Құжат мәтініне өту

О координационном совете по борьбе с преступностью и коррупцией

Қаулы · № 259/11 · қабылданған 25.12.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-18414/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О координационном совете по борьбе с преступностью и коррупцией Күшін жойған Қаулы ·№ 259/11 ·25.12.2003
27.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О координационном совете по борьбе с преступностью и коррупцией

Күшін жойған Қаулы ·№ 259/11 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О координационном совете по борьбе с преступностью и коррупцией
Атауы (қаз.)
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
259/11
Қабылданған күні
25.12.2003
Көрсетілген редакция
27.12.2007 AI18414_4.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03P0002202
ЭКБ идентификаторы
18414
Редакция идентификаторы
AI18414_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:40

0 Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңына
, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiн жетiлдiру шаралары туралы" № 377
Жарлығына
сәйкес, атқарушы, құқық қорғау және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы Президентi алға қойған мiндеттердi шешу жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жақсарту мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қосымшаға сәйкес құрамда қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi Кеңес) құрылсын.

2 2. Кеңестiң қоса берiлiп отырған Ережесi бекiтiлсiн.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмi аппараты басшысының мiндетiн атқарушы М.К. Ержановқа жүктелсiн.

Келiсiлдi:
Облыс прокуроры М. Ахметжанов
Облыс бойынша ұлттық қауiпсiздiк
Комитетi департаментiнiң бастығы Ә. Шаяхметов
Облыс бойынша Әдiлет
басқармасының бастығы Т. Қожамжаров
Облыс iшкi iстер
басқармасының бастығы М. Тұмарбеков
Облыс бойынша қаржы
полициясы департаментiнiң бастығы Н. Түзелбаев

4 Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң құрамы

Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 25 желтоқсандағы
"Қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi
үйлестiру кеңесi туралы"
№ 259/11 қаулысына қосымша
Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң
құрамы
Нұрпейiсов Қайрат
Айтмұхамбетұлы
- облыс әкiмi, төраға
Әбiкешова Сәуле Серiкқызы
- облыс әкiмi аппараты
мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiнiң меңгерушiсi, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Ахметжанов Марат Мұратұлы
- облыс прокуроры (келiсiм бойынша)
Әкiмханов Халел Хайроллаұлы
- облыс әкiмi аппаратының басшысы
Қожамжаров Темiрболат Жанайдарұлы
- облыс бойынша әдiлет департаментiнiң бастығы (келiсiм бойынша)
Түзелбаев Нұрғали Ошпанбайұлы
- облыс бойынша экономикалық және сыбайлас қылмыспен күрес жөнiндегi департаменттiң (қаржы полициясы) бастығы (келiсiм бойынша)
Тұмарбеков Мұрат Ахметұлы
- облыс iшкi iстер басқармасының бастығы (келiсiм бойынша)
Шаяхметов Әдiл Шаяхметұлы
- облыс бойынша ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментiнiң бастығы (келiсiм бойынша)

5 Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң Ережесi

Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 25 желтоқсандағы
"Қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес
жөнiндегi үйлестiру кеңесi
туралы" № 259/11 қаулысымен
бекiтiлдi
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң Ережесi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады және облыстың атқарушы, құқық қорғау және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi үйлестiру мәселелерi жөнiндегi қызметтерiн ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз ету үшiн құрылды.

2 2. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен үкiметiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2 2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi

3 3. Мыналар:

1 1) облыстың атқарушы, құқық қорғау және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi қызметтерiн ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз ету, құқық тәртiбi мен заңдылықты нығайту;

2 2) облыстағы криминогендiк жағдайды талдау, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi iс-шараларды қарау және бекiту;

3

3) облыстың атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi қазақстан Республикасы заңдарын, қазақстан Республикасы Президентi мен үкiметiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерiн, басқа да нормативтiк актiлерiн орындауының жай-күйiн зерделеу;

4 4) облыстың атқарушы, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттiк органдарының облыста құқық тәртiбi мен заңдылықты қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар дайындауы Кеңестiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.

3 3. Кеңестiң функциялары

4 4. Кеңес мынадай функцияларды:

1 1) өз мәжiлiстерiнде облыс атқарушы органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi ұйымдастырудың жай-күйiн қарастыруды;

2 2) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн ұсыныс дайындауды;

3 3) өзiнiң құзыретiне жататын басқа да қызметтердi жүзеге асырады.

4 4. Кеңестiң өкiлеттiлiгi

5 5. Кеңес негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру барысында:

1 1) заңнамамен белгiленген тәртiпте атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардан жұмысқа қажеттi ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

2 2) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi ұйымдастыру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстарды әзiрлеуге;

3 3) Кеңес мәжiлiсiне материалдар дайындау үшiн облыс атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдары қызметкерлерiн (келiсiм бойынша) тартуға құқылы.

5 5. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру

6 6. Кеңес жоспарға сәйкес жұмыс iстейдi, мәжiлiстер қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кем дегенде бiр рет өткiзiледi.

7

7. Кеңес мәжiлiстерiн төраға, немесе оның тапсырмасы бойынша Кеңестiң бiр мүшесi өткiзедi және олар Кеңес мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысқан уақытта заңды деп есептеледi. Кеңес мәжiлiстерiнiң қорытындылары хаттамалармен ресiмделедi. Кеңес қажетiне қарай талқыланған мәселелер бойынша шешiм қабылдайды.

8 8. Кеңестiң шешiмдерi мәжiлiске қатысқан Кеңес мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк даусымен қабылданады.

Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып саналады.

Қолданыстағы