Об утверждении правил ведения публичной кадастровой карты
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил ведения публичной кадастровой карты
- Атауы (қаз.)
- Жария кадастрлық картаны жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 252/НҚ
- Қабылданған күні
- 12.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 12.07.2023 184097_642398.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033106
- ЭКБ идентификаторы
- 184097
- Редакция идентификаторы
- 184097_642398
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:55
0 Жария кадастрлық картаны жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Жария кадастрлық картаны жүргізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
0 Жария кадастрлық картаны жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 12 шілдедегі
№ 252/НҚ Бұйрықпен
бекітілген
Жария кадастрлық картаны жүргізу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Жария кадастрлық картаны жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жария кадастрлық картаны жүргізу тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) жария кадастрлық карта (бұдан әрі – ЖКК) – Қазақстан Республикасының жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларынан алынған ақпаратты (мәліметті), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың өзге де мәліметтерін қамтитын цифрлық карта;
2
2) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі (ЖМБМК АЖ) – жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Жер Кодексінде және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе.
3 3. ЖКК сервистер жиынтығы арқылы ЖМБМЖ АЖ-дан кеңістіктік деректерді беруді жүзеге асыруға арналған.
Жеке кабинетке кіру idp.egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
4 4. ЖКК өтініш берушінің жеке кабинетінде мынадай функцияларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді:
1 1) жер – кадастрлық жұмыстар (бұдан әрі – ЖКЖ) бойынша коммерциялық қызметтер көрсетуге өтініштерді рәсімдеу;
2 2) бастапқы және қайталама жылжымайтын мүлікке (жеке тұлғалар үшін) салық салу мақсатында мүліктің құнын есептеуге берілген өтінімді рәсімдеу;
3 3) ЖКЖ бойынша коммерциялық қызметтерді көрсету нәтижесін алу және қарау;
4 4) елді мекендердің шекараларында (оның ішінде жобаланатын) базалық мөлшерлемелер мен елді мекеннің белгіленген шекаралары болған кезде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын автоматты түрде анықтау;
5 5) электрондық түбіртекті сақтай отырып, ЖКЖ бойынша коммерциялық қызметтерді көрсету үшін онлайн төлем;
6 6) іріктеу өлшемшарттары бойынша ЖКК-да қамтылған ақпаратты іздеу;
7 7) ЖМБМК АЖ авторизацияланған пайдаланушылары үшін ақпаратты іздеу нәтижелері бар (*.pdf / *.xlsx / *.docx) файлдарды жүктеп алу.
5 5. ЖМБМК АЖ платформасында ЖКК арқылы жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың тізілімі қалыптастырылады.
2 2-тарау. Жария кадастрлық картаны жүргізу тәртібі
1 1-параграф. Жария кадастрлық картаның құрамы
6 6. ЖКК және ЖМБМК АЖ арасындағы ақпарат алмасу келесі веб-сервистер арқылы жүзеге асырылады:
1 1) өтініш берушінің жылжымайтын мүлік объектілерін анықтауға арналған ақпараттық веб-сервисі;
2 2) қызмет көрсету үшін төлем туралы ақпаратты сұрау веб-сервисі;
3 3) ЖКК-дан ЖМБМК-ға тапсырыс қабылдауға арналған веб-сервис;
4 4) қызмет көрсеткені үшін қосымша ақы алу веб-сервисі.
7 7. ЖКК мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылы «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы республикалық деңгейде мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының (бұдан әрі – МО БКО) контурында жүзеге асырылады.
Хабарламаларды қабылдауға және беруге арналған жүйелер ЭҮШ, ЖКК және ЖМБМК АЖ жұмысындағы технологиялық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы қолжетімді.