Об определении национального оператора в области здравоохранения, его функций и полномочий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении национального оператора в области здравоохранения, его функций и полномочий
- Атауы (қаз.)
- Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, оның функциялары мен өкілеттіктерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 136
- Қабылданған күні
- 24.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 11.11.2024 184281_729029.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033156
- ЭКБ идентификаторы
- 184281
- Редакция идентификаторы
- 184281_729029
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:46
0 Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды,
оның функциялары мен өкілеттіктерін айқындау туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 9-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамы денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі – ұлттық оператор) болып;
2 2) ұлттық оператордың функциялары:
денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша;
денсаулық сақтау объектілерін медициналық жоспарлау бойынша;
медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялардың жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын, оның ішінде қайта қолданылатын жобаларды пайдалана отырып әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыру.
медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік
амбулаториялар бойынша авторлық қадағалауды жүргізу қызметін жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысымен бекітілген «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін жобалау мен салудың барлық кезеңдерінде мониторинг жүргізу;
денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша;
денсаулық сақтау объектілерін медициналық жобалау бойынша;
3 3) ұлттық оператордың денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобалар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі өкілеттіктері айқындалсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.