Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил признания отходов, образовавшихся в результате уничтожения товаров, непригодными для их дальнейшего коммерческого использования

Бұйрық · № 774 · қабылданған 19.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-184205/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил признания отходов, образовавшихся в результате уничтожения товаров, непригодными для их дальнейшего коммерческого использования Қолданыста Бұйрық ·№ 774 ·19.07.2023
19.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил признания отходов, образовавшихся в результате уничтожения товаров, непригодными для их дальнейшего коммерческого использования

Қолданыста Бұйрық ·№ 774 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил признания отходов, образовавшихся в результате уничтожения товаров, непригодными для их дальнейшего коммерческого использования
Атауы (қаз.)
Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
774
Қабылданған күні
19.07.2023
Көрсетілген редакция
19.07.2023 184205_643276.kaz
Соңғы өзгеріс
19.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033131
ЭКБ идентификаторы
184205
Редакция идентификаторы
184205_643276
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:49

0 Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 332-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз деп тану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз деп тану қағидалары

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 19 шілдедегі
№ 774 бұйрығымен
бекітілген
Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз деп тану қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз деп тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 332-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидалар шеңберінде мынадай қысқартулар пайдаланылады:

1 1) Комиссия – тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз деп тану мәселелері жөніндегі комиссия;

2 2) мемлекеттік кірістер органы – тауарды жою кедендік рәсімімен орналастыруды бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы.

2 2-тарау. Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі

3 3. Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз деп тану мақсатында (бұдан әрі – қалдықтар) мемлекеттік кірістер органының шешімімен Комиссия құрады.

Комиссия құрамына мемлекеттік кірістер органының, оның аумақтық бөлімшелерінің, салалық және өзге де мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және оның филиалдарының өкілдері енгізіледі.
Мемлекеттік кірістер органының өкілі Комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 (бес) адамды құрайды.

4 4. Мемлекеттік кірістер органы Комиссия мүшелеріне отырыс өткізілгенге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қазақ және орыс тілдерінде материалдарды қоса бере отырып, отырыс өткізу туралы хабарлама жіберуді қамтамасыз етеді.

5 5. Комиссия мүшелері міндетті түрде Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі және (немесе) мүмкін еместігі туралы сараптамалық қорытынды (қорытындылар) ұсынады.

6 6. Комиссия шешімі қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

Комиссияның шешімі осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген сараптамалық қорытынды (қорытындылар) ескеріле отырып қабылданады және хаттамамен ресімделеді.

7 7. Қалдықтарды одан әрі пайдалану үшін жарамсыз деп тану күні Комиссия шешімінде көрсетілген күн болып танылады.

Қолданыстағы