О переименовании некоторых улиц села Чернорецк Чернорецкого сельского округа Павлодарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых улиц села Чернорецк Чернорецкого сельского округа Павлодарского района
- Атауы (қаз.)
- Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің Чернорецк ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 20.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2023 184133_643355.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23PKB0001B
- ЭКБ идентификаторы
- 184133
- Редакция идентификаторы
- 184133_643355
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:47
0 Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің
Чернорецк ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасынының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Чернорецк ауылдық округі Чернорецк ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Чернорецк ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі Чернорецк ауылының келесі көшелері:
«Ленин» көшесі «Сәкен Сейфуллин» көшесі болып;
«Советов» көшесі «Ахмет Байтұрсынұлы» көшесі болып;
«Тургенев» көшесі «Тәуелсіздік» көшесі болып;
«Комсомольская» көшесі «Қаныш Сәтбаев» көшесі болып;
«Лермонтов» көшесі «Дінмұхамед Қонаев» көшесі болып қайта аталсын.