Кіру
Құжат мәтініне өту

О переименовании составных частей города Щучинска

Қаулы · № а-7/275 · қабылданған 21.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-184186/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О переименовании составных частей города Щучинска Қолданыста Қаулы ·№ а-7/275 ·21.07.2023
21.07.2023 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании составных частей города Щучинска

Қолданыста Қаулы ·№ а-7/275 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании составных частей города Щучинска
Атауы (қаз.)
Щучинск қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
а-7/275
Қабылданған күні
21.07.2023
Көрсетілген редакция
21.07.2023 184186_643172.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23BS007275
ЭКБ идентификаторы
184186
Редакция идентификаторы
184186_643172
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:47

0 Щучинск қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағы мен 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Щучинск қаласының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

1) Заречный 1 линия шағын ауданы Абай көшесіне;

2) Октябрьская көшесін Еркін Әуелбеков көшесіне;

3) Коммунистическая көшесін Рақымжан Қошқарбаев көшесіне;

4) Трудовая көшесін Талғат Бигелдинов көшесіне;

5) С. Разин көшесін Балуан Шолақ көшесіне;

6) Пугачев көшесін Марфуға Бектемірова көшесіне;

7) Едомский көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне;

8) Абай Құнанбаев көшесін Қылшақты көшесіне.

2. Осы бірлескен Бурабай ауданы әкімдігінің қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы