Об утверждении образцов формы одежды осужденных
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении образцов формы одежды осужденных
- Атауы (қаз.)
- Сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 575
- Қабылданған күні
- 14.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 14.07.2023 184050_642305.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033086
- ЭКБ идентификаторы
- 184050
- Редакция идентификаторы
- 184050_642305
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:52
0 Сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 223-6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған сотталғандардың киім үлгілері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Сотталғандардың киім нысанының үлгілері
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 14 шілдедегі
№ 575 бұйрығына
қосымша
Сотталғандардың киім нысанының үлгілері
1. Сотталғандардың жазғы киім нысаны
Шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:
1) сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін – сұр түсті;
2) сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін – жасыл түсті;
3) тәртіптік изоляторлардағы және жалғыз адамдық камералардағы сотталғандар үшін – қызғылт сары түсті.
Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсысының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар күртеше мен шалбар – қоңыр түсті.
Бас киім – су өткізбейтін матадан тігілген кепка (әйелдер үшін – үшкіл орамал).
2. Сотталғандардың қысқы киім нысаны
Шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:
1) сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін – сұр түсті;
2) сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін – жасыл түсті.
Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсысының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар жылы күртеше мен шалбар – қоңыр түсті.
Бас киім – иірілген 2 немесе 3 жіптен тоқылған бөрік.