Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных в области музейного дела

Бұйрық · № 194 · қабылданған 24.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-184282/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных в области музейного дела Қолданыста Бұйрық ·№ 194 ·24.07.2023
24.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных в области музейного дела

Қолданыста Бұйрық ·№ 194 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных в области музейного дела
Атауы (қаз.)
Музей саласындағы әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
194
Қабылданған күні
24.07.2023
Көрсетілген редакция
24.07.2023 184282_644920.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033157
ЭКБ идентификаторы
184282
Редакция идентификаторы
184282_644920
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:46

0 Музей саласындағы әкімшілік деректер жинауға арналған

нысанды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер» музей саласындағы әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

0 Музей саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 24 шілдедегі
№ 194 бұйрыққа
қосымша
Музей саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне ұсынылады.
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурстарда орналастырылған: www.nmrk.kz, www.gov.kz./memleket/entities.mcs.
«Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер»
Есепті кезең: 20 _ жыл
Индекс: 1-КЦ
Жиілігі: жылдық
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын 1 наурызға дейін.

п/п
Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың ата­уы және қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (ав­то­ры, мер­зі­мі, та­бы­л­ған ор­ны, жа­зу­лар, ма­те­ри­а­лы және мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың дай­ын­да­лу тех­ни­ка­сы, өл­ше­мі, ба­ға­лы ме­тал­дар мен та­стар­дан жа­сал­ған мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың жал­пы сал­ма­ғы)
Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың са­ны
Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың шиф­ры
Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың сақ­та­луы
Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың құ­ны
(тең­ге)
Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­дың фо­то­су­ре­ті
Мә­де­ни құн­ды­лық­тар сақ­та­ла­тын му­зей­дің ата­уы
1
2
3
4
5
6
7
8
БАР­ЛЫ­ҒЫ
________________________
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының
Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның
(басшының (өкілінің) қолы)
мөрдің орны (болған жағдайда)
Ескертпе: «Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер» музей саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы Нысанның қосымшасында келтірілген.
«Тұрақты сақтауға қабылданған
мәдени құндылықтар туралы
мәліметтер» музей саласындағы
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша
Музей саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер» нысанды толтыру бойынша түсініктеме

1 1. «Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер» музей саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның 1-бағанында (бұдан әрі – Нысан) реттік нөмері көрсетіледі.

2 2. Нысанның 2-бағанында мәдени құндылықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, мерзімі, табылған орны, жазулар, материалы және мәдени құндылықтардың дайындалу техникасы, өлшемі, бағалы металдар мен тастардан жасалған мәдени құндылықтардың жалпы салмағы) көрсетіледі.

3 3. Нысанның 3-бағанында мәдени құндылықтардың саны көрсетіледі.

4 4. Нысанның 4-бағанында мәдени құндылықтардың шифры көрсетіледі.

5 5. Нысанның 5-бағанында мәдени қ ұндылықтардың сақталуы көрсетіледі.

6 6. Нысанның 6-бағанында мәдени құндылықтардың құны (теңге) көрсетіледі.

7 7. Нысанның 7-бағанында мәдени құндылықтардың фотосуреті көрсетіледі.

8 8. Нысанның 8-бағанда мәдени құндылықтар сақталатын музейдің атауы көрсетіледі.

Қолданыстағы