бескарагайскому району области Абай
- Атауы (қаз.)
- Абай облысы Бесқарағай ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 195
- Қабылданған күні
- 05.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 05.07.2023 183992_641889.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23FF009918
- ЭКБ идентификаторы
- 183992
- Редакция идентификаторы
- 183992_641889
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:00
0 Абай облысы Бесқарағай ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1- тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 42 «Уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бір әкімшілік ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Бесқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Абай облысы Бесқарағай ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің қоса берілген ең жоғары мөлшері айқындалсын.
2 2. «Абай облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) Абай облысы Әділет департаментінде осы бірлескен қаулы мен шешімді мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бірлескен қаулы мен шешім оны ресми жариялағаннан кейін, Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуына бақылау жасау Бесқарағай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Бесқарағай аудындық әкімдігі
2023 жылғы 5 шілдедегі № 195 мен
2023 жылғы 5 шілдедегі № 4/18-VIII
Бірлескен қаулысы мен
шешіміне қосымша
№ р/с
Атауы
Жер телімінің ауданы, гектар
1
2
3
1
Абай облысы Бесқарағай ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің шекті мөлшері
700,0
2
Абай облысы Бесқарағай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің шекті мөлшері
2000,0