О признании утратившими силу некоторых актов акимата Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых актов акимата Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 173
- Қабылданған күні
- 05.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 05.07.2023 184011_641901.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23C0008383
- ЭКБ идентификаторы
- 184011
- Редакция идентификаторы
- 184011_641901
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:59
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ақтөбе
облысы әкімдігінің
2023 жылғы 5 шілдедегі
№
173 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі
1
1. «Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау Әдістемесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 154 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5907 болып тіркелген) қаулысы;
2 2. «Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) қаулысы;
3
3. «Шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялануға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурс өткізу Қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 182 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5919 болып тіркелген) қаулысы;
4
4. «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 181 «Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 125 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6084 болып тіркелген) қаулысы;
5
5. «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 154 «Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау Әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 126 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6085 болып тіркелген) қаулысы.