О реорганизации отдельных республиканских государственных казенных предприятий Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации отдельных республиканских государственных казенных предприятий Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 128
- Қабылданған күні
- 03.02.2004
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI18430_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040000128_
- ЭКБ идентификаторы
- 18430
- Редакция идентификаторы
- AI18430_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:30
0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар Жарлығының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiмeті қаулы етеді:
1 1. Мыналар:
1
1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
2
2) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
3
3) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлім және ғылым министрлігінің "Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
4
4) Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігiнің "Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлім және ғылым министрлігiнің "Семей мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөлiп алу жолымен;
5
5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң "М.Х.Дулати Тараз мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны одан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Тараз мемлекеттiк педагогикалық институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын бөлiп алу жолымен қайта ұйымдастырылсын.