Құжат мәтініне өту

О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Карагандинской области

Қаулы · № 51/03 · қабылданған 27.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-184325/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Карагандинской области Қолданыста Қаулы ·№ 51/03 ·27.07.2023
27.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Карагандинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 51/03 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Карагандинской области
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
51/03
Қабылданған күні
27.07.2023
Көрсетілген редакция
27.07.2023 184325_645845.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23K0005103
ЭКБ идентификаторы
184325
Редакция идентификаторы
184325_645845
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:40

0 Қарағанды облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11–бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 19 қазандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық округіндегі Новостройка ауылы – Атамекен ауылы болып қайта аталсын.

2 2. Осакаров ауданының келесі ауылдық округтері мен ауылдарының аты қайта аталсын:

Звездный ауылдық округі – Жұлдыз ауылдық округіне;
Тельман ауылдық округі – Нияз ауылдық округіне;
Звездный ауылдық округіндегі Звездное ауылы – Жұлдыз ауылына;
Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы – Қайыңды ауылына;
Қаратомар ауылдық округіндегі Сенакосное ауылы – Қаратомар ауылына;
Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы – Қаракөл ауылына;
Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы – Жаңатоған ауылына.

3 3. Осы бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы