Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства просвещения Республики Казахстан

Бұйрық · № 208 · қабылданған 14.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-184119/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства просвещения Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 208 ·14.07.2023
14.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства просвещения Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 208 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства просвещения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
208
Қабылданған күні
14.07.2023
Көрсетілген редакция
14.07.2023 184119_643106.kaz
Соңғы өзгеріс
14.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033117
ЭКБ идентификаторы
184119
Редакция идентификаторы
184119_643106
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:53

0 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 14 шілдедегі
№ 208 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
осы бұйрықпен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдардамаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидасында:
1-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу тәртібін айқындайды.»;
осы бұйрықпен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгі қағидасында:
1-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«1. Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін айқындайды.».

2 2. «Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9940 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
осы бұйрықпен бекітілген Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидасында 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай – Заң) 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.».

3 3. «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 20619 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 79) тармақшасына сәйкес, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының  3-тармағына  және 16-бабының 1-тармағына негізінде БҰЙЫРАМЫН:»;
Осы бұйрықпен бекітілген Педагогикалық әдеп қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Педагогикалық әдеп қағидалары (бұдан әрі - Педагогикалық әдеп) «Білім туралы» Республикасы Заңының және «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес әзірленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларына негізделген.».

Қолданыстағы